Дисперсті жүйелер.Жіктелуі және қасиеттері. Медицинадағы электрофоретикалық зерттеу әдістері
Автор: aidanabsv • Ноябрь 7, 2018 • Реферат • 2,815 Слов (12 Страниц) • 3,012 Просмотры
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
БИОХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ.
СӨЖ
Тақырып: Дисперсті жүйелер.Жіктелуі және қасиеттері. Медицинадағы электрофоретикалық зерттеу әдістері.
Орындаған: Нұғманова І.Т.
Топ:ЖМФ-128
Тексерген: Абленова А.Т
2018 жыл
1. Қарастырылатын сұрақтар:
1. Гомогендік және гетерогендік термодинамикалық жүйелер. Фаза.
2. Дисперсті жүйелердің дисперсті фаза бөлшектерінің көлемі бойынша жіктелуі.
3. Дисперсті жүйелердің дисперсті фазасы мен дисперсиялық ортасының агрегаттық күйі мен өзара әрекеттесуі бойынша жіктелуі.
4. Коллоидтық жүйелерді алу және тазарту.
5. Гидрофобты золь мицеласының құрылысы.
6. Коллоидтық ерітінділердің қасиеттері. Лиозолоьдердің тұрақтылығы. Зольдердің коагуляциясы. Коллоидтық қорғау.
7. Диализ. Электродиализ. Электрофорез. Электроосмос.
8. Коллоидтық ерітінділердің қолданылуы және олардың ағзадағы ролі.
2. Жағдайлық есептер:
№1. Күміс иодидінің золі күміс нитратымен AgNO3 тұрақталған. Мицелланың формуласын жазып, грануланы және оның зарядын көрсетіңдер.
№2. Күміс нитраты мен натрий хлоридінің артық мөлшері әрекеттескенде түзілген золь мицелласының формуласын жазыңдар. Потенциал туғызатын иондарды, диффузиялық қабатты, қарсы иондарды көрсетіңдер.
№3. Күміс иодидінің золі күміс нитраты мен калий иодидінің артық мөлшері әрекеттескенде алынған КI + AgNO3 = AgI + КNO3. Золь мицелласының формуласын жазыңдар. Золь K2SO4 немесе Ca(CH3COO)2 қосқанда қайсысының әсерінен коагуляцияландыру әсері күштірек болады?
№4. Стабилизатор ретінде алюминий хлориді болғандағы Al(OH)3 гидрозоль мицелласының формуласын жазыңдар. Осы зольді теріс зарядталған Fe4[Fe(CN)6]3 золімен араластырғанда қандай құбылыс байқалады?
№5. Медицинада антисептик ретінде қолданылатын күміс оксидінің гидрозолі күміс нитратының AgNO3 артық мөлшері мен калий гидроксиді әрекеттенгенде алынады:
2AgNO3 + 2КОН = Ag2О + 2КNO3 + Н2О
Ag2О мицелласының формуласын жазыңдар.
1. Гомогендік және гетерогендік термодинамикалық жүйелер. Фаза.
Молекулалық физиканың басты тарауының бірі- термодинамика.
Термодинамика ХIХ ғасырдың бірінші жартысында енді ғана дами бастаған жылу техникасының теориялық негізі ретінде пайда болды. Оның бастапқы мақсатының бірі жылу двигательдерінде жылудың механикалық жұмысқа айналуын зерттеу болды. Кейінірек термодинамиканың зерттеу пәнінің ауқымы кеңіді де, материя қозғалысының жылулық формасының бір түрден екінші түрге айналуын, жылудың бір денеден екіншіге берілуін, осы кездегі физикалық процесті тексерді.
Уақыт өзгергенмен термодинамикалық жүйенің күйі, яғни оны сипаттайтын параметрлер тұрақты болса, оны термодинамикалық тепе-теңдік деп атайды.
Бұған мысал ретінде су буланғанда одан ұшып шығатын молекулалар мен будың, конденсацияланған кезде суға қайтып келетін молекулаларының санының тең болуын айтуға болады. Бұл термодинамикалық тепе-теңдікті динамикалық теңдік деп атайды.
Термодинамикалық жүйе деп бір-бірімен механикалық және жылулық процесс түрінде әсерлесіп зат алмасатын материалдық нүктелер (сол сияқты өрістер) жиынтығын айтады.
...