Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бруцеллезді балау, дауалау, індет ошағынан арылу шаралары

Автор:   •  Апрель 20, 2020  •  Реферат  •  1,107 Слов (5 Страниц)  •  605 Просмотры

Страница 1 из 5

№9-сабақ

Тақырыбы: “Бруцеллезді балау, дауалау, індет ошағынан арылу шаралары

Сабақтың мақсаты: Бруцеллезді серологиялық балау әдістерін меңгеру, індет ошағында сауықтыру және дауалау шараларымен танысу.

Бақылау сұрақтар:

1. Аурудың анықтамасы.

2. Індеттік ерекшеліктері.

3. Ауруды балау әдістері

4. Ауруды ажыратып балау

5. Аурудан  сауықтыру жөне алдын алу шаралары.

Сабақтың мазмұны: Бруцеллез жануарлардың іш тастауымен, шудың түспеуімен, эндометритпен ерекшеленетін созылмалы түрде өтетін адам мен жануарға ортақ аса қауіпті жүқпалы ауру. Ауру қоздырушысы Вrusella 6 типке бөлінеді: В. Аbortus (сиыр-да), В.melitensis (адам мен үсақ малда), В.suis (шошқада), В.ovis (қош-қардың эпидидимитін тудырады), В.саnis (итте), В.пеоtomае (кемірушілерде). Бірақ жануарларда ауру қоздырушыларының түрлі типтері анықталуы мүмкін. Бұлардың ішіңде адам үшін жоғары зардаптысы В. melitensis. Бруцеллалар жоғары температураға сезімтал. Сұйық ортада 60°С-да - 30 мин, 80-85°С - 5 мин ішінде, ал қайнатқанда бірден өледі. Тікелей түскен күн сәулесінің әсерінен бруцеллалар 4-5 сағатта инактивтеледі, топырақта тіршілігін - 100 күн, суда - 14 күн сақтайды. Төменгі температурада өте төзімді (мұздатылған етте - 5 ай, сүт өнімдерінде - 1,5 айға дейін сақталады). Топырақта, қида, мал азықтарында 4 айға дейін сақталады. Тиімді дезинфектанттар ретінде 2%-ды карбол қышқылы, күйдіргіш натр, лизолдың 3%-ды ерітіңдісі, хлораминнің 0,2-1%-ды ерітінділері қолданылады.

Бруцеллезді дауалау және одан арылу шараларына арналған нұсқау бойынша бұл ауруды балауға: бактериологиялық, серологиялық, аллергиялық, клиникалық және індеттанулық зерттеу әдістері қолданылады.

Пат.анатомиялық өзгерістер бруцеллезде айқын байқалмайды.

Індеттанулық балау. Індеттанулық зерттеу жүргізіп, бруцеллезге індеттанулық балау (аурудың шығу, таралу себептерін, індет процесінің негізгі буындарын, індет ошағының, қатер төнген аймақтың, бруцеллезден сау емес пункттің, шекараларын анықтау) қою арқылы сауықтыру шараларының тиімділігін арттыруға болады.

Шаруашылыққа індеттанулық талдау жүргізгенде аналық малдың табыңдары қалай құралатыны, олардың жеке меншіктегі және көршілес шаруашылықтағы малдармен өрістегі, суаттағы қатынастары, сырттан қабылданған малға дауалық карантиндік мерзімде арнайы шаралардың жүргізілгендігі анықталады.

Шаруашылыққа сырттан қабылданған асыл тұқымды тайыншалар арасында бруцеллез қоздырушысын жасырын түрде алып жүргендері бір айлық дауалық карантиндік мерзімде серологиялық әдістердің толық жүйесімен тексергенде, бруцеллезге теріс реакция көрсетіп, ұрықтанғаннан кейін, яғни құнажын болғанда аурудың жіті өршуіне байланысты іш тастап, немесе оң нәтижелі серологиялық реакция беруі практикада байқалып жүр.

Серологиялық балау. Практикада бруцеллезді балауға қолданылатын серологиялық әдістер:

Агглютинация реакциясы (АР). Бұл реакцияны Райт деген ғалым ұсынған. Бірінші рет (1897) АР Мальта қызбасын анықтауға қолднылды. АР жануарлардың қан сарысуымен қойылады. Қан малдың күре тамырынан арнайы инелер арқылы алынып жаңа кезінде немесе консервацияланған күйінде тексеріледі (гемолизденген немесе тұрып қалған, ескі қан сарысуы зерттеуге жарамайды). Практикада консервант ретінде бор қышқылын қүрғақ күйіңде (2%) қолдану қолайлы.

Сиыр малының, жылқының, түйенің, шошқаның, иттің қан сарысуларын зерттегенде, фенолданған физиологиялық хлорлы натрийдің ерітіндісі (0,5% фенол мен 0,85% хлорлы натрий), ал буйволдың, қой-ешкінің қан сарысуларын зерттегеңце, ас түзының 5%-ды, бұғының қан сарысуын тексергенде, осы түздың 10% - ды ерітіндісі қолданылады. Шошқаның, қойдың, ешкінің, бұғының, иттің қан сарысулары 1:25, 1:50, 1:100, 1:200, ал сиырдың, жылқының және түйенің қан сарысулары 1:50, 1:100, 1:200, 1:400 рет сұйылтылып тексеріледі.

...

Скачать:   txt (16.2 Kb)   pdf (104.5 Kb)   docx (11.7 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club