Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті дамыту
Автор: qazwsxedcrtyuiop • Июнь 13, 2023 • Курсовая работа • 5,684 Слов (23 Страниц) • 319 Просмотры
Торайғыров университет Жоғары колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті дамыту
Мамандығы: Менеджмент
Топ М-31-9
Пән: Кәсіпорын экономикасы
Оқушының аты, жөні: Төлеухан А.Т.
Жетекшінің аты, жөні: Акжолова С.Б
_____________
(Подпись руководителя)
ПАВЛОДАР, 2022 жыл.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ | 3 | |
1 | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ | 5 |
1.1 | Қазақстан Республикасының шағын және орта бизнесінің статистикасы | 8 |
1.2 | Шағын және орта бизнесінің жағымды және жағымсыз жақтары | 14 |
2 | ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ | 17 |
2.1 | Проммашкомплект Жауапкершілігі шектеулі серіктестік | 21 |
2.2 | Проммашкомплекті қолдау шаралары | 23 |
3 | ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕТСІ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ | 27 |
ҚОРЫТЫНДЫ | 30 | |
ҚОЛДАНЫЛҒАН ДЕРЕККӨЗДЕР ТІЗІМІ | 32 | |
ҚОСЫМША |
КІРІСПЕ
Қазіргі кезде шағын және орта бизнесі дамыту аса өзекті мәселе болып келеді. Еліміздің болашаққа қойған мақсаттарының бірінде шағын және орта бизнесінті айтарлықтай бір деңгейге жеткізу болып табылады. Шағын және орта бизнес - қазіргі қоғамдастықтың қаржылық қалыптасуының негізгі элементтерінің бірі.
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Соңғы жылдары шағын және орта бизнес Қазақстан Республикасының экономикасындағы ролі артып келе жатыр. Жұмыстың өзектілігі әртүрлі аспектідегі проблемаларды және оларды шешу жолдарын зерттеумен анықталады.
Зерттеудің негізгі мазмұндық мақсаты – шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың, дамытудың теориялық және әдістемелік негіздерін жасау. Қойылған мақсатқа сәйкес келесі негізгі міндеттер қойылды:
- Қазақстан экономикасын мемлекеттік реттеудің сипаттамасын;
- шағын және орта бизнесті қаржылық қолдауды кешенді ұйымдастыру схемасын әзірлеу;
- шағын және орта бизнес субъектілерімен қаржы-несие жүйесінің өзара байланысын одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу, шағын кәсіпкерлікті несиелеу мәселелерін тиімдірек шешуге мүмкіндік беру, сондай-ақ осы процестерге қаржыландырудың қосымша және баламалы көздерін тарту.
Бұл ғылыми жұмыстың теориялық маңыздылығы қазіргі жағдайда өте жоғары. Сондай – ақ бұл бітіру жұмысныда тәжірибелік маңыздылығы да бар. Оның тәжірибелік маңыздылығы қазіргі таңдағы шағын және орта бизнестің қамтуындағы проблемалармен қиындықтарды шешу жолдарының шынайы өмірге, жүзеге асырулары бойынша рекомендацияларды ұсынумен анықталады.
Зерттеу пәні болып қаржы-несие жүйесінің жеке буындарының шаруашылық жүргізуші субъектілермен өзара әрекеттесу процесінде туындайтын экономикалық қатынастар табылады.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізіне отандық ғалым-экономистер мен шетелдік зерттеушілердің еңбектері, Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік актілері алынды.
Зерттеудің ақпараттық базасы Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің материалдары болды. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын кәсіпкерлікті қолдау агенттігі. Сыртқы істер министрлігі, шағын кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ ресми мерзімді басылымдарда жарияланған материалдар.
...