Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ұлттық мемлекет құру жолында: даму фазалары және ұлттық құрылыс идеялары

Автор:   •  Сентябрь 27, 2021  •  Реферат  •  90,380 Слов (362 Страниц)  •  423 Просмотры

Страница 1 из 362

1-апта. Кіріспе. Ұлттық мемлекет құру жолында:  даму фазалары және ұлттық құрылыс идеялары.

Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы  пәні және оның міндеттері. Қазіргі кездегі «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні туралы түсінік. Тарих, жеке тұлға, мемлекет. Тарих және өркениет. Бүгінгі Отан тарихының қызметі мен принциптері.  Отандық тарихты оқудың тұжырымдамалық негіздері. Қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастаулары мен сабақтастығы: ежелгі және ортағасырлар, жаңа дәуір. Мемлекеттің саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының заңдылықтары. Қазақстанның қазіргі заман тарихының басты мәселелерінің өзектелігін айқындау. «Қазақстан Республикасында тарихи сананы қалыптастырудың тұжырымдамасы». Әлемдік-тарихи үдерістер мәнмәтініндегі Қазақстанның қазіргі заман тарихы. Қазақстанның қазіргі заман тарихының кезеңделуі. Қазақстанның қазіргі заман тарихының тарихи деректері мен тарихнамасының талдануы. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихын әлемдік тарихи үдерістер аясында  қарастыру. Ұлттық тарихтың құндылықтары. «ҚР-да тарихи сананың қалыптасуы концепциясы». Қазақ зиялыларының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі, қызметі. Жәдидтік ағартушылық ойларының Ұлы Дала еліне ықпалы. Ресей империясының түрік-мұсылман халықтарының интеллектуалды элиталарының өзара ықпалдасуы. Мұсылмандардың қайымырымдылық қоғамдары және олардың қызметі. Бірінші орыс революциясының  қоғамдық-саяси қозғалысқа әсері.

Жоспары:

  • Бірінші орыс революциясы және оның Қазақстанға әсері.
  • Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан. Қазақтардың 1916 ж. ұлт-азаттық көтерілісі.
  • Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірге әсері.

Отандық тарихты оқудың тұжырымдамалық негіздері. Қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастаулары мен сабақтастығы: ежелгі және ортағасырлар, жаңа дәуір. Мемлекеттің саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының заңдылықтары. Қазақстанның қазіргі заман тарихының басты мәселелерінің өзектелігін айқындау. «Қазақстан Республикасында тарихи сананы қалыптастырудың тұжырымдамасы». Әлемдік-тарихи үдерістер мәнмәтініндегі Қазақстанның қазіргі заман тарихы. Қазақстанның қазіргі заман тарихының кезеңделуі. Қазақстанның қазіргі заман тарихының тарихи деректері мен тарихнамасының талдануы.

1. Бірінші орыс революциясы және оның Қазақстанға әсері

ХІХ ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы қазақ өлкесінің әлеуметтік-экономикалық өмірінде болған өзгерістер ескі қалалардың өсуімен, жаңа қалалардың пайда болуымен, әсіресе олардың ірі әкімшілік орталықтарына айналып қана қоймай, оларды мекендеген халықтың шаруашылығында және мәдени, қоғамдық өмірінде үлкен роль атқаруымен сипатталды. XX ғасырдың басында-ақ Қазақстан көп ұлтты елге айналды да, ғасыр басында Қазақстанның негізгі территориясы алты облысқа бөлінді: Сырдария мен Жетісу облыстары Түркістан генерал-губернаторлығына (орталығы - Ташкент қаласы), ал Ақмола, Семей, Орал, Торғай облыстары – Дала генерал-губернаторлығының құрамына кіргізіліп, Ішкі (Бөкей) ордасының территориясы Астрахань губерниясына, ал Маңғыстау Закаспий облысына қаратылды.

Осы кезеңде Ресей империясының ішкі губернияларынан көші-қон ағынының дамуы нәтижесінде Қазақстан халқының тез өскендігі де аңғарылды. Оған дәлел: Ресей империясының Бірінші жалпыға бірдей санағынан кейінгі алғашқы екі онжылдықта (1897-1917 жж.) Қазақстан халқының саны 4147,7 мың адамнан 5045,2 мың адамға, яғни 25,7% көбейген. Ал, өлкенің демографиялық деректерінің табиғи өсу деңгейіне салыстырмалы талдау жасасақ, мынадай цифрларды аңғаруға болады. Өлкенің сол кездегі негізгі алты облысы бойынша 1897-1906 жылдарда жалпы алғанда бір мың адамға халықтың табиғи өсімі 11,3%, ал 1907-1916 жылдарда -15,3%; Ақмола облысы бойынша орыстар мен украиндардың үлес салмағы 1897 жылғы 33,0% 1917 жылғы 55,7% дейін өскен де, осы екі онжылдық ішінде халықтың табиғи өсімі 38,9% болған. Ал, қазақтары басым облыстарда табиғи өсімнің едәуір төмен болғандығы көрінеді: Жетісуда - 25,7%, Сырдарияда - 25,6%, Оралда – 20%, Семейде - 15,6%. Сөйтіп, Қазақстанның байырғы халқының үлес салмағының азаюына ғасырдың басында орыстардың, украиндардың және басқа да ұлт өкілдерінің империяның ішкі аймақтарынан жаппай қоныс аударуының қатты әсер еткендігін аңғаруға болады.

...

Скачать:   txt (1.2 Mb)   docx (659.4 Kb)  
Продолжить читать еще 361 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club