Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Эксгусмация түсінігі мен ғылыми-теориялық негіздемесі

Автор:   •  Май 28, 2018  •  Дипломная работа  •  25,994 Слов (104 Страниц)  •  982 Просмотры

Страница 1 из 104

КІРІСПЕ

Зерттеу мәселесінің өзектілігі. Марқұм болып, бақилыққа аттанған адамды жер бесікке бөлеу - рухани мәдениетіміздің, төл менталитетіміздің баға жетпес кұндылығының айқын белгісі. Марқұмның жатқан жері қайтыс болған адамның туған - туыстары, ағайындары үшін киеліге саналып, ерекше мәні бөлек қасиетті тәжім ету орнына айналады. Дүние салған адамдардың жерленген жерлерін - мәңгілік мекенін қорлау, мазақ кылу кез келген халық үшін шектен тыс шыққан ауыр қылмыс ретінде бағаланады.

Бірақ, акиқатты анықтау мақсатында қылмыстарды ашу, қылмыскерді әшкерлеу және қайтыс болған адамның ақ адал атын ақтау ниетінде, әділдікті орнату үшін марқұм болған адамның тыныштығын бұзуға бағытталған, мәйітті жерленген жерінен қазып алу әрекеті - амалсыз қажеттіліктен туындайтын іс.  Қылмыстық іс жүргізуде аталған іс-әрекет - эксгумация деп аталады.

Эксгумация, басқа тергеу әрекеттерімен салыстырғанда, өзінің орындалу жағынан күрделілігімен қатар, қылмыстық істе маңызды орын алатын арнайы мәселелерді шешудегі мүмкіндігінің молдығымен ерекшеленеді [1, 46б.].            

Ғылыми маңыздылығы. Заң әдебиеттерінде эксгумацияның процессуалдық және ұйымдастырушылық аспектілері, күні бүгінге дейін кешенді түрде әліде болса толығымен ашылмаған. Жарық көрген қолда бар ғылыми еңбектерде, эксгумация арналған көкейкесті мәселелерінің белгілі бір бөлігі ғана қаралған және оларда мазмұндалған деректер мен ұсынымдар теориялық және тәжірибелік қажеттілікті канағатандырарлықтай емес.

Бұл орайда аталмыш тергеу әрекетінің процессуалдық тұрғыдағы кейбір сұрақтары, оның қылмыстық іс жүргізу заңнамасында жеке тергеу әрекеті ретінде дербестілігі толықтай анықталмағандығын және қажетті шартты нормаларының бір қатар ескіргендігімен түсіндіріледі. Айталық қолданыстағы Қазақстан Республикасының ҚІЖК-де эксгумация бөлек баппен (225-бап) көрсетіліп, тергеулік қарауға арналған 28-тарауға енгізілген. Соның салдарынан кейбір тәжірибе жүзінде кызметкерлер эксгумацияны тергеулік қараудың бір түрі ретінде қабылдап, қылмыстық іс-жүргізуде эксгумацияны тергеулік қарау тергеу әрекетінің құрылымды элементі деп біледі. Ал көптеген ғалымдар эксгумацияны басқа тергеу әрекеттерінің, оның ішінде тергеулік қараудың жүргізілуіне камтамасыз етуге жататын ұйымдастырушылық шара ретінде карастырған.

Дегенімен де, жоғарыда  атап кеткен сұрактардың жекелеген аспек-тілерін шешуде белгілі бір дәрежеде оң қабақпен қараған ілгері басушылык байқалуда. Айталық, бұрынғы ҚазССР қылмыстық іс-жүргізу кодексінде эксгумацияны тергеулік қарау тергеу әрекетіне арналған бапта жол-жөнекей ғана аталып өтілсе, 2015 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінде эксгумация тергеулік қарау тергеу әрекетімен бір тарауға енгізілсе де, бөлек баппен көрсетілген, соған байла-нысты эксгумация бөлек тергеу әрекеті мәртебесіне ие болып отыр. Осыған байланысты алдын-ала тергеудегі эксгумация сұрақтарын теориялык және тәжірибелік тұрғыда карастыруға шынайы мүмкіндік бар.

Сонымен қатар эксгумацияға қатысты процессуалдық аспектілер отандық заң ғылымы саласында казіргі көзге дейін, оның теориялық сипаттағы мәнді сұрақтар шеңберінде кешенді қарастырылып, зерделеніп, зерттелінбеген. Ал бұл сұрақтардың жекелеген бөліктері қарастырылған еңбектерде эксгумация тергеу әрекетіне тиісті деңгейде көңіл бөлінбей, ғылыми тұрғыда талқыланбаған және олардың көбісі бұрынғы кеңестік және ресейлік заңнамаға негізделген.

Жоғарыда келтірілген уәждердің барлығы эксгумацияға қатысты процессуалдық шарттарын айқындайтын оқулықты әзірлеуге себепші болды.

Берілген дипломдық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 225 – бабында бекітілген эксгумациялау үшін негіздерге заңдық талдау жүргізу, бұл норманы қолданудың тиімділігін арттыру жолдарын қарастыру. Дипломдық жұмыстың мақсаты болып мәйітті жерленген жерінен қазып алудың жалпы ұғымын саралау,  тергеу әрекеттері жүйесіндегі эксгумацияның ғылыми-теориялық негіздемесін зерттеу, тергеулік эксгумацияның қылмыстарды тергеуде алатын орны мен эксгумацияға қатысушы тұлғалар болып табылады.

...

Скачать:   txt (300.1 Kb)   pdf (768.2 Kb)   docx (97.5 Kb)  
Продолжить читать еще 103 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club