Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Медициналық гельминтологияға кіріспе

Автор:   •  Сентябрь 9, 2021  •  Реферат  •  7,050 Слов (29 Страниц)  •  1,156 Просмотры

Страница 1 из 29

Шадыбек Елжас 115 ЖМ

МЕДИЦИНАЛЫҚ ГЕЛЬМИНТОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ

2020-2021 оқу жылы

Нұр-сұлтан

Кіріспе.

Медициналық гельминтологияға кіріспе

        Медициналық гельминтология – адамда паразиттік тіршілік ететін және ауру тудыратын паразиттік құрттарды зерттейтін жалпы паразитологияның бір бөлімі. Медициналық маңызы бар гельминттер жалпақ және жұмыр құрттар типіне жатады. Адамда паразиттік тіршілік ететін 250 гельминттердің түрі анықталған.

        Паразиттік құрттармен шақырылатын аурулар гельминтоздар деп аталады.

        Паразиттік құрттардың жыныстық жетілуі жүретін иесі ақырғы немесе дефинитивті иесі деп аталады. Ал құрттардың дернәсіл түрінде өмір сүретін иесі аралық иесі деп аталады.Көптеген паразиттік құрттар жетілуі кезінде иелерін ауыстыруды қажет етеді,кейде дернәсілдер және жыныстық жетілген стадиялары бір организмде тіршілік етеді.

        Биологиялық циклдер аралық иесінің қатысуымен жүретін гельминттер биогельминттер деп аталады. Егер жетілуіне тек топырақ керек болса – геогельминттер деп аталады. Био және геогельминттермен жұқтырылған адам қоршаған орта үшін жұқпалы болып табылмайды. Бірақ жұмыртқалары бөлінгеннен кейін , бірден жұқпалы болатын гельминттер болады. Мұндай гельминттер жанаспалы деп аталады. Сәйкесінше биогельминтоздар, геогельминтоздар және жанаспалы гельминтоздар болып бөлінеді.

        Паразиттік құрттармен жұқтырылу жолдары әр түрлі.

Геогельминттермен және жанаспалы гельминттермен жұқтырылу кір қолдан,жуылмаған жеміс-жидектерден және көкөністерден болады. Биогельминттер адамға қайнамаған суды ішкенде,шикі етті,балықты,шаянды жегенде жұғады. Кейбір паразиттердің дернәсілдері белсенді түрде иесінің терісі арқылы енеді.

        Гельминттер адамның барлық тінінде паразиттік тіршілік ете береді. Олар организмге токсикалық әсенр етеді, мүшелерді механикалық зақымдайды,олардың функциясын бұзады,қорытылатын заттардың және витаминдердің сіңірілуін тежейді. Аномалияның дамуын шарттайды,басқа аурудың ағымын қиындатады,кей жағдайларды өлімге әкеледі.Балаларға гельминттер физикалық және ақыл-ойының жетілуін тежейді.

        Қазақстанда көптеп кездесетін гельминттерге : Сібір сорғышы,сиыр цепені,аскорида,жалпақ лентец,эхинокок,альвеокок,ергежейлі цепен,острица,анкилостома,власоглав,трихинелла. Жеке адамдарда жұғу көрсеткіші 40-60 %-ға жетеді.

        Көптеген дәрігерлер гельминттермен шақырылған аурулармен кездестіріп жатады.

        Дұрыс диагноз қою үшін дәрігерлер гельминттердің морфологиялық қасиеттерін және даму циклын білу өте маңызды.

ТАҚЫРЫП 2.1. ЖАЛПАҚ ҚҰРТТАР ТИПІ (PLATTHELMINTHES).

СОРҒЫШТАР КЛАСЫ (TREMATODA).        СОРҒЫШТАР-АДАМ ПАРАЗИТТЕРІ.

        Паразиттік құрттар арасында сорғыштар маңызды орын алады адам және үй жануарлар трематодозаларын қоздырушы.Дүние жүзінде 200млн-дай адам тек қан сорғышымен жұқтырылған.

        Қазақстанда көп таралған құрттардың бірі сібір сорғышы.Описторхоз табиғи-ошақты қасиетке ие. Табиғи-ошақты описторхоз солтүстік аймақта жиі кездеседі,бұл аймақта жұқтырылу 10% құрайды.

        Адамның сорғыштармен жұқтыру жолы, дамуы дәрігерлер үшін диагностикада және емдеу, алдын алу үшін өте маңызды.

Жалпақ құрттар типі ұйымдасуының жалпы сипаттамасы.

Жалпақ құрттар типіне мына қасиеттер тән:

1.Үшқабаттылық- туылған кезінде дамуына 3 жапырақша-эктодема,мезодерма,энтодермалар.

2.Дене жабындысы тері бұлшықетті қабық.

3.Дене қуысы ішкі бөлімі паренхемамен толтырылған.

4.Билатериалды симметриалды дене

5.Денесі дорзо-вентральді бағытқа оратылған.

6.Асқорыту, жыныс, жүйке жүйелері көрсетілген.

Сорғыштар класы (Trematoda)

Сорғыштардың 3000-ға жуық түрі белгілі.

Сорғыш құрттар көлемі кішкентай, бөлшектенбеген, жапырақ тәрізді денесі бар, сырты кері бұлшықетті жамылғыменн қапталған.

...

Скачать:   txt (104.5 Kb)   pdf (1 Mb)   docx (877.2 Kb)  
Продолжить читать еще 28 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club