Геодезия ғылымының даму тарихы және оның құрылыс инженері қызметіндегі алатын орны
Автор: anel.abildina • Октябрь 23, 2018 • Лабораторная работа • 8,676 Слов (35 Страниц) • 2,346 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе.......................................................................................................... 1 – сабақ. Геодезия ғылымының даму тарихы және оның құрылыс инженері қызметіндегі алатын орны........................................................ 2 – сабақ. Қазақстан Республикасының Ұлттық картографиялық-геодезиялық қоры....................................................................................... 3 – сабақ. Геодезия пәні және оның міндеттері...................................... 4 – сабақ. Геодезияның дамуы туралы қысқаша мәлімет және оның құрылыс инженері қызметінде алатын орны........................................... 5 – сабақ. Қазақстан Республикасындағы геодезиялық қызмет........... 6 – сабақ. Картография тақырыбы және міндеттері............................... 7 – сабақ. Картографиялық бейнелердің ерекшеліктері........................ 8 – сабақ. Картография мазмұны және тараулары.................................. 9 – сабақ. Картографиялық белгілер, оларды қолдану........................... 10 – сабақ Көне заманғы картография..................................................... 11 – сабақ. Геодезиялық жиілендіру және түсіру тораптары................ 12 – сабақ. Геодезиялық жұмыстар жүргізудің негізгі принциптері... 13 – сабақ. Геодезиялық түсірістер және онда қолданылатын аспаптар туралы жалпы мәлімет............................................................... 14 – сабақ. Пландар мен карталардың шартты белгілері....................... 15 – сабақ. Геодезиялық өлшеулер........................................................... 16 – сабақ. Қазақстан Республикасында геодезиялық қызметті ұйымдастыру............................................................................................... 17 – сабақ. Аэрофототопография.............................................................. 18 – сабақ. Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау және пайдалану ережесі............................................................................. Грамматикалық тапсырмалар бойынша тест тапсырмалары................ Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар..................................................... Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................. | 4 5 7 10 13 16 19 21 23 25 27 29 31 34 37 39 42 45 46 49 66 72 |
КІРІСПЕ
Бүгінгі күні қазақ тілін мамандығымен байланыстырып оқыту, тілді дамытудың жан-жақты қамтылған көптеген шараларын іске асыруға үлес қосу, мамандыққа деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, кәсіби сөздерді меңгерту, аға ұрпақтың, ұлы тұлғалардың өнегелі өмірін өздеріне үлгі-өнеге етіп баулу, тіл заңдарын орындауға атсалысу сияқты қажеттіліктер күн тәртібінен түспеуі тиіс.
Бүгінгі таңда студент мамандығына байланысты білім алуда «Кәсіби қазақ тілі» пәнінің орны мен рөлі аса маңызды. Болашақ жас буын, маман студенттер пәннің тәжірибелік сабақтарынан мамандықтары туралы терең білулерімен бірге, басқа да тақырыптарды меңгеріп, термин сөздермен жұмыс жасауға өздерін дайындайды. Ой-пікірлерін дұрыс жеткізе білуге, сөздік қорларын байытуға, жаңа сөздерді меңгеруге тырысады.
Студенттер жаттығу жұмыстарын орындау арқылы ғылымның әр саласынан мәліметтер алып, техникалық ғылыми тілдегі ұғымдарды жетілдіреді, ал мәтіндер арқылы танымдық, тәрбиелік мақсаттарын жүзеге асырады. Сонымен қатар, халқының мәдениетін, әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпы мен тарихы жайлы нақты деректер алады. Тұрмыстағы барлық пайдалы, қажетті мағлұматтарды тек мәтін арқылы алады.
Жоғарыдағы айтылғандарды орындау мақсатында, аталған оқу құралында «Геодезия және картография» мамандығы бойынша оқитын студенттерге кредиттік жүйе арқылы қазақ тілін меңгертуде студенттердің өздігінен жұмыс істеулері үшін кәсіби мамандықтарға арналған мәтіндер мен тапсырмалар, жаттығулар жеткілікті түрде қамтылған. Оқытудың түрлі әдістеріне баса назар аударылған.
Оқу құралы техникалық жоғары оқу орындарындағы геодезия және картография мамандығындағы студенттерге өз мамандықтарын тереңірек меңгеріп, білім деңгейлерін толықтырып, әр саладан мағлұмат алуға көмегін тигізері сөзсіз.
...