Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Өсімдіктегі су режимі (алмасуы) физиологиясы

Автор:   •  Февраль 5, 2023  •  Лабораторная работа  •  3,227 Слов (13 Страниц)  •  271 Просмотры

Страница 1 из 13

Зертханалық жұмыс № 11

Орындаған: Үсіпбек Н

Тапсырмалар:        №1. Өсімдіктегі су режимі (алмасуы) физиологиясы.

 №2. Шөлдегі көпжылдық шөптекті өсімдік.

№3. Қазақстан шөлдері мен дүнежүзі шөлдерінің өсімдік жамылғысына сипаттама.\

        Флораны экологиялық талдауда оның құрамындағы түрлер мекен ету ортасының жекелеген факторларына ұқсас талаптары бойынша топтастырылады. Бұл топтар экологиялық топтар немесе экоморфтар деп аталады. Экологиялық жағдайлар: ылғалдану жағдайы, жарық режимі, субстрат типі мен топырақ сипаттамасы, элементтер құрамы, тұқым мен жемістің таралу тәсілі т.б. көрсеткіштер бойынша флораға талдау жасалады. Маңызды экологиялық факторлардың бірі болып түрлердің жарық, су және қоректік факторларға талабы саналады, бұл олардың белгілі бір қауымдастықтарда тіршілік ету жағдайын
анықтайды (Шенников, 1950; Mac Arthur, 1972). Осыған байланысты бірнеше экологиялық топтар бөлінеді:

– жарыққа талабына қарай (гелиофиттер (грекше – күн), сциофиттер (грекше – қараңғы) және көлеңкеге төзімді);
– топырақтың су режиміне талабына қарай (гигрофиттер, мезофиттер, ксерофиттер);
– топырақтың белгілі бір қоректік режиміне талабына қарай (эвтрофтар, мезотрофтар және олиготрофтар);
– топырақ реакциясы көрсеткішіне қарай (ацидофиллдер (рН 7-ден төмен), нейтрофиллдер (рН 7-ге тең), базофиллдер (рН 7-ден жоғары).

        Экологиялық талдау көп жағдайларда топырақ реакциясы (қышқыл, бейтарап, сілтілі) мен өсімдіктердің ылғалға талабы бойынша жүргізіледі (Викторов С.В., Ремезова Г.Л., 1988;Биологический контроль.., 2007).
        Мезофиттер (М) (грекше mesos – орташа, аралық) –топырақ реакциясы бейтарап және ауа мен топырақ ылғалдылығыорташа ортада өсуге бейімделген өсімдіктер. Олардың жақсы дамыған ірі тақталы жапырағы болады, жапырақтары түктенбеген, кейде аздап қана түктенген болып келеді. Мезофиттерге қоңыржай белдеудің көп таралған шалғындық, орман өсімдіктері, ауыл шаруашылық дақылдары жатады.
        Ксерофиттер (X) (грекше xeros – құрғақ) – топырақ реакциясы бейтарап және ылғал жетіспеушілігі байқалатын жағдайда өсетін өсімдіктер. Ұзақ уақыт атмосфералық және топырақ құрғақшылығына төзімді (су жетіспегенде 20-50% дейін солуы мүмкін). Қолайсыз жағдайларда ксерофиттер өсуін тоқтатады, ішінара немесе толықтай жапырағын түсіріп депрессия күйінде болуы мүмкін. ксерофиттер суккуленттер мен склерофиттерге бөлінеді. Суккуленттер (sukkulentus – жуан, шырынды) – ылғалы тапшы аймақтарда, ылғал қорын сабағында немесе жапырағында сақтап өсетін өсімдіктер (кактус, алоэ, сүттіген, қызыл сораң т.б.). Склерофиттер (skleros – қатты) – жапырақтары мен сабақтары қатты, құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер. Суккуленттерден айырмашылығы ылғал қорын жинамайды. Олар аласа, тамыр жүйесі жақсы дамыған, жапырақтары көбінесе майда, құрғақ, қабыршақты, тікенді немесе өте күшті тілімделген болып келеді. Склерофиттерге шөл, шөлдала, дала аймағында кең таралған сексеуіл (Haloxylon
persicum, H. aphyllum), жантақ (Alhagi pseudalhagi), жусан, ақселеу, жүзгін т.б. жатады.
        Мезоксерофиттер (MX) аралық топқа жатады, олардың қысқа мерзімді құрғақшылыққа бейімделушілік қабілеті бар. Бұл 143 топқа жататын өсімдіктердің көпшілігінің тереңге кететін тамыр жүйесі болады, транспирациясы қарқынды өтеді және ұлпалары су жетіспеушілігіне төзімсіз.
        Гигрофиттер (Hg) (грекше hydros – ылғалды, phyton – өсімдік) – ылғалды жерде өсетін өсімдіктер, топырақ реакциясынейтральды жағдайда өседі. Олардың тамыры, сабағы менжапырақтарында ауатолтырылған қуыстары (аэренхимасы) болады, тамыр жүйесі нашар дамыған, механикалық ұлпалары
нашар жетілген. Көбінесе батпақтарда, су жағалауында,батпақтанған шалғындар мен ормандарда кездеседі.
        Мезогигрофиттер (MHg) мезофиттер мен гигрофиттердіңаралық тобын құрайды.
        Гидрофиттер (Hd) (грекше hygor – су) – су өсімдіктері, суайдындарының түбіне бекитін, су бетінде бос қалқып жүзіпжүретін немесе суға толық батып, кей жағдайда су бетінен текқана жапырақтары мен гүл шоғырлары ғана көрініп тұратынөсімдіктер жатады.
        Галофиттер () – сілтілі топырақта өсетін тұзға төзімдіөсімдіктер. Оларға галоксерофиттер (НаХ),галомезоксерофиттер (НаМХ), галомезофиттер (НаМ),галогигрофиттер (НаHg) және галогидрофиттер (HaHd)жатады.

...

Скачать:   txt (47.7 Kb)   pdf (198.5 Kb)   docx (786.6 Kb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club