Жұқпалы аурулардың алдын-алудағы медициналық шаралар
Автор: jalgasbaeva • Октябрь 28, 2018 • Реферат • 1,391 Слов (6 Страниц) • 1,804 Просмотры
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН-АЛУ ШАРАЛАРЫ МЕН КҮРЕСУ ЖОЛДАРЫ
Жұқпалы аурулардың алдын-алудағы жетістіктер ең бірінші кезекте осы мақсатты орындау барысындағы жалпы мемлекет тарапынан жүргізілетін жұқпалы аурулардың алдын-алу шараларына тығыз байланысты. Өйткені жұқпалы және т.б. аурулардың алдын алу мақсатын бүкіл халық жұмыла кіріскенде ғана ойдағыдай жүзеге асыруға болады. Осы орайда мемлекеттік, санитарлық қадағалаудағы негізгі міндеттер басты рөл атқарады. Олар: санитарлық-гигиеналық және індетке қарсы шаралар, қоршаған ортаның тазалығын сақтау, жұмыс орны мен үй жағдайында жұқпалы аурулардың туындамауына қолайлы жағдайлар туғызу және демалыс орындарында халықтың демалуын дұрыс ұйымдастыра білу. Індетке қарсы жұмыстар жұқпалы аурулар пайда болғанда, ал алдын алу жұмыстары аурудың шығу-шықпауына қарамай күнделікті, әрі әр уақытта да міндетті түрде жүргізілуі қажет. Ең бастысы – жұқпалы аурулардың алдын алудағы атқарылатын шаралар жалпы мемлекеттік сипат алады. Ол халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге, қарқынды түрде тұрғын үй салуға бағытталған. Сонымен қатар қалаларды, ауылдық жерлерді санитарлық-коммуналдық жағынан жабдықтаумен, ең алдымен халықты таза ауыз сумен қамтамасыз етумен, лас су ағатын жүйелерді салумен және тұрғын жерлерді қоқыстан тазартумен жүйелі түрде айналысу керек.
Жұқпалы аурулардың алдын-алудағы медициналық шаралар
Жүйелі түрде су көздерін қадағалау (суды бактериологиялық, химиялық зерттеу), суды тазалауды, хлорлануын тексеру, су көздерінде, суды тазалау орындарында санитарлық жағдайдың сақталуын қадағалау.
Тағамдардың сапасын, тамақ өнеркәсіп орындарының санитарлық жағдайын, балалар мекемелерінің, ауруханалардың жағдайын санитарлық, бактериологиялық жағынан тексеру. Көліктер мен үйлердің жағдайын дұрыс жолға қою. Лас сулар жүйесінің тазалығын тексеру. Дәретханалар мен көпшілік қолданылатын жерлерді зарарсыздандыру. Шыбын-шіркейді, бүргелерді, битті, масаны жою. Алдын-ала егу жұмыстарын жоспарлы түрде жүргізу. Басқа елдерден жұқпалы аурулардың енуіне жол бермеу.
Эпидемиологиялық процесс
Эпидемиология-жұқпалы аурулардың пайда болуы, оның халық арасында таралуы және алдын-алуымен күресу заңдылықтары жайындағы ғылым. Эпидемиологиялық процесс дегеніміз жұқпалы аурулар қоздырғышының халық арасында таралуы болып табылады. Жұқпалы аурулар қоздырғыштарының таралуы бір-біріне байланысты болып келеді. Олар 3 тармақтан тұрады:
1. Аурудың көзі.
2. Қоздырғыштың таралу механизмі немесе таралу жолдары.
3. Ауруды жұқтыратын халық (адам).
Ауру көзі: Ол – ауру адам, қоздырғыш тасымалдаушылар, ауру мал, құстар, кеміргіштер.
Қоздырғыштың таралу механизмі: Ауыз-нәжіс арқылы, ауа-сілекей тамшылар арқылы, қан сорғыштар арқылы, қарым-қатынас арқылы.
Ауруды жұқтыратын – қабылдайтын халық, бұл тармақ халықтың әлеуметтік жағдайына, жасына, мәдени әдеттеріне, тағамның түріне және иммунитеттің жағдайна тығыз байланысты болады.
Эпидемиологиялық ошақ деп – аурудың көзі табылған жерді және ауру тарай алатындай аумақты қамтитын территорияны айтамыз.
Эпидемиологиялық процесстің 3 тармағына қарсы шаралар:
1. Ауру көзін оңашалау, науқасқа жедел көмек көрсету. Ауру малдардың, құстардың, кеміргіштердің көзін жою. СЭҚ- орындарына жедел хабар беру.
2. Жұқпалы аурулардың таралу жолына қарсы жүргізілетін шаралар:
Олар: жалпы санитарлық шаралар және дезинфекция-зарарсыздандыру, дезинсекция және дератизация жұмыстарын жүргізу.
Дезинфекция- зарарсыздандыру, сыртқы ортадағы қоздырғыштардың көзін жою. Дезинфекция алдын-алу және ошақты болып 2-ге бөлінеді.
Алдын-алу дезинфекциясы: Аурудың бар жоғына байланысты емес, сондықтан күнделікті жүргізіледі. Ал оған жататындар: бөлмелерді желдету, ылғалды тазалау, тамақ ішер алдында қолды жуу, суды тазалау, хлорлау, сүтті пастерлеу, қайнату, тағамдарды консервілеу, қоздырғыш тасымалдаушылармен жұмыс жүргізу жіне т.б.
...