Биологиялық белсенді заттардың рецепторлармен әректтесуі
Автор: dauletova.22 • Март 26, 2018 • Реферат • 1,367 Слов (6 Страниц) • 1,338 Просмотры
Биологиялық белсенді заттардың рецепторлармен әректтесуі. Байланыс типтері, ұқсастықтары, ішкі активтілік.рецепторлы жүйенің типі
1937 жылы А. Кларк рецепторлармен байланысқан заттар массалар әрекеттесу және дәрі-рецептор әрекеттесуі ковалентті байланыспен сипатталады деп айтты. Ковалентті байланыстар кейбір жағдайларда ғана түзілуі мүмкін, мұндай әрекеттесулер басқа қосылыстарды қосқанда айырмашылықтары болмайды, әлсіз байланыстарды түзуге бейім болады. Барлық ковалентті байланыс мысалдары белгілі. Мысалы, пенициллиндер цитоплазмалық мембрана бактериялардың мембраналық-байланыс транспептизациясына әсер етіп ацилдеу жолымен β-лактам сақинасының ашылуы жүреді:
[pic 1]
Ковалентті байланыспен байланысқан қалпына келмейтін эффектілер, ацетилхолинэстеразға фосфорорганикалық қосылыстардың әрекеттесуі кезінде байқалады. Алайда , рецепция үшін координационды байланыс, ион-ионды және ион-дипольды әрекеттесу, сутектік және Ван-дер Ваальс байланыстары, зарядтардың алмасуымен түзілетін комплекстердің түзілуіне шартталған әлсіз байланыстар маңызды болып табылады. Мұндай байланыстардың энергиясы шамамен 5 ккал/моль, ковалентті байланыстікі 50 ккал/моль. Түсінікті болуы үшін байланыс типтерінің схемалары төменде көрсетілген:
[pic 2]
[pic 3]
Биологиялық белсенді заттардың (медиаторлар, гормондар, токсиндер, және де вирустар) жасушалармен ақуызды комплекстер түзеді. Биологиялық белсенді заттардың рецепторларына жоғары спецификалық (тану қабілеті) және биологиялық белсенді заттармен жасушалардың байланысуынан кейінгі эффекторлы механизмін иницирлеу қабілеті (мысалы, медиаторлар әсерінен постсинаптикалық мембраналардың конформациялық қасиетінің өзгеруі немесе гормонрецепторлы комплекс түзілу кезінде ішкі жасушалар ферментінің белсенділігінің өзгеруі). Биологиялық белсенді заттардың антагонистары сәйкес рецепторлармен байланысады, бірақ сәйкес биологиялық эффекттер тудырмайды.
Дәрілік заттардың көпшілігін шығаратын фармакодинамика жүйке импульсын тасымалдау, немесе гормондар , витаминдер, аминқышқылдары, метаболиттер және т.б. болып табылатын биологиялық белсенді заттарға әсер етеді.
Көптеген дәрілік заттар организмдерде ББЗ-мен әрекеттесу үшін болатын рецепторлардың белсенділігін өзгерте алады (цитоплазмалық мембрана компоненттері, ішкі жасушалық құрылымдар, соның ішінде ферменттер, құрылымды ақуыздар және т.б.). Әрбір эндогенді ББЗ үшін спецификалық рецепторлар өмір сүреді. Дәрілер бұл эндогендік заттар үшін деңгейі бойынша ұқсас болуы мүмкін (құрылымы бойынша, молекула бөліктерінің кеңістіктік орналасуы бойынша). Олардың структуралық аналогы немесе құрылымы бойынша ұқсайтын заттар сәйкес рецепторлармен әрекеттесуі мүмкін. Құрылымы бойынша ұқсамайтын дәрілік заттар да рецепторлармен әрекеттесе алады, бірақ эндогенді ББЗ-мен реакциясын тоқтатады.
Дәрілер, мысалы, мембраналы жасушалар бетінде болатын нағыз рецепторлармен байланысқа түспеуі де мүмкін, ал рецепторлармен қоршалған оның басқа компоненттерімен байланысады. Осының нәтижесінде рецепторлар ББЗ үшін сәйкес келетіндей мембраналар компонентінің кеңістіктік орналасуы өзгеруі мүмкін. Нәтижесінде ББЗ-мен рецепторлардың не сенсибилизациясы (сезімталдықтың өзгеруі), не десенситизациясы (сезімталдығының төмендеуі) туындайды. Мұндай жағдайда дәрі рецепторларға емес , мембрананың басқа бөліктеріне әсер етеді, бұл эффектті аллостериялық деп аталады.
ББЗ үшін рецепторлар мембрана жасушаларының бетінде және де жасуша ішінде, сонымен қатар цитоплазмада орналасуы мүмкін.
Дәрілік қоспалардың , ББЗ-дың, жасуша мембраналарының бетінде немесе ішкі жасушада орналасқан рецепторлармен әрекеттесуі жасуша белсенділігі үшін сигналдың пайда болуына алып келеді. Айтып кеткендей әр ББЗ үшін өзінің рецепторлары болады. Бірақ пайда болған сигналға жасушалардың реакциясы , әдетте ішкі жасушалардың қатысушылары көмегімен дамиды және ББЗ-дың сапасына қарай бірдей болуы мүмкін.
...