Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Болашақ мамандардың интеллектуалды әлеуетін дамыту – ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің негізі

Автор:   •  Сентябрь 15, 2021  •  Реферат  •  2,745 Слов (11 Страниц)  •  827 Просмотры

Страница 1 из 11

МЕББМ Қазақстан-Ресей                                                                                                                                            НУО Казахстанско Российский[pic 1]

Медициналық университеті                                                                               Медицинский университет

Семинар №15

Тақырыбы: Болашақ мамандардың интеллектуалды әлеуетін дамыту – ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің негізі

                                                                Орындаған: Бағыбай А.Т

                                                                Тексерген :  Оразхан Т.О

                                                       Факультет: Стоматология

                                    Группа: 202-А

                                                     

Алматы 2021 жыл

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Интеллектуалды ұлт - 2020» ұлттық бағдарламасының тарихи маңыздылығы. «Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық жобасының мақсаты – жаңа тұрпатты қазақстандықтарды тәрбиелеу және Қазақстанды бәсекеге қабілетті адам капиталы бар елге айналдыру, ұлттың интеллектуалдық әлеуетін дамыту және ол жобаның мемлекетті стратегиялық тұрғыдан дамыту бағыты үш құрамдас бөліктен тұрады: білім беру жүйесін инновациялық даму жолына түсіру; қуатты ақпараттық революция, яғни ақпараттық инновациялық технологиялар паркін қалыптастыру; жастарға рухани тәлім-тәрбие беру.

    Сонымен бірге ұлттық жобаның негізгі идеясы жаңа тұрпатты азаматты тәрбиелеу және Қазақстанды бәсекеге қабілетті адами капиталы қалыптасқан мемлекет деңгейіне жеткізумен байланысты. Қазақстан Республикасы Президентінің интеллектуалды ұлтты қалыптастыру міндеті өте маңызды және тереңірек ұғынуды қажет етеді, себебі ол Қазақстанның бәсекеге қабілетті экономикасын құру, әлемнің бәсекеге қабілетті дамыған 30 елінің қатарына Қазақстанның енуі үшін негізгі бағдар болып саналады. Елбасының бағдарламалық еңбектерінде көрсетілгендей, білім жүйесін инновациялық технологиялармен жабдықтау, білімнің халықаралық стандартын меңгеру, сапалы білім беруге қол жеткізу, қоғам сұранысына жауап беретін білікті маман, интеллектуалды дамыған, шығармашылықпен жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының кәсіпкер азаматтарын даярлау отандық білім саясатының негізгі ұстанымын айқындайды.

    «Қазақ елі - Мәңгілік ел» идеясы интеллектуалды ұлтты қалыптастыру ұлттық жобасымен, ұлттың интеллектуалды әлеуетін қалыптастырумен тікелей байланысты. «Интеллектуалды ұлт-2020» жобасында Елбасының бүкіл халықтың алдына қойған негізгі идеясы экономиканы дамыту, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, рухы жоғары білімді тұлғаны қалыптастыру арқылы қоғамды дамытуды көздейді. Бүгінгі қоғамның алдында рухы күшті тұлға, халық, қуатты мемлекетті қалыптастыру мәселесі тұр. Осы тұрғыда тұлғаны қалыптастыруда үздіксіз білім беру жүйесінің, бәсекеге қабілетті интеллектуалды тұлға қалыптастыруда ұстаздың орны ерекше. Егемен еліміздің елдігі мен бірлігі ұстаз тәрбиелеген жас ұрпақтың рухының биіктігінде, біліктілігі мен білімінде екені қоғамдағы даму үдерісі көрсетіп отыр.

    Қазақстанның экономикалық өркендеуінің, саяси және индустриалды-инновациялық дамуының маңызды ресурсы адам капиталы құндылығымен өзекті болып табылады.

    Ұлттың интеллектуалды әлеуеті мемлекеттің әлемдік экономикалық және әлеуметтік кеңістікте бәсекеге қабілеттілігінің анықтаушы факторы болып табылады. Оның мәні еліміздің тиімді әлеуметтік-экономикалық дамуына қажетті жаңа білімдерді игеруге негіз болатын тұлғаның шығармашылық қабілеттері және кәсіби-мамандық, біліктілік деңгейлері арқылы ашылады. Қазақстанның бәсекеге қабілетті мемлекет, ұлт, ел болуында адам капиталы сапасының артуы ұлттық интеллектінің белсенділігінен, шоғырлануынан бастау алмақ.

...

Скачать:   txt (35.5 Kb)   pdf (145.6 Kb)   docx (23.3 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club