Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жоғарғы тыныс жолдарының обтурациясы

Автор:   •  Октябрь 27, 2021  •  Эссе  •  288 Слов (2 Страниц)  •  752 Просмотры

Страница 1 из 2

Эссе :"Жоғарғы тыныс жолдарының обтурациясы".

Жоғарғы тыныс жолдарының бітелуі трахея, жұтқыншақ немесе көмей бітелген кезде пайда болады, бұл тыныс алуды едәуір қиындатады.  Дененің осындай күйінің пайда болуы шұғыл медициналық көмекті қажет етеді. Жоғарғы тыныс жолдары ауа өткізумен қатар, оны шаң-тозаңнан тазалау, жылыту, су буымен қанықтыру, иіс сезімі (мұрын), дыбыс шығару (көмекей) қызметтерін атқарады.
Жоғарғы тыныс жолдарының бітелуі бұл аймаққа тамақ бөлшектері немесе бөгде заттар енген кезде пайда болады.  Химиялық заттардан немесе түтіннен күйік, ауыр аллергиялық реакциялар, бактериялық немесе вирустық инфекциялар, ісіктер, жарақаттар немесе іріңдіктер де осы жағдайды тудырады.Тыныс алу жолында қалған бөгде заттар олардың толық бітелуіне және асфиксияның дамуына әкеледі. Асфикция- қанда оттек жетіспеушілігінен көмірқышқыл газының көбеюінен болатын адам өміріне қауіпті патологиялық жағдай. Көбінесе балаларда тыныс жолдарының бөгде денелері байқалады.Тыныс жолдары бітелген кезде : ауа жетіспеушілігімен тыныс алу  қиындайды, беттің цианозы, көкжөтел,дауыстың қарлығуы, балаларда көздері жасаурау  пайда болады .Жоғары тыныс жолдарының бітелуі толық немесе жартылай болады.Егер тыныс жолдары жартылай бітелсе жөтеледі,тынысы шулы және сөйлегенде дауысы қырылдап шығады. Ал егер  толық бітелуі болса жөтелмейді сөйлей алмайды, дем ала алмайды. Біз бұны ажырату үшін егер науқас тұншығып қалса дем ала алатынын сұрау қажет.Егер бөгде  зат жұтқыншақта тұрса - корнцанг немесе саусақпен алу  әдісін қолданамыз.
Бөгде зат кеңірдекте , көмейде , бронхтарда болса – науқастың есі ауыспаған жағдайда , жоғары тыныс алу жолдарынан бөгде затты , науқастың арқасынан ұрып немесе абдоминальдық - диафрагмалық сығып - сығып қалу Геймлих әдісі  әдісімен шыгарып жіберуге тырысу . Бұл әдістерді демді ішке терең алған сәтте  жасау керек . Нәтиже болмаган жағдайда - коникотомия жасау қажem.

...

Скачать:   txt (3.9 Kb)   pdf (53.8 Kb)   docx (7.7 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club