Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тақырыптық науқастардан анамнез жинау

Автор:   •  Май 13, 2018  •  Эссе  •  2,064 Слов (9 Страниц)  •  1,387 Просмотры

Страница 1 из 9

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік

 медицина университеті

Факультет: Жалпы медицина

Кафедра: №1 жалпы тәжірибелік дәрігер

Студенттің өзіндік жұмысы

Тақырып: Тақырыптық науқастардан анамнез жинау.

Орындалу түрі: эссе

                                                                            Орындаған: Абдуллаева У

                                                                            Тексерген:

                                                                             Группа: 505Б

                                     Ақтөбе қаласы, 2017 жыл

І.Паспорттық бөлім

Науқастың аты-жөні: Ашимов Саят Сағиұлы

Жасы: 17.01.1962ж , 55 жаста.

Қаралған күні: 23.11.2017ж

Негізгі диагноз: ЖИА. Күш түсу стенокардиясы ФК ІІ.  Инфаркттан кейінгі кардиосклероз (2010ж).  

Фондық ауру: ГА.ІІІ сатысы Артериялық гипертония ІІІ дәрежесі, қауіп ІV

 Асқынулары: Қанайналым бұзылысы ІІА.ІІ ФК.                                                      

                                                                             

II. Шағымдары: 

Негізгі: Науқас жүрегінің жиі соғуына, денеге күш түскенде, көңіл-күй күйзелісінде,тойып тамақтанғанда, салқын мен желге қарсы жүргенде пайда болатын  төс арты мен жүрек тұсының ұстамалы, 10 мин шамасында қысып ауырсынуына, ауырсынудың сол жақ  иықпен сол қолға таралуына, нитроглицериннің 1-2 таблеткасын тіл астына қабылдаған соң 4-5 мин кейін жағдайы жақсарғанын айтады және күш түскенде, горизонтальды қалыпта  инспираторлы ентігуге,түнгі ентігу ұстамаларына,оған қоса жөтелге, басының ауруына, желкесі тартып ауырғанына, жүрегі айнуына, құсуға

Қосымша: жалпы әлсіздікке, ауыз құрғауы, ұйқының бұзылуы, тез шаршағыштыққа шағымданады.

III. Қазіргі ауру тарихы (Anamnesis morbi)

   Науқас өзін  2005 жылдың 10 қаңтар айынан  бастап аурумын деп санайды. Ең алғаш рет төс артында қатты қысып ауыратын ұстама сезім  эмоционалдық  күйзелістен(әйелінің өлімінен) кейін  басталған.Ауру ұстамасы тәулігіне 5 ретке дейін болған, науқас ешқандай дәрімен ауруды баспаған және дәрігерге қаралмаған. 12 қаңтар күні науқас осы шағымдарымен жергілікті дәрігерге қаралады. ЭКГ жасалып, науқастың айтуы бойынша инфаркт алды жағдайы аныкталған. Поликлиникаға жедел жәрдем шақырылып науқас темір жол ауруханасына жеткізілген. Ауруханаға жатудан бас  тартқан. 4 күннен кейін (16 қаңтарда) жағдай күрт нашарлаған: төс артының өте күшті "қанжар тығып алған сиякты" ауырсыну болып, ауырғандық 30 мин созылып, нитроглицерин ауырғандықты тоқтата алмаған. Науқас жергілікті дәрігерге қайта қаралып, ЭКГ-да V4, aVR тіркемесінде ST аралығының изосызықтан жоғары көтерілуі және  V1-V3 тіркемелерінде патологиялық  тісшесі Q пайда болған және Тропонин Т  2,0 мкг/л көрсеткішімен жедел жәрдеммен "миокард инфарктісі" диагнозымен БСМП-ға жеткізіліп, жедел көмек алған: Омпонон 1%-1мл + димедрол 1% - 1 мл + 0,9% - 10мл NaCl ерітіндісі көк тамырға; Аспирин 325 мл жайнап жұтқан. 1 ай ауруханада, кейін 2 ай амбулаторлы  ем қабылдаған. Науқасқа капотен мен аналаприлинді 1 таблеткадан тәулігіне екі рет ертеңгісін және кешкісін тұрақты қабылдау ұсынылған. Емдеу  жүргізілгенмен  медикаментозды  емді  сақтамаған.  Инфарктан кейін  ауруда шұгыл түрде физикалық белсенділігі шектелген, мысалы: ұстамалы ауру   бір қабаттан артық биіктікке көтерілгенде, тегіс жолмен 250-300  жургенде пайда болаған.
      23 қараша физикалық жүктемеден кейін  салқын тер, кейін қатты шаншу, қысу  сезімі   жүрек аймағында пайда болып, науқас нитроглицерин таблеткасын қабылдағаннан басылмаған соң, емханаға терапевт  маманына қаралуға келген.
  

...

Скачать:   txt (20.2 Kb)   pdf (241.6 Kb)   docx (21.2 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club