Бауыр циррозы, белсенді фазасы
Автор: Shah.zod • Сентябрь 27, 2021 • История болезни • 2,301 Слов (10 Страниц) • 1,565 Просмотры
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Шымкент медицина институты
« Жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру » факультеті
Ауру тарихы
Науқас: Искаков Еркін Сауевич 02.03.1966 жыл
Клиникалық диагноз: Клиникалық диагноз : Бауыр циррозы, белсенді фазасы
Асқынулар : Спленомегалии, портальді гипертензия.Бауыр жетиспеушілігі
Орындаған: Алибаев .Д.
ЖДП-725
Тексерген: Абдухалыков.А.
Шымкент 2021 жыл
Паспорттық бөлім
Т.А.Ж: Искаков Еркін Сауевич
Жынысы: ер
Туылған күні: 02.03.1966 жыл (49) жас
Ұлты: Қазақ
Мекен жайы: шымкент қаласы , жангельдина 5а
Жұмыс орны: Жұмыссыз, 2 топ Мүгедегі.
Түскен күні: 15.09.21жыл 12 :20
Жіберген ұйым: №4 Емхана
Ауруханада жатқан күндер саны:
Ауруханадан шыққан күні:
Жолдаған ұйымның диагнозы: Бауыр циррозы
Алғашқы диагноз: Екіншілік билиярлы цирроз
Соңғы клиникалық диагнозы: Бауыр циррозы. Аралас формасында,асқыну фазасында.Чайльд Пью бойынша ауырлық классының В6 классына жатады. Портальды гипертензия. Асцит. Бауыр жетіспеушілігі.
Науқастың шағымдары:
Науқас жалпы әлсіздікке,шаршағыштыққа,эпигастральды аймағындағы ауырсыну, оң жақ қабырға асты шаншу. Ұйқысының бұзылуы, Тәбетінің төмендеуіне шағымданады.
Anamnesis morbi
1998 жылы Вирусты гепатит В басынан өткізген. Науқастың айтуы бойынша бір жыл бұрын терісінің сарғайғаны, асцит, склерасының жастануы, мұрнынан қан кету байкалған.Стационарда емделген. Науқаста алғаш рет бауыр циирозы анықталған. осыған дейін бірнеше рет гастраэнтеролог консультациясында болған және бірнеше рет ем қабылдаған.Сонғы үш апта ішінде науқастың жағдайы күрт төмендеп ауруы өрши бастайды. Тамақтан кейін эпигастральды аймақта ауырсыну, құсу сезімі байқалған.Дәрігерге шағымданған және тексеруден өткен.Анализін тексеру нәтижесінде дәрігер ОКБ –ға бағыттама жіберген. Науқас онда бірнеше рет ем қабылдаған. Ешқандай нәтиже болмаған. Ауру сезімі күшейіп, асцит болған.
ОКБ 23,12,2020 Гастроэнтеролог қабылдауында болып портал арқылы гастроэнтерология бөліміне жіберілген.
Анамнез vitae
Жұқпалы ауруларды, туберкулезді, тері-венерологиялы ауруларды жоққа шығарады. Басынан өткізген аурулары: Созылмалы калькулезды емес холлецистит, Созылмалы Гастрит. Бауыр циррозы. Аралас формасында,асқыну фазасында.Чайльд Пью бойынша ауырлық классының В6 классына жатады. Портальды гипертензия. Асцит. Бауыр жетіспеушілігі.
Зиянды әдеттері: Шылым шегеді.
Аллергиялық анамнезі: теріс
Тұқымқуалаушылық аурулары: тіркелмеген.
Обьективті жағдайы: Науқастың жалпы жағдайы орташа қанағаттанарлық . Есі анық, қойылған сұрақтарға дұрыс ұзақ ойланып жауап береді. Төсектегі қалпы мәжбүрлі . Дене бітімі нормостеникалық.Тері жамылғысы мен шырышты қабаттары таза,құрғақ, сарғайған. Тері асты шел май қабаты нашар дамыған. Перифериялық және қабақтың айналасында ісіну байқалмайды.Жалпы бет аймағында ісінулер жоқ. Перифериялық лимфа түйіндері пальпацияланбайды.Көз аймағында қараю ошақтары көрінбейді.
Тірек-қимыл жүйесі:
Сүйек – буын жүйесі қалыпты дамыған, соғуда ауырсынусыз, деформациясыз, буындарының белсенді және белсенсіз қозғалысы шектелмеген. Омыртқа жотасы қисаймаған. Бас формасы қалыпты, ауыз, мұрын, құлақта ақау жоқ.
Тыныс – алу жүйесі.
Объективті: Тынысы алуы еркін, мұрын арқылы. Кеуде қуысы пішіні нормостениялық. Тыныс алу актісіне өкпенің екі бөлігі бірдей симметриялы қатысады. Тыныс алу түрі – құрсақтық. Тыныс алу жиілігі минутына 22 рет, тыныс алуы қалыпты.
Пальпацияда: кеуде қуысы серпімді, ауырсынусыз. Дауыс дірілі бір қалыпты, өкпенің барлық бөлігінде бірдей өзгермеген, симметтриялы.
...