Аквариумдағы балықтар
Автор: Alinoni • Сентябрь 27, 2021 • Реферат • 250 Слов (1 Страниц) • 476 Просмотры
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық карта
Күні:27.09.2021
Тобы: «Балдаурен» ересек тобы
Білім беру саласы:Шығармашылық.Таным
Оқу іс-әрекетінің түрі:Аппликация
Тақырыбы: «Аквариумдағы балықтар»
Мақсаты:
Білімділік:аквариумда балықтар, ұлулар, өсімдіктер болатыны туралы түсіндіру,
Дамытушылық:Балалардың елестете білу қабілетін дамыту. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.
Тәрбиелік: Табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс:ұлу, қабыршықтар.
Көрнекі құралдар, қажетті құрал-жабдықтар: үлестірмелі материал,қайшы, желім.
Билингвальді компонент:балық-рыба, су-вода.
Іс-әрекет кезеңдері | Педагогтың іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | Педагог жұмбақ жасырады: Төртбұрышты шыны үй Терезесі жоқ,іші толған су Осы үйдің тұрғындары Шетінен шебер жүзгіштер. Басса ізі жоқ, Жүрсе жолы жоқ. | Аквариум, балық. -Ұлу |
Ұйымдастырушылық-ізденістік | -Бүгін аквариум және оның тұрғындары туралы әңгімелейміз. Қараңдаршы, балалар, бұл-су асты әлемі. -Аквариумның түбінде не бар? -Олар не үшін қажет? Сөздік жұмыс:ұлу, қабыршықтар Сергіту сәті Денсаулықты сүйеміз, Шынығамыз күнде біз. Бір,екі, ұш, Бір, екі, үш. Бұлшық етте ,міне ,күш Ал, балалар, тұрайық, Алақанды ұрайық. Оңға қарай иіліп, Солға қарай иіліп, Бір отырып, бір тұрып, Бойымызды созайық, Белімізді жазайық. Билингвальды компонент. Балық-рыба Су-вода -Ал,енді балықтарды талдайық.Қандай балықтарды білесіңдер? -Балалар, аквариумда бірдей балықтарбар ма? -Олардың бір-бәрінен айырмашылығы бар ма? -Балықтарға суда жүзуде не көмектеседі? -Білесіңдер ме, балықтар көзін ашып ұйықтайды. -Балыққа қабыршақ не үшін қажет? -Дұрыс, ол балықтың денесін қорғайды. Ойын «Балықты көркемде» Балаларға балықтар мен қабыршықтар таратылады. Үлестірмелі материалға назарларын аударады, суреттерді қарау ұсынылады. Педагог жұмыстың жасау ретін түсіндіреді,көрсетеді. Қайшымен жұмыс істеудегі техникалық қауіпсіздікті еске түсіреді. Жұмысқа кірісу ұсынылады. Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі | Балалар жауабы Қайталайды: ұлу, қабыршықтар. Сергіту сәтін өлең ырғағы бойынша қимылдар жасап орындайды. Білетін балықтары туралы айтады. -қанаты, құйрығы әртүрлі болып келеді. -басы, денесі, құйрығы, қанаты. -балықтардың қанаты мен құйрығы суда жүзуге көмектеседі. -қабыршық балықтың денесін қорғайды. Үлестірмелі материалды қарастырады, суреттерді қарап жауап береді. Сұрақтарға жауап береді. Жұмыстың орындалу ретімен танысады. Жұмысқа кіріседі. |
Рефлексиялық-түзетушілік | Ойын «Балық,қайда тұрасың?» шеңбер бойына тұрып, балық кімге түссе,сол бала балық қайда тұрғанын айтады. | Балалар жасаған жұмыстарын көрмеге қояды.Ойын ойнайды. |
Күтілетін нәтиже:
...