Тұлғаның әлеуметтенуі тақырыбымен үндес Абай өсиеті
Автор: Индира Айкуз • Ноябрь 21, 2021 • Эссе • 492 Слов (2 Страниц) • 440 Просмотры
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті[pic 1]
Эссе
Тұлғаның әлеуметтенуі тақырыбымен үндес Абай өсиеті
Орындағандар: Айкуз Индира, Айбекқызы Гүлнұр, Аймұратқызы Құралай, Амангелдиева Мархабат, Амирбек Ақниет, Асылбек Сымбат, Әдбіқалық Толғанай.
Қабылдаған: Арын Д.А.
Тобы: ҚТӘ-101
Әлеуметтену – өзара әрекеттесудің маңызды түрі, адамның қоғамның толыққанды мүшесі ретінде қалыптасуы, адамның биологиялық ағзадан әлеуметтік ағзаға айналу процесі.
Жеке тұлғаны әлеуметтендіру көздері: ерте балалық шақтың алғашқы тәжірибесі-психикалық функцияларды және әлеуметтік мінез-құлықтың қарапайым формаларын қалыптастыру; әлеуметтік институттар-тәрбие, оқыту және білім беру жүйелері; қарым-қатынас пен іс-әрекет процесінде адамдардың өзара әсері.
«Адамның жақсы болуы тегінде емес, тәрбиесінде, ақылында, өнер-білімінде. Адамға үш алуан мінез жұғады: ата-анадан, ұстазынан, құрбысынан. Әсіресе, олардың қайсысын жақсы көрсе, содан көп жұғады»-деген Абай атамыздың өсиеті тұлғаның әлеуметенуі тақырыбын бір ауыз сөзбен-ақ жеткізіп тастағандай. Адам баласы дүние есігін ашқан сәттен бастап, белгілі бір әлеуметтік институттың мүшесі болып саналады. «Адам есін білмей, қалайша әлеуметтік институтқа кіре алады?»-деген сұрағыңыздың жауабы отбасы институтынан бастау алады. Отбасы-тұлғаны әлеуметтендіру процесінің негізгі іргестасы.
Отбасы – ер мен әйелдің некелесуі негізінде құрылатын әлеуметтік топ, әлеуметтік институт. Ұлы Абай «Ата-анадан»-деп атап көрсеткендей, мұндағы ата-ана-отбасыны құрушы, тұлғаларды тәрбиелеуші, өзге де әлеуметтік институттарға, процестерге бейімдеуші ең негізгі екі тұлға. Отбасының атқаратын қызметі (функциясы):
- Репродуктивті - баланың туылуы, яғни халық санын көбейтуге үлес қосу;
- Тәрбиелеу;
- Әлеуметтендіруші,
- Асырауындағы балаларға, қарттарға, науқастарға, мүгедектерге қамқорлық көрсету, экономикалық қолдау;
...