Құқықтық нигилизм: түсінігі, қайнар көздері және көрініс табу нысандары
Автор: nissa205 • Апрель 6, 2024 • Статья • 2,223 Слов (9 Страниц) • 131 Просмотры
Мақала
Құқықтық нигилизм: түсінігі, қайнар көздері және көрініс табу нысандары
Алишерқызы Насибохан, студент.
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
Құқықтық нигилизм немесе құқықтық немқұрайдылық — нақты адамның әлеуметтік өмірінде құқық, заңдардың маңыздылығын мемлекеттік және тұрмыстық деңгейде қалыптасқан түйсіксіз терістеу.
Нигилизм (латын тілінен аударғанда - жоққа шығару) субъектінің белгілі бір құндылықтар, нормалар, көзқарастар, идеалдар және адам болмысының жекелеген немесе барлық жақтарына қатысты жағымсыз қатынасын білдіреді. Бұл- дүниетаным мен әлеуметтік жүріс-тұрыстың бір нысаны.
Құқықтық нигилизм- әлеуметтік нигилизмнің бір түрі. Оның мәні құқыққа, заңдарға, нормативтік тәртіпке деген жағымсыз, теріс қатынаста, оларды құрметтемеуде. Ал оның түпкілікті себептері халықтың басым бөлігінің құқықтық надандығымен, артта қалғандығымен және Құқықтық тәрбиенің төмен болуымен байланысты. Құқыққа қайшы мұндай көзқарастар мен пікірлер қоғамдық сана мен ұлттық психологияның элементі, белгісі, қасиеті, мәдениеттің, салт-дәстүрлердің, өмір сүру салтының айрықша ерекшелігі. Яғни, бұл жағдайда қоғам тарапынан құқыққа деген сұраныстың болмауы байқалады.
Бұл ретте құқыққа немқұрайдылықпен, менмендікпен, сыни көзбен қарау, оны адам құндылықтарының жалпы өлшемінде негізгі іргелі идея ретінде емес, жанама құбылыс ретінде бағалау орын алады. Бұл, өз кезегінде, қоғам өркениеттілігінің деңгейін, оның рухани жағдайы, ой-шабыты, әлеуметтік сезімдері мен дағдыларын көрсетеді.
Бұл феноменнің моральдық- психологиялық генезисі - құқықтың ерекше рөліне, потенциалына, әмбебаптығына, мүмкіндіктеріне және қажеттілігіне сенбеу. Сондай-ақ, құқыққа қатысты немқұрайдылық орын алуы мүмкін. Бұл жағдайда да адамдардың құқықтық санасының жетілмегендігін көрсетеді. Бұл құбылыстарға тиісті құқықтық тәжірибенің, дағдылардың, құқықтық сауаттылықтың болмауы әсер етеді.
Аталған мәселе ғылыми тұрғыдан да жеткілікті дәрежеде зерттелмеген. Ал оны зерттеуге қажеттілік әлдеқашан туындаған, себебі аталған әлеуметтік- құқықтық феномендер тәжірибелік өмір мен адамдар санасында, саясат, мәдениет, заң шығармашылық мемлекеттік және қоғамдық қызмет салаларында, заңгерлер арасында кеңінен таралған.
Қазіргі заманғы қоғам көптеген қарама қайшылықтармен сипатталады. Олардың арасында құқықтық нигилизм мен идеализм жиі көрініс тауып жатады. Бұл екі құбылыс біріне–бірі қарама қайшы, бірге өмір сүруі мүмкін емес болып көрінгені мен, олар қоғамда қатар әрекет етуде және бірлесе отырып құқықтық мәдениетсіздікке жағдай жасауда.
Құқықтық нигилизм кезінде заңдар ашық түрде еленбейді, бұзылады, орындалмайды, оларды бағаламайды, құрметтемейді; құқықтық идеализм кезінде керісінше, заңдарға бүкіл мәселелерді бір мезетте шеше алатын белгісіз бір ғажайып күш тән етеді. Қоғамдық сана тіпті кез келген мәселеге қатысты жаңа заңдардың қабылдануын талап етеді. Жоққа шығару нигилизмнің барлық нысандарына ортақ белгі болып табылады. Алайда жоққа шығарудың барлығы нигилизмді білдірмейді. Жоққа шығару әлдеқайда кең мағынаға ие, ол адам санасында, диалектикалық ойлауға о бастан тән қасиет. Сондықтан да белгілі бір нәрсені Жоққа шығаратын адамдардың барлығын нигилист деп атауға болмайды.
Тиісінше, нигилистік жоққа шығару мен диалектикалық жоққа шығарудың арасында елеулі айырмашылықтар бар. Мысалы, тарихи тұрғыдан түрлі ұлт-азаттық қозғалыстарды, олардың идеологтары мен қатысушыларын толығымен жоққа шығарып, жағымсыз баға беруге болмайды. Себебі, бұлар — объективті заңдылыққа ие процестер.
Жалпы алғанда, халыққа қарсы, тоталитарлық режимдерге, билеушілер мен диктаторлардың заңсыздығына, бостандық, демократия идеялары мен адам құқықтарын аяққа таптауға қарсы күрес нигилизм болып табылмайды. Тирандардың шексіз билігі барлық уақытта да сынға алынып отырған. Ж.Ж.Руссо айтып кеткендей 《рақымсыз патша өзін тақтан құлатқан халыққа ренжімеуі тиіс》. Яғни, революциялардың барлығы жауыздықты білдірмейді.
...