Қазақстандағы геоэкологиялық аудандастыру
Автор: Tansholpan1995 • Февраль 26, 2018 • Лекция • 1,927 Слов (8 Страниц) • 20,511 Просмотры
Қазақстанды геоэкологиялық аудандастыру
9.1. Геоэкологиялық аудандастырудың пәні мен мазмұны.
Геоэкология пәнінің көкейкесті міндеті – адамзат қоғамы, тірі организмдер және табиғи орта арасындағы кеңістік-уақыттық заңдылықтарды зерттеу. Сондықтан ғылыми нысан ретінде адам мен басқа да тіршілік иелерін қоршаған табиғи орта (табиғи геожүйелер)және сонымен бірге, адамның өз қолымен, шаруашылық әрекеттері барысында өзгерткен ортасы да алынады.
Табиғи- антропогендік ландшафтардағы экологиялық жағдай көптеген факторларға бағынышты. Оларға табиғат жағдайы мен геожүйлердің техногензге тұрақтылығының дәрежесі, қоршаған ортаға антопогендік әсердің сипаты мен қарқындылығы, халықтың(оның ішінде халық тығыздығы да бар) техногенез әсеріне деген арақатынасы және т.б жатады. Геожүйе мазмұнын анықтайтын осы аталған факторлардың барлығы географиялық қабық кеңістігінде тіршілік ортасына біркелкі әсер етпейді. Екінші жағынан, ландшафттардың жоғалтып алған экологиялық қасиеттерін қалпына келтіруге бағытталған шаралар экологиялық тұрақсыздыққа ұшыраған өңірлердің табиғат жағдайларына байланысты жүзеге асырылады. Осы жағдайлардың барлығы экологиялық проблемаларды кеңістіктік – аумақтық аспектте, яғни геоэкологиялық аудандастыру тұрғысынан қарастыруды қажет етеді.
Геосфераның қазіргі антропосферамен (техносфера) өзара байланысы негізінде экосфера деп аталатын орта түзіледі, оның өзі іс жүзінде литосфера, тропосфера, гидросфера, педосфера және қазіргі антропосферамен өзара қарым-қатынасты болатын биосферамен өзара байланыста болады. Географиялық қабық(эпигеосфера) Жердің құрамына кіретін табиғи геожүйелердің ішіндегі ең жоғарғы деңгейі. Эпигеосфераға Жердің жекелеген географиялық сфералары толығымен немесе жеке түрлері ретінде кіреді.
Геоэкологиялың зерттеу нысанына жататын экосфера өз кезегінде төменгі таксономиялық деңгейдегі көптеген табиғи-антропогендік геожүйелерден тұрады.
Геоэкология физикалық-географиялық өңір, белдем, белдемше, обылыстар, провинциялар, аудандар рангындағы табиғи-антропогендік жүйелердің экологиялық жағдайларын зерттейтін болғандықтан, геоэкологиялық аудандастыруды жүзеге асыруда физикалық-географиялық аудандастыру негізінде алынады.
Физикалық-географиялық аудандастырудың жалпы қабылданған міндеті – жер бетін табиғи жағдайлары ортақ кешендердің айырмашылықтары мен ұқсастықтары негізінде бір-біріне ұқсамайтын табиғи өңірлерге бөлу.
А.В. Чигаркин әріптестерімен геоэкологиялық мақсаттарға қажетті физикалық-географиялық аудандастырудың объективті ұстанымы ретінде, генетикалық ұстанымдыбасшылыққа алған. Бұл ұстаным аумақтарды әртүрлі таксономиялық деңдейдегі табиғи өңірлік бірліктерге жіктеудің сипатын және себебін дәл ашып бере алады. Төменде, Қазақстанды геоэкологиялық аудандастырудың А.В. Чигаркин ұсынған нұсқасы баяндалады.
Бейбелдемдік қатардың ең жоғары таксономиялық бірлігі Физикалық-географиялық өңір деп аталады. Оның сипаттаушы белгілеріне геологиялық құрылысы мен тектоникасы, макробедер мен макроклиматтың ортақ белгілері, ендік ландшафт белдемінің болуы немесе болмауы кіреді.
Ландшафт белдеінің өзіндік ерекшеліктеріне температуралық жағдай мен жауын-шашынның, топырақ-өсімдік жамылғысының біркелкі болуы және осындағы экзогендік-динамикалық үрдістердің біртектілігі жатады.
Физикалық-географиялық өңір орография мен бедердің, жер үсті шөгінділерінің, топырақ-өсімдік жамылғысының ортақ ұқсастықтарымен ерекшеленетін физикалық-географиялық провинцияларға және обылыстарға(таулы өңірлерде) жіктеледі. Провинциялар ландшафттық белдемдер шегінде орналасады және шектен сыртқа шықпайды.
...