Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ишемиялык инсульттен кейiнгi мейiргерлiк кyтiм және әлеуметтiк бейiмделудi дамыту

Автор:   •  Декабрь 15, 2023  •  Дипломная работа  •  8,239 Слов (33 Страниц)  •  115 Просмотры

Страница 1 из 33

Шымкент қ. ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжі» МКК

 «Қорғауға жіберілген»

_______________ Бөлім меңгерушісі_______________Ташкенбаева Б.Т.  

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: «ИШЕМИЯЛЫҚ ИНСУЛЬТТЕН КЕЙІНГІ МЕЙІРГЕРЛІК КҮТІМ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕЛУДІ ДАМЫТУ»

Мамандығы: 0302000 «Мейіргер ісі»

Біліктілігі: 0302054 «Мейіргер ісінің  қолданбалы бакалавры»

Орындаған: Балтабай Талшыбық Темірәліқызы

Ғылыми жетекшісі: Орынбай А.А.

Шымкент 2022


МАЗМҰНЫ

Нормативтік сілтемелер

3

Анықтамалар

4

Белгілер мен қысқартулар

5

1

Кіріспе

6

2

Негізгі бөлім

8

2.1

Зерттеудің теориялық бөлігі

8

2.2

Зерттеу әдістері мен материалдары

24

3

Қорытынды

36

4

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

38


НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Берілген дипломдық жұмыста  қолданылған келесі негізгі нормативті құжаттық сілтемелер қолданылды:

1.Қазақстан Республикасында неврологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 19 қазандағы № 809 бұйрығы.

2. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 982 қаулысы.


АНЫҚТАМАЛАР

Берілген дипломдық жұмыста қолданылған негізгі анықтамалар:

Инсульт - ми қанайналымының жіті бұзылысы, яғни ми қантамырларының бірінің үзілуі, түйілуі немесе тығындалуы.

Геморрагиялық инсульт  - бұл артериялық гипертонияның асқынуы болып табылады. Жоғары қысымды көтере алмаған қан тамыры жарылады да, қан ми заттегіне келіп түседі.

Ишемиялық инсульт - бұл жағдайда тамыр өз қабырғасының тұтастығын сақтап қалады, алайда қанның ағымы тромбымен түйілуіне немесе тығындалуына байланысты тоқтап қалады.


БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

ЕПМ-Емдік профилактикалық мекеме

БШ- Бартел шкаласы

ҚРДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министрлігі

ИИ- Ишемиялық инсульт

ГИ- Геморрагиялық инсульт

МК-Мейірбикелік күтім

МҚ- Медициналық қызметкер

ӨС – Өмір сапасы

ОШ – Оңалту шаралары


КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі.         Мидың тамырлы зақымдануы әлемнің көптеген елдерінде халық өлімінің жиі кездесетін себебі болып табылады.    Дүниежүзілік неврологиялық аурулар қауымдастығының федерациясының мәлімдеуінше әлемде жыл сайын 15 млн. инсульт  тіркеледі екен.   Жыл сайын Қазақстан Республикасында 51 000 нан  аса инсульт орын алады - бұл ауру  бүкіл дүние жүзі бойынша тұрғындардың өлім-жітімінің басты себепшісінің бірі болып отыр.  Инсультке ұшыраған науқастардың 75%  айықпас мүгедек болып қалады. Инсульттің нәтижесінде науқастардың қимыл-қозғалысында бұзылыстар пайда болып және когнитивті бұзылыстар кезінде науқастың тұрмыс сапасы төмендейді., адамдардың 80% мүгедек болып қалады, олардың өлімі 35% - ға жетеді. Инсульттан кейін мүгедектікке алғашқы шығу 10 000 тұрғынға шаққанда 3,2 құрайды, ал бұрын жұмыс істегендердің 20% - дан астамы еңбекке қайтарылады. Цереброваскулярлық аурулар салдарынан мүгедектер халық арасындағы мүгедектердің жалпы контингентінің құрылымында 9,8% - ды құрайды.  Ишемиялық инсульттің үлес салмағы 79,8% - ды, миішілік қан құйылу - 16,8% - ды, субарахноидальды қан құйылулар-3,4% - ды құрады. Бірінші жыл ішінде қайталанған инсульт пациенттердің 5-25% - ында, үш жыл ішінде - орта есеппен 18% - да, бес жыл ішінде-пациенттердің 20-40% - ында дамиды.

...

Скачать:   txt (127.8 Kb)   pdf (576.7 Kb)   docx (465.7 Kb)  
Продолжить читать еще 32 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club