Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бауырымен жорғалаушылар класы- Reptilia

Автор:   •  Март 9, 2023  •  Лекция  •  1,445 Слов (6 Страниц)  •  241 Просмотры

Страница 1 из 6

ЗООЛОГИЯ

Лекция № 12

Тақырып: Бауырымен жорғалаушылар класы- Reptilia.

Рептилилер таскөмiр дәуiрiнiң екiншi жартысында стегоцефалға туыс күрделi қосмекендiлерден келiп шыққан. Эволюциялық ұзақ даму барысында амфибиилерге қарағанда активтi тiршiлiк ететiн рептилилер, құстар, сүтқоректiлер жоғары сатыдағы омыртқаларға жатады. Жоғары сатыдағы омыртқалардың ұрықтануы iште болады. Бұлардың эмбриональдық дамуындағы бiр ерекшелiгi ерекше ұрық қабының пайда болуы. Сүтқоректiлерде ұрық қабы, яғни, бала жататын орынды плацента дейдi. Ол эмбрион мен аналық организмдi байланыстырады. Бұл ұрық қабының аминотикалық деп аталуына орай, жоғары сатыдағы омыртқалылар амниота деп аталған. Ал төменгi сатыдағы омыртқалыларда ұрық қабы пайда болмайды, сондықтан оларды анамниялар деп атайды.

          Жалпы сипаттамасы.  Құрылысы: Рептилилердiң басы тұлғасымен қозғалмалы байланысқан. Мойын пайда болған. тұлғасы ұзын, көпшiлiгiнiң құйрықтары да ұзын, аяқтары да жақсы жетiлген. Ал кейбiр кесiрткелерде, барлық жыландарда аяқтары жойылған. Денесi сыртынан эктодермальдi мүйiзденген қабыршақпен қапталған. Оның маңызы дененi құрғап кетуден және әртүрлi механикалық зақымданудан сақтайды. Бұл мүйiзденген қабыршақ түлеп отырады. Қазiргi рептилилердiң терiсiнде бездер болмайды, денесi қүрғақ келедi. Аздап болса да терi бездерi жас крокодилдерде кездеседi, ал жыландарда тек нүсқасы ғана болады. Сыртқы көрiнiсiнiң реңi сан алуан болады.

Нерв жүйесi. Рептилилердiң нерв жүйесi амфибиилерге қарағанда жақсы жетiлген. Алдыңғы миы үлкен болады. Ми жарты шарлары үлкендеу, бiрақ мидың сұр затынан тұратын ми қыртысы әлi де жақсы жетiлмеген, сондықтанда алдыңғы мидың көп бөлiгi жолақты бөлiктен тұрады. Аралық және ортаңғы мидың құрылысы да күрделене түскен. Мишық өте жақсы дамыған. Басқа да жоғарғы сатыдағы омыртқалылардiкi сияқты бауырмен жорғалаушылардың сопақша миы вертикаль бағытта айқын иiн жасайды. Жұлыны ұзын болып, күрделi құрылған.

Сезiм мүшелерi.  Рептилилерде (жыландар мен т.б. түрлерiнен басєа) жақсы жетiлген амфибилилерге қарағанда. Көздерi қозғалмалы, оларда қасаң қабағы мен қоса жынықтау жарғағы болады. Кейбiр өкiлдерiнде жарықты қабылдайтын аралық мимен байланысты келген төбе мүшесi болады. Бұлардың есту мүшелерi амфибилердiкi  сияқты iшкi және ортаңғы құлақтан тұрады. Ортаңғы құлақта бiр ғана үзеңгi сүйегi бар. Жарғақты лабиринт иiрiмдерi жiктелiңкiреген, оның iшiнде мүйiз тәрiздi иiрiмдерi болады. Ауыз iшiндегi тамақтың иiсiн айыратын якобсонов деген мүшесi болады. Иiс айыруда тiлдiң қызметi өте зор. Көпшiлiгiнде дaм сезу нашар жетiлген.

  •         Қаңқасы.  Ми сауыты толық сүйектенген. Иiс бoлiмiндегi шемiршектер сүйектенбей, сол шемiршектi күйiнде қалады. Ми сауытының төбесi мынадай жұп сүйектерден тұрады: маңдай алды, мұрын, маңдай және маңдай арты, төбе және бiр төбе аралық сүйектерден қyралған. Ми сауытының бүйiр жақтары бiр жақаралық, екi жоғары жақ, көз үстi, бет және бұдыр беттi сүйектерден қалыптасады. Омыртқа жотасы қозғалмалы болып 5 бөлiктен тyрады: мойын, арқа, бел, сегiзкөз, құйрық. Рептилилердiң мойын омыртқасы амфибилерге қарағанда көп, ал кесiрткеде сегiз болады. Бұлардың бiрiншi омыртқасын ауыз омыртқа, екiншiсiн-эпистрофея деп атайды. Бел-көкiрек бөлiмiнiң омыртқаларына қабырғалар бекидi, алдыңғы бес омыртқаның қабырғалары төс сүйегiне барып жалғасып, көкiрек қуысы пайда болады. Жыландарда төс сүйегi болмайды, яғни, көкiрек қуысы жоқ. Кесiрткеде төс шемiршектен тұрады. Сегiзкөз екi омыртқадан тұрады, құйрығы ондаған омыртқадан тұрады. Аяқ сүйектерi амфибиге қарағанда жақсы жетiлген. Иық белдеуi үш сүйектен тұрады: Тоқпан жiлiктiң басы енiп тұратын шұңқыры бар каракоид болады. Каракоид төспен байланысады, алдыңғы ұшында бұғана жатады. Жауырыны да бар. Жамбас белдеуi мықын, шондамай, шап сүйектерiнен тұрады.
  •         Бұлшықет жүйесi.  Амфибилерге қарағанда жақсы жетiлген. Оны бастарының, мойындарының, көкiрек клеткаларының  жақсы қозғалысынан көруге болады. Аяқ бұлшықеттерi  де, саусақтарының бүгiлiп жазылуы да жақсы жетiлген.
  •         Қан айналу жүйесi. Жүрегi амфибилердiкi сияқты үш камералы, бiрақ қарыншаларының арасындағы пердесi толық болмайды. Сондықтан да рептилилердiң қарыншасында аралас қан болады. Ал крокодильдердiң қарыншаларының аралығындағы  пердесi толық жетiлiп, қарыншаны оң және сол бөлiктерге бөлiп тұрады, яғни, бұларда жүрек төрт камералы деген сөз. Өкпеден келетiн артерия қаны сол жақ құлақшаға құяды. Ал барлық дене бөлiмдерiнен жиналатын вена қаны оң жақ құлақшаға құяды. Одан ары қан екi құлақшадан да қарыншаға құйылады. Қарыншасындағы пердесiнiң толық болмауына байланысты, қарыншасында қан аздап аралас болады, амфибилерге қарағанда. артериальдық конусы болмайды және де артерия қан тамыры қарыншадан шағады. Оң жақ қарыншадан јкпе артериясы шығып, өкпеге вена қанын апарады. Бұрынғы үшiншi жұп желбезек қан тамыры жойылған. Екiншi жұп қан тамыры екi қолқа доғасынан тұрады: оң жақ қолқа доғасы қарыншаның сол бөлiгiнен басталып артерия қанын алып шығады, ал сол қолқа доғасы қарыншаның оң бөлiмiнен басталып аралас қанды алып кетедi. Қолқаның оң жақ доғасынан ұйқы артериясы (бұрынғы бiрiншi жұп желбезек қантамырлары) шығып, басты таза артерия қанымен қамтамасыз етедi. Қолқаның екi доғасы бiр қолқаға бiрiгiп, көптеген артерияларға тарамдалады. Сонымен бiрге рептилилердiң көкбауыры немесе талағы болады.
  •         Тыныс алу жүйесi.  Рептилилер тек өкпемен тыныс алады. Терiсiнде мүйiздi қабыршақтарының болуына байланысты тыныс алуға қатыспайды. өкпелерi қапшық тәрiздi болып және оның iшкi бетiнде өкпелiк тыныс алу беттiгiн ұлғайтатын көпсанды қатпарлы мен перделерi болады. Ауа танау тесiктерiнен өтiп, хоандары арқылы ауыз қуысына келiп, сосын көмекей арқылы ұзын кеңiрдекке өтедi. Кеңiрдек екi бронхаға тарамдалып, өкпеге жалғасады.
  •         Зәр шығару жүйесi. Рептилилердiң зәр шығару мүшесi ересектерiнiң жамбас бүйректерiнен тұрады. Дене бүйректерi ұрық жұмыртқадан шыққан соң бiраз уақытқа шейiн жұмыс iстейдi. Жамбас бүйрегiнен бүйректiң зәр шығару түтiгi кетедi. Оң және сол зәр шығару түтiктерi клоаканың арқа жағынан ашылады, ал құрсақ жағында клоакаға қуық ашылады. Крокодилдердiң, кесiрткелердің және жыландардың кейбiр түрлерiнiң қуығы жетiлмеген. Олардың зәр заты несеп қышқылынан тұрады.
  •         Ас қорыту жүйесi. Ас қорыту жүйесi ауыз қуысынан басталады. Көпшiлiк рептилилердiң тiлдерi мен тiстерi жақсы дамыған. Тiлдерiнiң формасы түрлiше болады. Жыландар мен кесiрткелердiң көпшiлiгiнiң тiлдерiнiң ұшы екi айыр, әрi жiңiшке болады. Ал, хамелеондардың тiлiнiң ұшы жалпақ келедi.Тiлдердiң бұлай болып келуi қоректiк заттарды ұстау тәсiлiмен пайдалану тәсiлiне байланысты. Көптеген рептилилерде тiс болады. Крокодилдiң тiстерi альвеолға орналасқан. Тасбақалардың тiстерi болмайды, ал жақтары мүйiзденiп келген. әсiресе, омыртқалы жануарлармен қоректенетiн жыртқыштардың жұтқыншағы, өңешi, қарыны жақсы жетiлген. Аш iшегi ұзын болады, ал тоқ iшегi қысқа келiп клоакамен аяқталады. Бауырында өт болады. Өт жолы да, ұйқы безi де он екi елi iшектiң iшiне иiне орналасєан. Ал аш iшек пен тоқ iшектiң қосылған жерiнде соқыр iшектiң нұсқасы болады. Тек шөппен азықтанатын тасбақалардың соқыр iшегi жақсы жетiлген.
  •         Көбеюi. Аталықтарының көбею мүшелерi: дөңгелек пiшiндi екi тұєым безiнен, екi тұқым безi өсiндiлерiнен және екi тұқым жолдарынан, клоака қабырғаларынан дамыған шағылыс мүшесiнен тұрады. Ал аналық жыныс жүйесi: жұп жұмыртқа безiнен, клоакаға жеке тесiктер болып ашылатын жұп жұмыртқа жолдарынан тұрады. Рептилилердiң ұрықтануы тек iште болады. Ұрық аналықтың клоакасына аталықтың шағылысу мүшесi арқылы кiргiзiледi. Жыландар мен кесiрткелердiң кейбiр түрлерiнiң аналықтары партеногенез жолымен көбейедi.
  •         Дамуы. Дамуы - тура, рептилилерде личинка болмайды. Ұрықтанған жұмыртєаларын рептилилер топыраққа, тас немесе жапырақ астына т.б. жерлерге салады. Яғни, жұмыртқалары судан тыс құрлықта дамиды. Рептилилердiң кейбiр түрлерiнiң зиготасының дамуы аналықтарның жыныс жолдарында болады және де дамыған жұмыртқадан сыртқа бiрден ересек рептилилерге ұқсас жас жәндiктер шығады. Бұны жұмыртқадан тiрдей туу деп атайды. Бұлай жұмыртқадан тiрiдей туу солтүстiкте, таулы аудандарда кездесетiн рептилилерде кеңiнен таралған. Ал аздаған рептилилер, мысалы теңiз жыландары балаларын бiрден тiрi туады.
  •         Рептилилер экологиясы. Бұлар жер шарына кең таралған, көпшiлiгi жылы және ыстық климатты аудандарда тiршiлiк етедi. Бұл олардың тiршiлiк ету әрекетiне байланысты. Бауырымен жорғалаушылар негiзiнен құрлық жануарлары, ал кейбiр түрлерi суда тiршiлiк етедi. Мысалы, теңiз тасбаєалары мен жыландары теңiзде, крокодилдер өзендер мен көлдерде кездеседi. Бiрақ бұл су рептилилерi ауамен тыныс алады, құрлықта көбейедi, кейбiрi тiрi туады. Бұл, яғни олардың құрлықтан екiншi қайтара суға түскендiгiн байқатады. Сонымен қатар бұлардың кейбiрi түнде, кейбiрi күндiз тiрiшiлiк етедi, қыс кезiнде ұйқыға кетедi, әртүрлi қуыстарға тығылып. Рептилии жұмыртқасының құрылысы құс жұмыртқасымен сәйкес келедi. Олар сары уызға бай болады, белокты қабаты бар жёне қатты iзбестi қабықпен немесе жұмсақ жұқа пленка тәрiздi қабықшамен қапталынған. Бұл қабықтардан басқа ұрық дамыған кезде ұрықтың өзiнен амнион, сероза және аллантойс деп аталатын қабықтар пайда болады. Рептилилердiң дене температурасы тұрақты емес, сондықтан олар жылы жерлерде кездеседi. Температурасы 10 градус болғанда жыландар активтiлiгі төмендейдi, плюс 6-8 градус болғанда қозғалмай қалады, плюс 2-3 градус болғанда ұйқыға кетедi, -4, -6 градус болғанда тiршiлiгiн жояды.  Жоғары температурада рептилилерге түрлiше әсер етедi. Аса ыстықтан өсiмдiктердiң күйiп кетуi тасбақалардың, ал сулардың тартылып қалуы крокодилдермен кейбiр жыландардың ұйқыға кетуiне әсер етедi.  Рептилилер әртүрлi жануарлармен қоректенедi, кейбiрi өсiмдiктердi тамақ етедi. Мысалы, кесiрткелер бунақденелiлермен, моллюскалармен, құрттармен қоектенедi. Агамалар, игуандар өсiмдiктердi де азық етедi. Сарыбас жыландар амфибилердi жеп құртады. Су тасбақалары мен жыландары балықтарды жейдi. Кейбiр жыландар ұсақ кемiрушiлердi, құстарды, рептилилерге де, сүтқоректiлерге де шабуыл жасап қоректенедi. Рептилилер жұмыртқаны көп салмайды. ұсақ кесiрткелер бiр-екi жұмыртқа салады. Тасбақалар бiр жазда бiрнеше рет жұмыртқалайды. Жыныс бездерi жыланда үш-төрт жасында, кесiркелерде бiр жасында, тасбақа мен крокодилдерiң алты- жетi жасында пiсiп жетiледi.
  •         Рептилилердiң экологиялық маңызы. Крокодилдердiң терiсiнен портфельдер, чемодандардың сыртқы қабатын жасайды. Коретте немесе бисса деген тасбақаның мүйiздi қабыршағынан көзiлдiрiк, тарақ т.б. жасайды. Адам тасбақа мен кейбiр жыландардың етiн тағам ретiнде пайдаланады. Кейбiр жыландар кемiрушiлердi жеп құртады. Қытайда егеуқұйрықтарды жою үшiн пайдаланады. Кесiрткелер зиянды бунақденелiлердi, моллюскаларды жояды.

...

Скачать:   txt (18.8 Kb)   pdf (111.2 Kb)   docx (204.3 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club