Азия ауқымындағы кайнозойлық (әлпілік) қатпарлықтың Жерорта теңіздік белдеуінің облыстары: Копетдаг және Памир
Автор: temur77 • Декабрь 9, 2021 • Лекция • 1,661 Слов (7 Страниц) • 378 Просмотры
12-ші дәріс
тақырыбы: Азия ауқымындағы кайнозойлық (әлпілік) қатпарлықтың Жерорта теңіздік белдеуінің облыстары: Копетдаг және Памир
Мазмұны: Копетдаг
Копетдаг әлпілік қатпарлы жүйесі ауқымында төмендегі құрылымдық элементтер дараланады: Копетдаг мегантиклинорийі; Үлкен Балхан-Кубадаг мегантиклинорий; Копетдаг алды ойысымы және бұларға батыс жағынан келіп түйісетін Каспий сырты терең ойысы.
[pic 1]
Копетдаг ТМД-ның Орталық Азия елдерінің ауқымына тек өзінің солтүстік–батыс бөлігімен ғана сұғынады, бұл қатпарлы таулы жүйенің басым бөлігі Ауғанстан және Иран жерінде. Копетдаг түзілімдерінің қимасында оның іргетас кешені докембрийлік, палеозойлық және триас жаралымдарынан құралған, бұлар ТМД елдері ауқымында еш жерде ашылмаған. ТМД елдері ауқымында тек қана юрадан ортаңғы эоценге дейін түзілген қатпарлы кешен, сол сияқты орогендік кешенге тиесілі соңғы эоцен-антопоген түзілімдері белгілі.
Копетдагтың Орталық Азия елдері ауқымында ашылатын юра түзілімдерінің қимасы Үлкен Балхан құрылымында теңіз жағдайында түзілген құмды – сазды тақтатастардан, құмтастардан және аргилиттерден, сол сияқты көмір қабатшаларын кіріктіретін, континент жағдайында түзілген көмірлі-сазды тақтатастардан құралған. Бұл түзілімдердің көнелігі ортаңғы юраға сәйкес келеді, олардың жалпы қалыңдығы 2000-3000 м аралығында. Жоғарғы юра түзілімдері төменгі юра шөгінділерін үйлесімді көмкереді. Олар құмды, жиі-жиі кремнийленген әктастардан тұрады. Соңғы юраның аяқ шенінде Копетдаг қатпарлы облысының аумағы көтерілу процесіне ұшыраған, бұл жайт оның ауқымында континенттік жағдайдың етек алуына, осы континент бетінде алуан түрлі лагуналардың пайда болуына себепші болған. Осындай лагуналар түбінде саязсулық шөгінділер-гипс пен ангидриттердің көптеген қабатшаларын кіріктіретін доломиттер мен әктастар түзілген. Бұл қатқабаттың қалыңдығы 200 м-ден аспайды.
Төменгі бор түзілімдері Копетдаг ауқымында ең көп тараған және қимасының толықтығымен сипатталатын кешен болып табылады. Бұл түзілімдер қимасы бір-бірінен анық ерекшеленетін екі типке жіктеледі, олар –төменгі неоком жікқабатына тиесілі карбонатты түзілімдер және жоғарғы аптальб жікқабаттарында қарасты құмды-сазды шөгінділер. Жоғарғы бор түзілімдері былайша сипатталады: құмтастардан, саздардан, алевролиттерден және аргилиттерден тұратын сеноман жікқабаты альб жікқабатының карбонатты шөгінділерін шайылу беті арқылы көмкереді; әктастардан, әксаздардан және әксаздардың шағын қабатшаларын кіріктіретін әкті саздардан тұратын турон-коньяк-сантон жікқабаттарының түзілімдері сеноман шөгінділерін шайылу беті арқылы көмкереді; кампан-маастрихт шөгінділері әр түрлі түстерге боялған әксаздардан құралған. Дат жікқабаты глауконитті құмтастардан және әксаздардан тұрады. Жоғарғы бор түзілімдері қимасының жиынтық қалыңдығы 1000 м-ден аралығында өзгереді.
Палеоген түзілімдері Копетдагта кең тараған және олар палеоген жүйесінің үшбөлімінің үшеуін де сипаттайды. Палеоген шөгінділері облыстың батыс бөлігінде карбонатты түзілімдерден құралған. Бір ескерте кететін жайт-Копетдаг палеоцендік теңіз алабы батыста Кавказ теңіз алабымен, алқимасының беткі бөлігі сидерит тасберіштерін (конкрецияларын) кіріктіретін сұрғылт-жасыл және жасыл түсті саздардан тұрады. Палеоген түзілімдері қимасының беткі бөлігі, яки олигоцен түзілімдері конгломерат қабатшаларын кіріктіретін қызыл түсті құмтастардан құралған, бұл құмтастар моласса формациясының жарқын өкілдері болып табылады. Кейбір аудандарда эоцен түзілімдерінің арасында андезитті-базальтты құрамды вулканиттер ұшырасады. Палеоген түзілімдері қимасының жиынтық қалыңдығы 1800 м шамасында.
...