Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін дамыту жолдары

Автор:   •  Октябрь 13, 2023  •  Реферат  •  721 Слов (3 Страниц)  •  139 Просмотры

Страница 1 из 3

БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім үшін қажетті жағдайларды жасау, жеке адамның шығармашылық, рухани және күш қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ойөрісін байыту» деп атап көрсетілген. Аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін қазіргі таңда оқытудың жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалану секілді мәселелерді анықтап алу, білім беру жүйесіндегі басты ұстаным болып отыр. Қазіргі таңда білім беруді жетілдіру мақсатында құзыреттілік жайында көбірек айтылып жүр. Сондықтан, білім берудің негізгі мақсаты – өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру болып табылады.

Болашақ маман иесінің кәсіби құзырлылық деңгейі жайында айтпастан бұрын, алдымен құзіреттілік сөзінің мәніне тоқталайық. Құзіреттілік – күнделікті өмірдің нақты жағдайларында пайда болатын мәселелер мен міндеттерді тиімді түрде шешуге мүмкіндік беретін қабілеттілік. «Құзыреттілік» терминіне алғаш анықтама беріп, лингвистикаға енгізген американдық ғалым Н.Хомский. Оның ойынша, құзыреттілік термині грамматика білімдеріне негізделеді. Құзырлылықтың категориялық мәнін лингвистикалық тұрғыда түсіну үшін аударма сөздіктердегі түсініктерге талдау жасаймыз. Қазақша-орысша сөздікте құзыр «компетенция» деп аударылып, бұл іс сіздің құзырыңызда деген түсіндірме беріледі.

С.И.Ожегов сөздігінде бұл ұғымдар төмендегідей екі түрлі мағынада беріледі:

1)Кімнің болмаса да, жақсы хабардар болған сұрақтар төңірегі;

2) Қандай-да біреулердің билігі, құқы, құзырлы: 1). Бір сұрақтар төңірегіне жинақтаушы; 2) Бір нәрселерді шешу құқы бар.

Методикалық терминдер сөздігінде «Құзыреттілік» (латынның competentis – бейім сөзінен шыққан) – қандай да бір оқу пәнін оқыту үрдісінде қалыптасқан білім, білік, дағдылар жиынтығы, сонымен қатар, қандай да бір қызметті орындай алу қабілеттілігі-делінген. Жалпы алғанда, құзыреттілік дегеніміз – жеке тұлғаның белгілі бір мәселені шешудегі өзара байланысты білім, білік дағдыларының жиынтығы және адамның жеке өзінің іс-әрекет, қызмет саласына сай құзыреттерді меңгеруі. Шығармашылық жұмыстар жүргізу арқылы оқу пәніне деген мотивациясын дамыта отырып, оқушы әлемдегі өзгерістер мен жаңалықты қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей байланыс жасай алатын, өзінің жеке ойлау мүмкіншілігі бар дара тұлғаға айналады. Ал мұғалімнің негізгі мақсаты – осы қажеттіліктерді тұлғаның санасына жеткізе алуында. Педагогика саласын зерттеуші Т.Г.Браже «Құзырлылық – тек кәсіби білім ғана емес, ол тұлғаның мәдениетімен шығармашылық әлеуетін дамыту қабілеті» деп тұжырымдаған. Мұндай пікірлерден кейін қазіргі білім талабын қанағаттандыру үшін, мұғалім жоғары мәдениетті, терең адамгершілікті, құндылық пен сенімділік жүйесінің қалыптастыратын, өз оқушыларының шығармашылық мүмкіндіктерін дамытатын, жаңалыққа іс-әрекетімен қабілеттілік танытатын, өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыратын, кәсіби белсенді құзырлы мұғалім қалыптастыру қажет. Болашақ мұғалімнің кәсіби құзырлылық деңгейін көтеруде, Т.А. Горюнова және Н.Ш. Королева кәсіби құзырлылықтың 3 негізгі құрамдас бөлігін атап көрсетеді:

...

Скачать:   txt (10.8 Kb)   pdf (79.7 Kb)   docx (9.7 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club