Қазақстандағы жылқы шаруашылығының маңызы мен жағдайы
Автор: nurzh2004 • Ноябрь 8, 2022 • Эссе • 567 Слов (3 Страниц) • 273 Просмотры
Біздің еліміз кең жайылымдарға ие болғандықтан , жылқы шаруашылығымен айналысу өте тиімді болып келеді. Қазіргі уақытта жылқы шаруашылығы тек өнімділік мақсатында ғана емес, сондай-ақ спорт, жұмыс және медицина бағытында өрлеуде. Қазақстанның соңғы 20 жылда жылқы шаруашылығының жағдайы даму үстінде . Статистикаға сүйенетін болсақ , 2021жылы алынған көрсеткіштерде елдегі жылқылар саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 9,3% өскен (3млн 118мың).
Соңғы уақытта ауыл шаруашылығымен айналасытан кәсіпкерлер арасында жылқы өсіруге деген қызығушылық тек жоғарлауда. Себебі, бұл шаруашылық бастапқы капиталды қажет етпейді, шығын көп шығарылмайды. Алғашқы көзқараспен қарағанда жылқы шаруашылығын дамытуға тек жайылым мәселесі кедергі болуы мүмкін, бірақ неліктен елімізде қарқынды дамымайды? Қазақстанда 50 асыл тұқымды зауыт бола тұра,барлық шаруашылықтардың жұмысын үйлестіріп отыратын бірде -бір ресми орталық жоқ .Тағы да бір себебі , жылқышы мамандығының жоғарғы оқу орнында болмауы (дегенмен 90 жылдары оқу орталықтары болды) және отандық тұқымдар туралы кітаптарда мәлеметтің болмауы. Шығынға әкелетін көп таралған себеп -ұрлық .Бұл тек көбінесе тұрғылықты шаруашылықтарда болғанымен, жалпы статистикада кәсіпкерлер қалтасынан көп шығын щығарады , елдегі фермалардың азаюына басты себеп болып келеді. Шаруашылықтардың жабылу себептерінің бірі де осы ұрлық. Себебі, ұрланған малды кері іздеп табу және қылмескерді жазалау өте қиын іс.
Осы айтылған көкейтесті мәселерді шешу үшін республикамызда ең бірінші отандық тұқымдарды сертификаттайтын орталық ашылу барысында.
Қазақстанда жылқыны өндірістік жағынан еті мен қымыз өндіру технологиясы дамыған. Жылқы малынан алынатын ең басты өнімнің бірі- еті. Жылқы еті құрамында түрлі минералды заттар мен дәрумендерге толы. Сойылған еттің сапасы ең алдымен бордақылауға байланысты. Жас малдың еті екенін дәл анықтау үшін , май түсі ақшыл болуы қажет. Жылқы еті басқа малдың етіне қарағанда қымбат болады. Себебі, етке деген сұраныс ешқашан елде төмендемейді .
...