Кен жұмыстарының шекарасы
Автор: kokterek_gu • Октябрь 2, 2021 • Реферат • 2,076 Слов (9 Страниц) • 302 Просмотры
Ашық тау-кен жұмыстарын сипаттайтын карьердің негiзгi параметрлерiне мыналар жатады:
Карьердің ақтық тереңдiгi жобалау кезiнде анықталады. Осыған байланысты көлбеу жəне күртқұлама кен шоғырларын қазғанда карьердің мүмкiн өндiрiстiк қуатының шамасы , оның жер бетiндегi ауданы жəне шығарылатын тау-кен жыныстары қоспаларының жалпы көлемi анықталады. Жатыстары горизонталь жəнекөлбеукеншоғырларыүшiнақтықтереңдiколардыңтабиғижату жағдайларына байланысты анықталады да, қазу кезiнде карьердің тереңдiгi аз өзгерiп отырады. Қазiргi кезде карьерлердің тереңдiгi 500 м-ге дейiн жетедi, ал ғылыми-зерттеулердің нəтижесінде пайдалы қазындыларды ашық əдіспен экономикалық тұрғыдан тиімді өндіру терендігін 700-900 м-ге дейiн жеткізуге болатындығы анықталған /26.27/.
Карьердің кенiш созылымы жəне оған көлденең сызық бойынша жер бетiндегi өлшемдері кенiштің мөлшерiне, карьердің түпкі тереңдiгiне жəне оның ернеулерiнің беткей бұрыштарына байланысты анықталады. Олар графикалық жəне аналитикалық əдiстермен табылады. Карьердің пландағы пiшiнi қисық сызықты сопақ болып келедi. Карьердің ұзындығы бiрнеше жүз метрден бiрнеше километрге, ал енi кен орнының түрiне байланысты төрт километрге дейiн болады.
Карьер түбiнің өлшемдері карьердің ақтық тереңдiгiнің биiктiк белгiсiнде кенiштің қазылатын бөлiгiн контурлау арқылы анықталады. Карьер түбi өлшемдерінің ең аз шамасы төменгi кемерде таужыныстарын қазу жəне тиеу жұмыстарын қауiпсiз жүргiзу жағдайымен анықталады (енi 20 м-ден, ұзындығы 50-100 м-ден кем болмайды).
Карьер кернеуiнің беткей бұрыштары таужыныстары сілемінің орнықты тұрақтылық жəне көлiк коммуникацияларын орналастыру шартымен анықталады. Аршыма жұмыстарының көлемiн азайту мақсатында оларды мейлінше тiктеу етіп қабылдауға ұмтылады. 5. Карьер кеңістігіндегі тау-кен жыныстары қоспаларының жалпы көлемi кəсiпорынның өндiрiстiк қуатын жəне оның жұмыс жасау мерзiмiн жоспарлауға қажетті көрсеткiштердің бiрi болады. Жер бедерi жазық болғанда карьердегi тау-кен жыныстары қоспаларының жалпы көлемi мына формуладан анықталады.
Карьер алаңын жобалау
Карьердің жер бетiндегi ауданын анықтау үшiн оның ақырғы тереңдiгiн, табанының (түбiнің) өлшемдері мен ернеулерiнің беткей бұрыштарын бiлу қажет. Жатыстары еңкiш жəне қүртқұлама кен шоғырларын қазғанда карьердің ақырғы тереңдiгi карьердің барлық негiзгi параметрлерiн, тау-кен жұмыстарының қарқынын жəне олардың технологиясын (ашу жəне қазу əдiстерi) анықтайды. Кейiнгi кезде карьердің ақырғы тереңдiгiн анықтау үшiн ағымдық жəне шектiк аршу коэффициенттерiн салыстыру əдісі кең қолданылып келедi. Бұл əдістің мəнi мынада. Күртқұлама кенiштi қазғанда карьердің тереңдiгi ұлғайған сайын ағымды аршу коэффициентi тұрақты өсiп отырады. Бiршама тереңдiк аралығына Нк.а жеткенде карьердің контуры нақтылыорындықамтиды, олжерде ағымдық аршу коэффициентiнің мөлшерi шектiк аршу коэффициентiнің мөлшерiне тең болады, яғни Кк =Kж. Сөйтiп карьер тереңдiгiнің одан əрi ұлғаюы, ашық кен жұмыстарының экономикалық тиiмдiлiк жағынан алып қарағанда, тек қана ағымдық аршу коэффициентiнің мөлшерi өспегенде болады, ол жағдай карьердің жер бетiндегi ауданы ұлғаймаған кезде қамтамасыз етiледi. Карьердің жоғарғы кемерлерiндегi таукен жұмыстары бiртiндеп тоқтатыла бастайды да, ернеу беткейiнің бұрышы бiртiндеп ұлғайады жəне карьердің ақырғы тереңдiгiнде На, оның мəні жабылу бұрышының мөлшерiне жетедi. Жатыстары еңкiш жəне күртқұлама кен шоғырларын қазғанда карьердің ақырғы тереңдiгiн аналитикалық əдiстермен анықтауға болады. Бiрақ аналитикалық əдiстермен есептеу нəтижесiнде тереңдіктің жуық мөлшерлерi табылады, өйткенi олар кен орнының барлық тау-кен геологиялық, топографиялық жəне де басқа ерекшелiктерiн есепке ала алмайды. Карьердің ақырғы тереңдiгi графикалық, графикалық-аналитикалық жəне варианттар əдiстерiмен жоғары дəлдiкпен анықталады. Көлбеу
...