Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

«Қазақстан Зираат Халықаралық банк» тарихы, маңызы

Автор:   •  Октябрь 8, 2018  •  Реферат  •  825 Слов (4 Страниц)  •  1,001 Просмотры

Страница 1 из 4

1.«Қазақстан Зираат Халықаралық банк» тарихы, маңызы.

«Түркия Мемлекеттік Зираат Банкі» 1863 жылы Түркия мемлекетінің Анкара қаласында алғаш рет құрылды. Зираат банкі басты акционерлік қоғам банкі болып табылады. Банктің басты офисы Анкара қаласында орналасқан.  Түркиядағы ең ірі кредиттік мекеме болып табылады. Зираат Банкі – бұл ұлттық және халықаралық деңгейдегі банктің бірі болып саналады. Зираат Банкі дүние жүзі бойынша 18 елде банктік қызметтерін көрсетеді. Сонымен қатар, банк қаржылық лизинг, зейнетақы қорлары, сақтандыру, инвестициялық банкинг, портфельдік инвестициялар және ақпараттық технологиялар сияқты салаларда өз қызметтерін ұсынады.

Алғаш рет,  Қазақстан Республикасында 1993 жылдың басында АҚ «Қазақстан Зираат Халықаралық Банкі»ЕБ» құрылды. Басқарма төрағасы- Абдуррахман Зеки Арифиоглу. Бұл банк Қазақстан Республикасындағы шетелдің қатысумен құрылған алғашқы банктердің бірі болып саналады. Банк Түркия Республикасындағы ең ірі банкі Т.С. Зираат Банк А.Ш.-нің еншілес банкісі болып табылады. АҚ «Қазахстан Зираат Халықаралық Банкі» өз клиенттеріне халықаралық банктік тәжірибеде қабылданған банктік қызметтердің дәстүрлі түрлерін ұсынады. 2012 жылдың шілде айынан бастап ұсынылатын қызметтер спектрін жақсарту мақсатында «Интернет-банкинг» қызметі іске қосылды. Банк шағын және орта бизнесті субъектілерін несиелендіру мәселелеріне жеке тіл табу саясатын қолдайды.

«ҚЗХ Банкі»ЕБ»АҚ-ның банк саласында 25 жылдық тәжірибесі бар. Банк өзінің клиенттеріне халықаралық стандарттарға сәйкес жоғары деңгейде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Банктің қызмет көрсетудегі негізгі критерийлері: жылдамдық, қауіпсіздік және жоғары сапа. Сонымен қатар, банк клиенттерге қолма-қол ақшамен, халықаралық банктік тәжірибеде қабылданған құжаттық есептердің барлық түрлерін ұсынады. Мұндай күшті ұйымдық құрылым - бұл банктің жан-жақты қаржылық қызметтерді ұсыну қабілеттілігін қамтамасыз ететін ең маңызды элемент.

Банктің негізгі мақсаты: Қазақстанның екпінді дамып отырған қаржы нарығында рөлін бекітіп, шетелдік капиталы бар банкілердің арасында бірінші үштіктен орын алу.

Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігінің бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа да операциялар мен қызметтерді жүргізуге рұқсат беретін №163, 2007 жылғы 29 желтоқсандағы Бас лицензиясы негізінде қызмет атқарады.

Банктің Қазақстан бойынша филиалдары  Алматы, Астана, Шымкент және Ақтау қалаларында орналасқан. Сонымен қатар, банктің филиалдары Өзбекстанда, Босния және Герцеговинада, Черногорияда,  Грузияда,  Әзірбайжанда, Ресейде және Түркіменстанда орналасқан.

3.  Банктің клиенттерге ұсынатын қызметтері

АҚ «Қазақстан Зираат Халықаралық Банкі» бірнеше жылдар бойы клиенттерге жоғары деңгейдегі қызметтер ұсынуда.

Банк клиенттерге депозиттің 2 түрін:

  1. Мерзімдік салым;
  2. Тежеленген депозит.

Салым мерзімі: 3,6,12 ай. Ал, салым бойынша сыйақы: теңгеде- 4%-дан бастап 7%-ға дейін, доллар мен еврода- 2%-дан бастап 3,75%-ға дейін ұсынады.

Сонымен бірге, банк тағы да бірнеше қызметтерін ұсынады:

  1. Кепілдікке жылжымайтын мүлік ала отырып, шағын және орта бизнестерді несиелендіру;
  2. Жылдық пайызы- 12% бастап;
  3. Жасырын комиссияларсыз ең қысқа мерзімде қарастыру;
  4. Ұлттық валютадағы ақша аударымдар;
  5. «Western Union» жүйесі арқылы ақша аударымдарын;
  6. Халықаралық «S.W.I.F.T»жүйесі арқылы ақша аударымдарын;
  7. Банктік кепілдіктер және құжаттамалық аккредитивтер;
  8. Клиент ақшасын, құжаттарын және құндылықтарын депозитарлық сейфтік ұяшықтарында сақтау.

Несие ұйымдары.

Банктің артықшылығы, клиенттердің барлық халықаралық операциялары Түркияның ірі банкі арқылы - Т.Ж. «Зираат Банкі» А.Ш., және әлемнің 18 елінде жұмыс істейтін Зираат қаржылық тобы арқылы жүзеге асырылады.

...

Скачать:   txt (11.8 Kb)   pdf (144.9 Kb)   docx (18.5 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club