Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Заманауи карта құрастырудың ғылым мен адам өміріндегі рөлі

Автор:   •  Март 19, 2022  •  Доклад  •  362 Слов (2 Страниц)  •  267 Просмотры

Страница 1 из 2

       Заманауи карта құрастырудың ғылым мен адам өміріндегі рөлі

Адам баласының білім-ғылымға деген, өмір сүріп жатқан ортаны зерттеуге деген қызығушылығы пайда болған кезеңнен бастап карта қолданылып келеді. Ежелгі заманда саяхатшылар картаны белгілі бір нысанды, өздері барған жерлерді картаға түсірген болса, бүгінгі таңда карта күнделікті өмір жағдайларында, ғылыми зерттеу жұмыстары барысында немесе арнайы картаға мамандандырылған орындарда кеңінен қолданылады. Мысалы ежелгі заманда карта тек құрлық үсті нысандарды жоғалтып алмас үшін қолданылып келсе,  заманауи  картаның  дамығаны  соншалық  - ғарыш пен әуе орталықтарында қызмет атқаруда. Замануи картаның қолдану аясы өте кең әрі ол ғылым мен адам өмірінде үлкен рөл атқарады. Ең алдымен өзіміз күнделікті пайдаланатын «2GIS» электронды карта қосымшасын алып қарасақ оның адам өміріндегі рөлі барлығымызға белгілі. Осы карта арқылы адамдар біріншіден уақытын үнемдейді, екіншіден баратын нысанына жобалап емес, жылдам әрі нақты тауып бара алады. Сонымен қатар бұрын соңды болып көрмеген саяхатқа шыққан кезде де картаны білу әрі оны қолдана алу адам үшін маңызды. Адам өміріндегі картаның маңызы  тек үлкен аумақтармен ғана шектелініп қалмайды. Мысалы барлығымыз білетін «MEGA» сауда-орталығының өзінен кірген бойы ең алдымен оның  картасын байқаймыз. Сол картаның көмегімен өзімізге керекті дүкенді сауда орталығын толық айналып шықпай-ақ тауып аламыз.

 Ал ғылым аясында картаның алар орны тіптен бөлек. Білімнің дамуы мен картаның түрлі салалармен байланысы оның қолдануы аясын әлдеқайда кеңейтті. Зерттеушілер өздеріне керекті объектті зерттеу үшін, жер бедерін анықтау үшін, географиялық орнын дәлме-дәл көру үшін, білім саласында жер шарымен толық танысу мен оқушылардың ойында визуалды түрде жер шары туралы түсінік қалыптастыру үшін , әскери мақсатта ел аумағын қорғау үшін де карта қолданылады екен. Заманауи картаның ғылыми ең үлкен жетістіктерінің бірі – ол электронды карталар. Олардың қағаз нұсқадан айырмашылығы–кез-келген жергілікті жер туралы жинақталған ақпараттарды нақты, түрлі дәрежеде өңдеуге, кейбір ақпарттарға жаңа өзгертулер енгізуге, есептеулер жүргізу сияқты мүмкіндіктер береді.

...

Скачать:   txt (4.9 Kb)   pdf (56.1 Kb)   docx (8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club