Асқазан-ішектен қан кету. Геморрагиялық шок
Автор: Ramesh Ahlidinov • Февраль 7, 2021 • Лекция • 792 Слов (4 Страниц) • 775 Просмотры
Тақырыбы: Асқазан-ішектен қан кету. Геморрагиялық шок.
Мақсаты: Студент асқазаннан қан кету кезінде шұғыл көмек көрсету және диагностика жүргізе білу, клиникалық дағдыларды және командада жұмыс жасай білу керек. клиникалық дағдыларын және кәсібейлік
Оқыту мақсаты:
Студент білу керек:
• ЖЖ жағдайында геморрагиялық шокты және асқазаннан қан кетудің негізгі диагностмкалық принциптерін білу
• геморрагиялық шок және асқазаннан қан кету кезінде алғашқы медицинадық дәрігерлік көмек көрсете білу
• ауруханаға дейінгі кезеңде науқасқа кеңес бере білу және өз-ара қарым қатынасты дұрыс жүргізуді үйрену
• ЖЖ бригадасында командамен бірге жұмыс жасауды білу
Оқытудың және білім берудің мақсаты : манекенде жұмыс істеу дағдылары, шағын топтарда клиникалық есептерді талқылау, кері байланыс.
Тақырыпқа дайындалу үшін негізгі сұрақтар:
1. Асқазаннан қан кетуді анықтау.
2. Геморрагиялық шокты анықтау.
3. Асқазаннан қан кетудің негізгі себептері
4. Асқазаннан қан кетудің этиопатогенезі.
5. Асқазаннан қан кетудің жіктелуі.
6. Асқазаннан қан кету кезінде науқасты тексеру алгоритмі.
7. Асқазаннан қан кетудің клиникалық көрінісі.
8. Геморрагиялық шоктың клиникалық көрінісі.
9. Асқазаннан қан кету кезінде ажыратпалы диагностика.
10. Асқазаннан қан кету және оның асқынысы кезінде ауруханаға дейінгі кезеңде шұғыл көмек және диагностика.
№1 ТАПСЫРМА
Ер адам, 52 жаста. Шақыру себебі: қан аралас құсу.
Шаымдары: АҚ төмендеуі, «кофе қоюы» тәрізді 3 реттік құсу, 2 рет май тәрізді нәжіс, құлаұтағы шу, жүрек қағу сезімі, әлсіздік, тез шаршау, тершеңдік, бас айналу.
Анамнезі: Мұндай жағдай бірінші рет. Соңғы 6 жылда диета немесе тамақтану режимін бұзғанда, іштің жоғарғы бөлігінде кезеңді ауырсынуды байқайды. Дәрігерге қаралмаған, тексерілмеген. Ешқандай дәрі қабылдамаған. Жағдайының нашарлауын алкоголмен байланыстырады.
Зиянды әдеттері: күніне 1 қорап темекі шегеді. Кезеңді түрде алкоголь қолданады.
Объективті: Жалпы жағдайы ауыр. Тері қабаттары бозарған, ылғалдылығы жоғары, шырышты қабаттары бозарған. Аяқта шеткері ісінулер жоқ. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ-28 рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. АҚ - 80/50 мм.сын.бағ. ЖЖЖ - Ps- 104 рет минутына. Тілі құрғақ. Пальпацияда іші жұмсақ, эпигастри аймағында ауырсыну бар. Бауыр қабырға доғасында. Көкбауыр пальпацияланбайды. Үлкен дәреті майлы. Құсу 3 рет «кофе қоюы» тәрізді. Қарау кезінде құсу және үлкен дәреті жоқ. Пациенттің айтуы бойынша зәр шығаруы еркін, ауырсынусыз, аз көлемде (шамамен 0,8-0,9 л).
ЕСЕПКЕ ТАПСЫРМА
1.Болжам диагнозды тужырымдау.
2. Болжам диагнозды негіздеу.
3. Жетекші синдром бойынша ажыратпалы диагноз жүргізу.
4. Науқасқа шұғыл көмек көрсету алгоритмін анықтау және әрі қарай жүргізу тактикасы.
№1 Тапсырманың жауаптары
1. Асқазан-ішектен қан кету. Геморрагиялық шок II.
2. Пациенттің шағымдарына, анемнезіне және қосымша зерттеу әдістеріне негізделіп диагноз қойылады.
3. Әртүрлі генезді шоктармен, ішек,тен, өкпеден қан кетумен ажыратпалы ыдиагностика жүргізіледі.
4. Көмек көрсету алгоритмі:
- эпигастр аймағына суық қою
- пациенттің аяғын 20 градусқа көтеріп жатқызу
- ылғалды оттегі беру
- этамзилат 12,5 % 2-4 мл к/і
- амимнокапрон қышқылы 100 -200 мл к/і тамшылатып
...