Тыныс алу жүйесі аурулары кезіндегі мейіргерлік үрдіс
Автор: fariza_111 • Октябрь 9, 2022 • Доклад • 341 Слов (2 Страниц) • 498 Просмотры
Тыныс алу жүйесі аурулары кезіндегі мейіргерлік үрдіс
Симптомдары: жөтел, құрғақ жөтел,дымқыл жөтел, қақырық тастайды, ентігу, кеудеде ауырсыну, интоксикациялық белгілер, дене қызуының жоғарылауы.Бронх өткізгіштігінің бұзылу синдромы Бронх өткізгіштігінің бұзылу синдромы - тыныс алу жүйесі ауруларының созылмалы және жіті ауыр ағымы кезінде, өнімді жөтелумен, өкпе эмфиземасымен жүретін синдром. Аталған синдром жиі қайталанған кезде жіті тыныс жеткіліксіздігі дамуы мүмкін. Бронх өткізгіштігінің бұзылу синдромы, көбінесе өкпе мен бронх ауруларында кездеседі - бронхтар вентиляциясының бұзылысымен жүретін жіті созылмалы обструктивті бронхиттер, бронх демікпесі. Алайда, синдром басқа да мүшелер мен жүйелер зақымданғанда (жүрек, бүйректер, жүйке және эндокриндік жүйелерде) байқалуы мүмкін. Бронх өткізгіштігінің бұзылу синдромы кезінде ауа өткізетін жолдарда бірқатар өзгерістер дамиды: бронхтар ағашының өткізгіштігі бұзылады, ол клиникалық түрде тұншығу, ауа жетпеу, қақырық нашар бөлінетін жөтел және ентігумен сипатталады.
Бронх демікпесінде бронх өткізгіштігінің бұзылуы майда бронхтардың спазмы салдарынан пайда болады, оған біртіндеп сілемейлі қабаттың гиперсекрециясы мен ісінуі қосылады. Кез келген тұншығу ұстамасының негізінде бронхоспазм, сілемейлі қабықтың ісінуі және бронх бездері секрециясының бұзылысы жатады. Созылмалы бронхит кезінде бронхтарда қайтымсыз өзгерістер дамиды: тарылуы (стеноз), бронх саңылауының деформациясы, бронх қабырғаларындағы фибропластикалық өзгерістер.Клиникалық көрінісі Науқастың шағымдары: экспираторлық ентігу, науқасқа жеңілдік әкелмейтін және қақырық қиын бөлінетін жөтел, жабысқақ қақырық. Кеуде клеткасына жалпы қарау жүргізгенде келесі өзгерістер анықталады: науқастың кеудесі кеңейген, сырқаттың созылмалы ағымында - эмфизематозды. Дауыс дірілі әлсіреген.Рентгенологиялық зерттеу кезінде сырқаттың жіті түрінде өкпе тінінің мөлдірлігі артады. Сырқаттың созылмалы түрінде эмфизема белгілері анықталады: өкпе тінінің мөлдірлігі, өкпенің төменгі шекаралары мен диафрагманың төмен түсуі.Спирографияда өкпенің экспираторлық жылдамдаған өмірлік сыйымдылығы (ӨЭЖӨС) айқын төмендейді және терең дем алғаннан кейінгі алғашқы секундта жылдам дем шығару көлемі азаяды. ӨЭЖӨС Вотчал-Тиффно әдісі бойынша анықталады. Қалыпты жағдайда өкпенің экспираторлық өмірлік сыйымдылығы өкпенің сыйымдылығының 85% құрайды.Тыныс алу жеткіліксіздігі синдромы -Бұл қанның қалыпты газды құрамын қолдау қамтамасыз етілмейтін ағзаның жағдайы немесе ол сыртқы тыныс алу және жүрек аппаратының қарқынды жұмысы арқасында қол жетіледі. Жедел тыныс жеткіліксіздігі -негізгі клиникалық көрінісі ентігу және диффузды цианоз. Солардың фонында ағзаның әртүрлі мүшелер мен жүйелер қызметінің гипоксия салдарынан дамыған бұзылу симптомдары білінеді. Жедел тыныс жеткіліксіздігі психикалық бұзылыстардың ерте пайда болуымен білінетін ми гипоксиясының жылдам өршуімен сипатталады. Мысалы кернеулі пневмоторакста науқастар кеуде тұсындағы ауырсынуды және демігуді сезінеді.
...