Бауыр циррозы
Автор: Aigera311 • Апрель 11, 2022 • История болезни • 327 Слов (2 Страниц) • 494 Просмотры
Коммерциалдық емес акционерлік қоғам
«Қарағанды медицина университеті»
Ішкі аурулар кафедрасы
Бауыр циррозы
Орындаған:
6-006 топтың ЖТД интерні
А. С Илесова
Тексерген:
к.м.н, профессор А.М .Жусупова
Клиникалық жағдай
Құжаттық бөлім :
Т.А.Ж: Каналина Дияра Анатольевна
Туған жылы: 12.11.1972 ( 49 жаста)
Жұмыс орны: жұмыссыз
Мекен-жайы: Комиссарова 14-58
Шағымы: жалпы әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, оң жақ қабырға астының ауырсынуы, Дене температурасының шамалы көтерілуіне, Қан аралас құсық пайда болуына, табан ісінгене шағымданады.
Ауру анамнезі:
1998 жылы вирусты гепатит В басынан өткізген, науқастың айтуы бойынша 1 жыл бұрын терісінің сарғаюы, асцит, склерасының жастануы, мұрнынан қан кету байқалған. Стационарда емделген. Науқаста алғаш рет бауыр циррозы анықталған. Осыған дейін бірнеше рет гастроэнтеролог Консультациясында болған және бірнеше рет ем қабылданған. Соңғы 3 апта ішінде науқастың жағдайы күрт нашарлап ауруы өрши бастайды. Тамақтан кейін эпигастральді аймақта ауырсыну, құсу сезімі байқалған. Дәрігерге шағымданған және тексеруден өткен. Аналин тексеру нәтижесінде дәрігер ОКБ-ға бағыттама жіберген. Науқас онда бірнеше рет ем қабылдаған. Ешқандай нәтиже болмаған. Ауру сезімі күшейіп, асцит болған.
Өмір анамнезі:
Жұқпалы аурулармен, туберкулезбен және венерологиялық аурулармен ауырмаған. Басынан өткен аурулары: созылмалы калькулезді емес ххолецистит, созылмалыгастрит, бауыр цирроз. Аралас формасында, асқыну фазасында. Чайлд Пью бойынша ауырлық классының В6 классына жатады. Портальды гипертензия. Асцит. Бауыр жетіспеушілігі. Зиянды әдеттері: шылым шегеді. Аллергоанамнез: теріс.
Объективті мәртебе деректері:
Жалпы жағдайы орташа қанағаттанарлық. Есі анық, қойылған сұрақтарға дұрыс ұзақ ойланып жауап береді. Төсектегі қалпы мәжбүрлі. Дене бітімі нормостеникалық. Тері жамылғысы мен шырышты қабаттары таза, құрғақ, сарғайған. Тері асты шел майы қабаты нашар дамыған. Перифериялық және қабақтың айналасында ісіну байқалмайды. Жалпы бет аймағында ісінулер жоқ. Перифериялық лимфа түйіндері пальпацияланбайды. Көз аймағында қараю ошақтары көрінбейді. Тыныс алуы еркін. ТАЖ 22.
...