Жаратылыстанудың ғылым мен мәдениет системасындағы орны
Автор: aimekenreisova • Октябрь 28, 2023 • Лекция • 1,116 Слов (5 Страниц) • 170 Просмотры
№ 6-дәріс
Жаратылыстанудың ғылым мен мәдениет системасындағы орны
Мақсаты: экология ғылымының ең басты мақсаты - биосфера шегіндегі ғаламдык проблемаларды бақылай отырып ондағы тіршіліктің тұрақ-тылығын сақтау. Адам, қоғам, табиғат арасындағы карым-катынас-тарды үйлсстіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды адамьш-нооэкологиялық тұрғыдан негіздеу.
Дәрістің жоспары:
I. Ғылым – дүниетану процесінің нәтижесі.
II. Ғылыми дүниетанудың ерекшеліктері мен құрылысы.
III. Ғылыми танымның әдіс-тәсілдері.
IV. Ғылым ұғымының классификациясы
Кілттік сөздер: ғылым, дүниетану, ғылыми білім жүйесі, ғылыми таным, экономикалық ғылым, техникалық ғылым, гуманитарлық ғылым.
Иллюстрациялық материал: слайдтар
I. Ғылым дегеніміз адамның шындық дүние жайлы қызметінің арнайы бір жүйеге келтірілген идеалдық системасы.Демек, ғылыми дүние тану қызметінің басты мақсаты шындық жайлы ақиқат білімге қол жеткізу екен. Өндірістік іс-әрекетке қолданып, практикалық қызметі ілгері дамыту, жетілдіру үшін, барған сайын шындық дүние заттары мен құбылыстарын өз мүддесіне сәйкес меңгеру үшін қажет. Бұл ғылымның өндіргіш күш ретіндегі қоғамдық-әлеуметтік қызметі болып саналады. Ғылымның 2-ші бір қызметі- мәдени дүниеге көзқарастық қызметі.
Сөйтіп, ғылым, жалпы алғанда, дүниетану процесі болып табылады.Бірақ, ол жай күнделікті таным процесі болып табылады. Ол- теориялық білімдер жүйесі. Теориялық білімдер жүйесінің бастамасын салған Ертедегі Греция елі деп саналады. 2-сурет.Ғылым-дүниетану процесі
Ғылыми білімнің негізгілері мыналар:
1.\ ғылыми білім жүйелі , содай-ақ оны басқа білімдерден логикалық жолмен қорытып шығаруға болады;
2\. Ғылыми білімнің объектісі тікелей шындық дүние заттары мен құбылыстары емес, идеялық объектілер,яғни олардың ойдағы бейнелері ;
3\. Ғылыми білімнің мазмұны оны танып білуші адамның мақсат-мүддесіне тәуелсіз,объективтік ақиқат болуы тиіс;
4\. Ғылым қайталанушы құбылыстарды ғана зерттейді, заттар мен құбылыстарға тән заңдылықтарды іздейді.
II. Ғылымның күрделі творчестволық іс деп саналуының бір себебі сол, онда тәжірибеден теорияға көшетін жол жоқ. Оның ғылыми жолы- салыстыру, абстракциялау, жалпылау, талдау, синтездеу сияқты әдіс- тәсілдерді қолдану арқылы іске асатын таным жолы.
Ғылыми танымның құрылысына келсек, жүйелі түрде ұйымдасқан,.Ғылыми білімнің негізгі элементтері мыналар:
а\ дәл анықталған фактілер;
ә\ бір топ фактлердің жиынтығына қолданылатын жинақтаушы заңдылқтар;
б\ шындық дүниенің құбылыстарын түсіндіретін теориялар;
в\ бүкіл шындық дүниенің жинақталған бейнесі болып табылатын дүниенің ғылыми көрінісі.
[pic 1]
III. Ғылыми танымның аталған деңгейлерінің зерттеу объектілері бойынша айырмашылықтар бар. Танымның тәжірибелік деңгейлерінде зерттеудің табиғат пен қоғам құбылыстары мен заттары болса, ал теория тек идеяландырылған объектілермен \ материалдық нүкте, идеалды газ, абсолютті қатты дене\ жұмыс істейді.
Эмприкалық деңгейде қолданылатын негізгі әдістер: бақылау, баяндау, сипаттау, өлшеу, эксперимент т.б. Ал теория болса, аксиомалық әдісті, системалық, құрылымдық талдау, математикалық моделін жасау әдістерін пайдалануға тырысады.
Ғылымның басқа қоғамдық сана формаларынан \діннен, өнерден,.\ басты айырмашылығы сол, онда жаңа білімді қорытып шығарудың әдіс-тәсілдері,ғылыми әдіс шешуші роль атқарады.Ғылыми білімнің даму тарихы бұл пікірді толық растайды. 17ғ. классикалық жаратылыстанудың туу дәуірінде, ағылшын ғалымы Ф.Бэкон мен француз ғалымы Р.Декарт ғылымды дамытудың бір-біріне қарама-қарсы екі методологиялық программасын: эмпириктік \индукция\ және дедукциялық әдістерін тұжырымдады.
...