Кәсіптік қолданбалы дене дайындығының маңызы
Автор: А Ембергенова • Сентябрь 21, 2021 • Реферат • 1,962 Слов (8 Страниц) • 1,498 Просмотры
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті
РЕФЕРАТ
Кәсіптік қолданбалы дене дайындығының маңызы
Орындаған: Емергенова А. Е.
ДУМиИ-21-1
Қарағанды, 2021
Жоспары:
- Қолданбалы дене мәдениеті
- Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі
- Дене мәдениеті жүйесінің мақсаты
- Өндірістік гимнастиканың кешендерінің топтамасы
- Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Қолданбалы дене мәдениеті кәсіптік және әскери деп екіге бөлінеді. Ол өмірге, келешек мамандыққа өте қажет кешенді қимыл — әрекеттерді игеру, дене тәрбиесі арқылы өз мамандықтарын (әскери де, азаматтық та) жақсы меңгеру, терең түсінуге бағытталады.
Әскери іс, мысалы, мақсатты түрде жаяу әскер машинасының операторларының нәзік қозғалыс координациясың дамыту үшін дене дайындығы табысты қолданылады. Дене жаттығулардың курсынан кейін автокөлік жүргізушісінде сезіну реакциясы едәуір төмендейді, жолда шаршағыштық азаяды, қозғалыс қауіпсіздігіннің жоғарлауына септігі тиеді.
Кейбір мамандықтарда бастапқы дене дайындығынсыз мүлде болмайды. Ғарышкерлер, мысалы, ғарыштық ұшу кезінде салмақсыздық жағдайда әрекет ету дағдысын тәрбиелеу алдын ала арнайы тренажерларда қарқынды жаттығуда, бассейнде су астындағы қалыпта, арнайы ұшақ кабиналарында толықтай еркіндік жағдайын талап етеді, белгіленген уақыт аралығында доға бойынша шұғыл бұрылыстың төмендеуін орындайды. Бұл жаттығулардың көмегімен жасанды салмақсыздық жасалады.
Сауықтыру дене мәдениеті – емдік және денсаулық нығайту дене мәдениеті деп бөлінеді. Емдік дене мәдениетінің мақсаты адам ағзасы мүшелерінің ауырып, уақытша жоғалтып алған қызметтік мүмкіншіліктерін дене жаттығулары арқылы қалпына келтіру. Денсаулық нығайту дене мәдениеті – денсаулықты нығайтуға, жаттығушылар ағзасының жұмыс істеу қабылетін арттыруға қызмет етеді. Сабақ арасында, жұмыста (сергіту сәттері, өндірістік гимнастика, дене жаттығулары) күнделікті тұрмыста (таңертеңгі бой жазу, өз бетімен жаттықтыру сабақтары, серуендеу, саяхат, жорық т.б.) қолданылады.
Дене тәрбиесі – дене мәдениетінің әрекетті бір саласы, тәрбиенің түрі. Оның ерекшеліктері қозғалысқа үйрету, дене қуаты қасиеттерін тәрбиелеу, дене тәрбиесі мен спорт саласында теориялық білім беру.
Дене қуаты дайындығы дегеніміз – әртүрлі әрекеттердің \ әскери, спорт, өнеркәсіп\ талабына сай дамытылған дене қуаты қасиеттерінің, қимыл дағдысының нәтижесі. Ол жалпы және арнайы дене қуаты дайындығы деп бөлінеді. Жалпы дене қуаты дайындығы –жалпы әртүрлі әрекет түрлеріне бағытталған дене тәрбиесі үрдісі. Арнайы дене қуаты дайындығы дегеніміз – арнайы бір спорт немесе кәсіп түріне қарай бағытталған дене тәрбиесі үрдісі.
Дене қуатының дамуы дегеніміз – адам ағзасының табиғи және мақсатты жолмен өсуі. Табиғи жолмен өскенде баланың морфофункционалдық көрсеткіштері: бойы, салмағы, дене мүшесі көлемі өзінің табиғи өсу жолымен өзгереді. Мақсатты жолмен өсуі әртүрлі арнаулы құрастырылған жаттығулар көмегімен өседі, өзгереді.
Дене қуатының рекреациясы – жаттығулар жасау арқылы белсенді демалыс ұйымдастыру. Ол дене тәрбиесі жаттығуларының көмегімен халықтың көңілін көтереді, бір әрекеттен екінші әрекетке көшіреді.
Дене қуатының реабилитациясы – адам организмінің жарақат алып ауырған функцияларын жаттығулар, массаж, монша буы, су процедурлары арқылы емдеу, қалпына келтіру.
Дене қуатын жетілдіру – адамның дене қуаты қасиетін үйлесімді дамыту және жан-жақты дайындығын жоғары деңгейге жеткізу.
Дене қуаты білімі – адамды қимыл ептілігі мен дағдысына үйрету және теориялық біліммен қаруландыру.
Шынықтыру – дене шынықтыру, адам денесін су, ауа, күн процедуралары арқылы, дене жаттығуларын орындау арқылы шынықтыру.
Дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері студенттерге дене тәрбиесі және спорттың теориясы мен әдістемесі пәнінің мазмұны мен құрылысы, негізгі ұғымдар туралы теориялық мәліметтер беру.
...