Кәдімгі амебаның және қабыршақты амебалардың құрлысы
Автор: alima45 • Октябрь 6, 2022 • Лабораторная работа • 3,700 Слов (15 Страниц) • 361 Просмотры
Зертханалық сабақтардың жоспарлары және орындаудың нұсқаулығы
№ 1 жұмыс
Тақырыбы: Кәдімгі амебаның және қабыршақты амебалардың құрлысы.
Систематикалық орны
Бір клеткалы жануарлар - Protozoa
Тип Саркомастигофоралар – Sarcomastigophora
Класс Жалған аяқтылар - Sarcodina
Класс тармағы Тамыр аяқтылар - Rhizopoda
Отряд Амебалар - Amoebina
Өкілі Кәдімгі амеба – Amoeba proteus
Отряд Қабыршақты амебалар - Testacea
Өкілдері: Арцелла sp. , Диффлюгия
Отряд фораминифералар - Poraminifera
Өкілдері: Бір және көп камералы фораминифералар.
Мақсаты: Кәдімгі амебаны мысалға ала отырып, құрылысы қарапайым жалған аяқтылар класына тән ерекшеліктерді анықтау.
Тапсырма: Амебаның дене пішінімен танысып, қозғалысын бақылау. Цитоплазманың жіктелуіне назар аудару. Жиырылғыш және асқорыту вакуольдерінің пайда болуын бақылау. Эктоплазманы және эндоплазманы салыстырып. Олардың бір- бірінен айырмашылықтарын анықтаңдар. Қабыршақты құрылысымен танысу. Фораминифералардың жәй және күрделі қабыршақтарын микроскоппен қарау.
Жабдықтар:Таблицалар: қарапайымдардың систематикасы, амебаның құрлысы, дизентерия амебасының даму циклінің схемасы. Лабораторияда өсірілген амебалар.заттық және жабын әйнектер, пипеткалар. Амебаның тұрақты препараты. Қабыршақты амебалардың тұрақты препараттары.
Жұмыстың барысы: Уақытша препарат жасап, амебаны тауып, оны микроскоптың әр түрлі ұлғайтқыштарымен қарау. Амебаның қозғалуын, қоректенуін бақылау. Ядросын боялған тұрақты препараттан табу: Экто- және эндоплазманы ажыратып, оларды салыстырыңдар. Көпіршік тәрізді асқорытувакуольдерін және жиырылғыш вакуольдерін табыңдар. Амебаның суретін сызып, онда эктоплазманы, эндоплазманы, жалған аяқтарды, ядроны, асқорыту және жиырылғыш вакуольдерін көрсетіңдер.
Дизентерия амебасының даму циклімен таблица арқылы танысыңдар.
Қабыршақты амебалардың құрлысымен танысып, арцелланың және диффлюгияның схемалық суретін сызыңдар.
Қайталауға арналған сұрақтар.
- Бір клеткалы жануарлардың қандай типтерін білесіңдер?
- Қарапайымдардың құрлысының көп клеткалы жануарлардың жеке клеткасымен ұқсастығы неде?
- Қарапайымдардың қозғалу органеллаларын атаңдар?
- Жалаңаш амебалар мен қабыршақты амебалардың ұқсастық белгілері мен айырмашылықтары қандай?
- Амебаның, диффлюгияның, фораминифераның денесіне сұйық заттар қалай енеді және олар қандай жолмен қоректенеді?
- Цистаға қоршалудың қандай биологиялық маңызы бар?
- Жалаңаш және қабыршақты амебалар қалай көбейеді?
- Фораминифералар қалай көбейеді?
- Жалған аяқтыларды неге ең төменгі сатыдағы қарапйымдарға жатқызады?
№ 2 жұмыс
Тақырыбы: Жасыл эвгленаны мысалға ала отырып, талшықтылардың құрлысы және тіршілік циклімен танысу.
Систематикалық орны
Бір клеткалы жануарлар - Protozoa
Тип Саркомастигофоралар - Sarcomastigophora
Класс Талшықтылар - Mastigophora
Класс тармағы Өсімдік тектес талшықтылар – Phytomastigina
Отряд Эвгленалар - Euglenoidea
Өкілі Жасыл эвглена – Euglena viridis
Отряд Фитомонадылар - Phytomonadina
Өкілі Вольвокс – Volvox globator
Класс тармағы Жануар тектес талшықтылар – Zoomastigina
Отряд Кинетопластидтер - Kinetoplastida
Өкілі Трипаносома – Trypanosoma
Өкілі Лейшмания (Leishmania)
Мақсаты: Еркін тіршілік ететін талшықтылардың өсімдіктермен ұқсастығын анықтау. Талшықтылардың колониялы және паразиттік тіршілік ететін формаларымен танысу.
Тапсырма: Эвгленаның дене пішінімен және қозғалу тәсілімен танысу. Микроскоппен қарап, оның қоректену, қозғалу және қысымды реттейтін органеллаларын ажырату. Цитоплазманың экто- және эндоплазмаға жіктелуіне назар аудару. Вольвокстың колониясымен танысу. Колониядағы соматикалық және генеративтік клеткаларды ажырату.Трипанозоманың құрлысымен танысу.
...