Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қасқабай Мұқанов

Автор:   •  Октябрь 14, 2021  •  Доклад  •  3,029 Слов (13 Страниц)  •  328 Просмотры

Страница 1 из 13

Кемеңгер Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы көпір

 

Әр адамға кіндік қаны тамған, балалық шағының ең қызық кездері өткен жер ыстық қой. Біздің ата – бабаларымыз Қазақстандағы ең ірі өзендер  Іле мен Шу бойында жайлаған. Осы өлке туралы жазушы Қасқабай Мұқанов   екі өзен бойындағы Ысты – Жауатар елінің шежіресін жасауға салмақты, сүбелі үлес қосты. Сонымен бірге жазушы  ағаларымыз Бек Тоғыспаев және Болат Бодаубаев осы өлке туралы әдемілеп, тартымды етіп жазды. Мәселен Бек Тоғыспаев өткен ғасырдағы осы аймақтағы адамдардың әрқилы тағдыры суреттелген повестер жазды. Осы өлкеде өмір сүрген   біздің әулет Бекбаул деген жетінші атамыздан – Қожамсейіт, Наурызбай, Күнбас, Мәуи, Әбу болып тараламыз. Әкем Әбу Алматы облысы, Балқаш ауданы, «Бала - Топар» ауылында (бұрынғы 11 ауыл) дүниеге келген. Анам Танаш  Іле өзенінің бойында «Төрт көл» деген жерде өмірге келіпті. Әкесі Тортай деген байдың ерке қызы болып өскен. Жасында ескіше оқыған, көрікті, сүйкімді, маңдайы жалпақ, көзінен мейрімділік төгіп тұратындай жан еді. Анамның вокальдік қабілеті бар, әнді жақсы көруші еді, бос кезінде радиодан қазақтың халық әндерін тыңдауды жақсы көретін, ұнататын, сүйетін. Анам қүлаққа жағымды әдемі нәзік даусымен үйде ән салушы еді.көптеген  Қазақтың халық әндерін жатқа айтатын. Жиын тойларда ауыл адамдарының қолдауымен, сұраныстары бойынша өзіне тән даусымен, әннің сөздерін бұзбай ән салушы еді, негізінен халық өндері «Құралай», «Қызыл - Бидай», «Дедім - ай» тағы басқалары еді. Апам өскен «Төрт - Көл», «Ақ - Бастау» ауылдарының халқы ер жүрек, батыр, қайратты, қажырлы сөзге өткір болуып келеді және осы ауылдан көптеген жастары Казақ Ұлттық университеті мен Қазақ педагогикалық институтының тіл мамандығын бітіріп, көбісі қазақ және орыс тілдерінен жоғарғы оқу орындарында, ауылдағы мектептрде сабақ береді. Олардың бойындағы осындай сөйлей білу, шешендік қасиеттері сол Бөлтірік бабамыздан берілсе керек.              

Сол 1929 жылы күз айларында Голошокин Қазақстанға бірінші секретарь болып келгенде әкесі компискеленді. Ол кезде саясат қыйындау  кез әкесі Тортай бай алғашқы байлармен бірге түйе, жылқы, сиырлары мен уақ қой, ешкілерін конпескеленіп алған соң, Оралға айдалған екен. Әсіресе жылқылары көп болса керек, сол жаз айларында Іле өзенінің аңғарын,  Анарқай, Шу – Іле  таулары мен жоталарына созылып сыймай жайылып жатады екен.  Әкесі компескеленген қыз менің әкеме тұрмысқа шыққан екен.

Әкем айтушы еді балам ағайын тумалардан алшақтама. Біздің ата жұрт, атамекен Іле – Топар болады. Іле бойы, қалың қамыс, жыңғыл, сексуіл өседі. Біздің елде еш уақытта  жұт болмайды. Біздің елде қызыл барыс, хангүлі, неше түрлі еліктер, қарақұйрықтар, қабандар, түлкілер, қарсақтар, доңыздар көптеп кездеседі, қасқырлар сексеуілдің түбінде жататын. Көлдерінде көптеген құстар. Әсіресе жаз, күз айларында  қаздар, үйректер және аққулар кездеседі. Қырғауылдар саны өте көп, қамыс арасынан  он - онбестен ұшып шығып жатады, суында наше түрлі балықтар бар.   Барып тұрсаң көптеген аң мен құстарды көрер едің деуші еді. Бүгінде жылына бірнеше рет атамекен Іле – Топарға әсіресе көктем, жаз, күз мезгілдерінде барып тұрамын және қаңтар айының басында жылда Құлмақановтар әулетінен соғым сойып әкеп тұрамын.  Соғым сойып алуға барған кездерімізде қызым Айгүлдің жолдасы  Марал сол ауылда тұратын аңшы орыс жігітінің  аңшы итімен  аңшылыққа барып қырғаул атып дем алып қайтатын. Марал болса жылда соғымға барғанда  6 – 7 қырғауыл атады,

Бүгінде мен ата бабаларымыздың өсіп өнген жеріне барып, суына шомылып, құмына аунап, балығын аулап, аң – құстарын атып қызықтап тұрамын. Кезінде заманымыздың заңғар ұлы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев  Іле өзенінің арнасына Америкадан ондатра (су тышканын) әкеп жіберді және ол үлкен өндіріске айналып еді ғой.  Сонымен бірге Іле өзеніне бағаалы балық тұқымдарын (Амур т.б.) жіберуді ұйымдастырды. Өзінің өскен жері, бабалары мен тума – туыстары тұратын Іле – Балқаш өңіріне «Жел - Тұранғы» ауылына жылына бірнеше рет барып тұратын.                  Осы өңірді игеруге көп қаржат бөлгізіп, ақ мағалымдар менржан күріш егісінің алқаптарының кең көлем жайылуы осы кісінің арқасы емес пе. Осы дақылдың егіс көлемінің күрт дамына жол ашты. Ғалымдар мен топырақтану институтының профессорларымен Ақдала Бақанас ауданының топырағын зерттеп күріш дақылын егеуге болатынын дәлелдеп, осы егістің көлемін күрт арттырды. Бүгінде Балқаш өңірінде алғашқы рет ақ маржан күріш егісі 160 мың гектарға жетті. Осының барлығы өзі өскен елге жасаған іс емес пе. Дінмұхамед Қонаев есімі ел тарихында мәңгі сақталады және ол кісі туралы деректер мектеп бағдарламасына енгізіліуі керек. Қонаевқа көптеген кинофилмдер түсіріліп, көркем шығармалар жазылса және «Қазақ үшін мақтана алатын жастарды қалыптастырғымыз келсе, мегаполистер ғана емес, әрбір облыс, әрбір аудан, тіпті әрбір ауыл орталығында кемеңгер Дінмұхамед  Қонаевтың портреттері, мүсіндері асқақтап тұруы керек», кешегі желтоқсан оқиғасында студенттерімізбен, жас жұмысшыларымыз Қонаев, Қонаев деп ұрандап көшеге лық толып  шыққан жоқ па, қолдаарына плакаттар ұстаған жастарымызды көргенде ішіміз жылынып және марқайып қалдық емес пе. Біздің ел ата бабаларымыздың арқасында көзді қызықтырмай қоймайтындай ұлан – асыр байлыққа ие, ұлан – ғайыр кеңістіктерді иемденіп отырмыз. Бүгінде  Қазақстан даласы дәнге де, малға да, кенге де бай, дархан дала екені даусыз.  Жан жағымыздан алып елдер көздерін біздің жерімізге алартып отырғанда неге біз осы қазақтың Асқар Алатаудай ұлы Д.А.Қонаевтың істерін ұрпаққа насихаттап, жас жеткіншектердің ұлтжанды, патриоттық сана сезімі жоғары дәрежеде қалыптастыру біздің мақсатымыз емес пе. Ол кісінің Қазақ халқының егемендігін алуда да алатын орны ерекше екені белгілі, неге біз осы күнге шейін өзі тұрғызған 49 қаланың біреуінің атауына сол кісінің атын берсек, қандай жарасымды!, құлаққа жағымды естілер еді және жас ұрпаққа тағылым болар еді.  Мұндай игі істер жүзеге асса кім – кімнің қуанары анық қой. «Өлі разы болмай, тірі байымайды» дейді қазақ. Бәрінен бұрын Дінмұхамед Қонаевтың аруағы  алдында бір парызымызды өтер едік – ау! Сол Ридер қаласын өзі жақсы көретін, сол кісінің атымен атасақ, көптік етпейтін шағар. Ол кісінің жүрген өмір жолын үлгі ету, сонымен бірге «Қазақстан тарихы» оқулығына, «Өлке тану тарихы» туралы матералдар енгізу маңызды. Оны білу жас ұрпаққа тәрбие үшін қажет. Мен университеттің тапсырмасымен мамыр айының басында автобусқа «Бақанас» ауылына билет алып жолға шықтым. Автобус бір сағатта Қапшағай қаласына келіп автовокзалға тоқтап, билеттері бар жолаушыларды мінгізіп алып Балқаш ауылының ауылдарына жол тарттық. Сол жолы  Балхаш ауданының Лесхозының директорымен үзеңгілес  болыдым Бақанас ауылына бара жатқан жолымда. Ол кісі менің  жанымдағы бос орынға келіп жайғасты да, біраздан соң әңгіме бастады – Жолың болсын, інішек. Жолды әңгіме қысқартады.

...

Скачать:   txt (36.5 Kb)   pdf (99.6 Kb)   docx (17.1 Kb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club