Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Цитология пәнінің мақсаты және тарихы. Жасуша теориясы және зерттеу әдістері

Автор:   •  Май 17, 2022  •  Лекция  •  25,332 Слов (102 Страниц)  •  539 Просмотры

Страница 1 из 102

зерттеуге лекция 1. лЛЛ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  УНИВЕРСИТЕТІ

Жасуша биологиясы пәні

 (Лекция тезистері)

Шымкент 2021

1-лекция

Цитология пәнінің мақсаты және тарихы. Жасуша теориясы және зерттеу әдістері.

Жоспар

1.Цито және гистохимиялық әдістер

2.Иммуноцито- және иммуногистохимиялық зерттеу  әдістері. 

3.Авторадиографиялық (немесе радиоавтографиялық) әдіс.

Кіріспе

         Микроскоптың шығу тарихы толық анық емес. Бырақта микроскопты  жасап шығаруда козілдірік өндірісінің кейбір әсерінің күмәнсіз. Козілдірік 1285 жылы Италияда шыққан.  Кейбір аңыздарға қарағанда алғашқы микраскопты галландиялық оптиктер Янсендер 1590 жылы жасап шығарған. 1612 жылы Галлилей де микроскопты құрастырған. Алғашқы микроскоп ғылыми зерттеу құралы болған, оған ойыншақ ретінде қараған. Ағылшын математигі, физігі және механигі Роберт Гук 1665 жылы өзі жасаған микроскоп арқылы тығынның құрылысын қарап, оның ұяшықтардан тұратынын анықтаған. Осы ұяшықтарды клетка деп атаған. Сонымен Р. Гук «клетка» деген дерминді қалдырған. Бұл қазіргі түсініктегі клетканың ашылуы емес. Кейінірек осы  XVII ғасырда Грю мен                                   Мальпиги микроскопты қолдана отырып өсімдіктердің құрылысын зерттеген. 1671 жылы      Мальпиги «Өсімдіктер анатомиясы жөніндегі түсініктер» деген еңбегін, 1672-1675 жылдарда  «Өсімдік анатомиясы»  атты кітабын жариялаған.1671 жылы Грю «Өсімдіктер анатомиясы бастамасы» деген еңбегін Лондон Корелевалық қоғамына тапсырған. Мальпиги әсіресе Грю өсімдіктердің микроскопиялық құрылысын зерттей отырып, өсімдіктердің әр түрлі бөліктерінің құрамында «көпіршіктердің» болатынын анықтаған. Өсімдіктердің клеткалық құрылысын көрген,  XVII ғасырдың ұлы микроскопшілерінің бірі А. Левегук, бырақ та ол өз жаңалықтарының маңызына түсіне алмаған.  А. Левегук жануарлардың клеткаларында – эритроциттерді, спермотозоидтарды, бір клеткалы жануарларды бірінші болып көрген. Сонымен  XVII ғасырда өсімдіктердің  «клеткалық құрылысы» ашылған. Брақ та шын мағынасындағы клетка осы ғасырдың оқымыстыларына белгісіз болған.

XVII ғасырда микроскоптың құрылысы жабайы күйінде қалған.

XVII ғасырда микроскоптың құрылысына елеулі жаңалықтар енбеген, теқ қана азды-көпті штативі ғана жаңартылған. Бұның себебі XVIII ғасырдың ғалымдары микроскопқа көңілді аз аударған. XVIII ғасырда және XIX ғасырдың бас кезінде өткен ғасырдағы мәліметтерге елеулі жаңалықтар қосылған. XVII және XVIII ғасырларда өсімдік клеткасының қабықшасы ғана белгілі болған. XIX ғасырдың басында зерттеушілер өздерінің назарын клетканың ішкі бөліктеріне аудара бастаған.       XIX ғасырдың бірінші ширегінде клеткада ядро (1825) байқалған. Оны тауық жұмырқасынан тауып, ұрық көпіршігі деп атаған. Кейін өсімдік клеткасының ядросын 1831 жылы Р. Броун ашқан. Осыдан соң клетканың  қалған құрылымын атау үшін Пуркинье протоплазма (1839-1840) деген терминді енгізген. Сонымен XIX ғасырдың бірінші үш он жылында өсімдіктер анатомиясындаелеулі жаңалықтар ашылған. Егер де XIX ғасырдың басында клетканың не екені және өсімдіктердің клеткалық құрылысының маңызы жөніндегі мәселе анық болмаған болса,  өткен ғасырдың екінші ширегінің бас кезінде жағдай өзгерді. Клетканы барлық өсімдіктер әлемінің құрылымдық элементі деп саналады.

XIX ғасырдың басында микроскопиялық зерттеулердің  кең таралыуы  клеткалық құрылыс  өсімдіктер емес жануарлар организіміне тән екенін көрсетті. Бұл бағытта көп еңбек сіңдірген Я.Пуркинье мен  И. Мюллердің мектептері. Ян Эвангелиста Пуркинье өзінің шәкіртерімен бірге (әсіресе Валентинмен) адам мен жануарлардың әр түрлі ұлпаларын зерттеген.

Пуркинье микроскопиялық анатомияның негізін ғана қалаушы емес, сонымен бірге микроскопиялық техниканың да негізін салушының бірі. Иоганнес Мюллер мектебінің еңбектері ғылым тарихында ерекше орын алды. Оның шәкірттерінің Т.Шванның, Я.Генленің, Р.Ремактың, гистологияның негізін салушылардың бірі А.Келликердің, Э.Дюбуа-Реймонның,  Р.Вирховтың,  Э.Геккельдің, И.М.Сеченотың еңбектері бүкіл әлемге мәлім. 1838 және 1839 жылдары немістің екі ғалымы, ботаник М.Шлейден мен зоолог Т.Шванн, көптеген деректі материялдарға сүйеніп клеткалық теорияны құрастыған. Т.Шванн клетканы өсімдіктер мен жануарлардың универсалдық құрылымдық компоненті деп қарастырады. М.Шлеиден мен Т.Шванн  организмдегі клеткалар алғашқы клеткалық құрылысы жоқ заттан пайда болады  деп қате түсінген. Клеткалық теория барлық тірі табиғаттың біртұтас екенін дәлелдемесе Клеткалық теорияны XIX ғасырдағы үш жаңалықтың (энергия тұрақтылық заңы, клеткалықтеория және Ч. Дарвинның эвалюциялық ілімі) бірі деп жоғары бағалады. Клеткалық теория шыққанан кейін 20 жылдан соң немістің ұлы дәрігері Рудольф Вирхов (1859) клетка клеткадан пайда болады деген қорытынды жасап клеткалық теорияны одан әрі дамытты.

...

Скачать:   txt (373.9 Kb)   pdf (659 Kb)   docx (144.6 Kb)  
Продолжить читать еще 101 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club