Нарынқол өңірінде кездесетін дәрілік өсімдіктер
Автор: Beautiful • Декабрь 25, 2018 • Реферат • 471 Слов (2 Страниц) • 868 Просмотры
Алматы облысы
Райымбек ауданы
Тельман Жанұзақов орта мектебі
Айтақын Сандуғаш Айтақынқызы
Ғылыми жетекшісі:Әбдіқадірова Ғалия
Жетекшісі:Дауталиева Гүлзада
Зерттеу тақырыбы: «Нарынқол өңірінде кездесетін дәрілік өсімдіктер»
Зерттеу мақсаты: “Мың теңгелік дәрі дәл шарбағыңның түбінде өсіп тұр” деп халық даналығында айтылған,сол емдік қасиетке ие өсімдіктерді табу,тану,пайдалану арқылы кейбір ауруларды емдеуге қол жеткізу.
Зерттеу міндеттері:
1.Менің бұл өсімдіктерді зерттеу себебім,ауылымызда өсетін дәрілік шөптердің әлі де медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ.
2.Табиғи шөптердің химиялық жолмен алынған дәрі-дәрмектерден әлде қайда арзан,әлде қайда тиімді екендігін көрсету.
Мысалы,ауылымызда өсетін:долана,қайың,қарағай,арша,шырғанақ,жолжелкен,түймедақ,сасық меңдуана,қалақай,жоңышқа,ермен және де тағы басқа дәрілік өсімдіктердің көптеген түрлері бар.
Нәтижеге жету жолдары:
1.Пайдалану мөлшері мен ұзақтығы;
2.Дәрілік шөптерді жинау мерзімдерін білу;
3.Пайдалану нәтижесін көру.
Зерттеу жұмысының қысқаша мазмұны мен түйіні:
Жалпы зерттеу жұмысының мазмұны емдік,шипалық шөптерді дәл мерзімінде жинап,кептіріп, пайдалану арқылы ем қабылдаушының жағдайының өзгергендігін 3 жыл бойы медициналық сараптамалар арқылы анықтау.Өңірімізде кездесетін дәрілік шөптердің түрлері анықталып,зерттелді.Емдік шөптердің әр түрлі ауруларға әсерін анықтадық.Дәріханадан алынған дәрілердің адам ағзасына кері әсері,иммунитетін түсіріп,әр түрлі аллергиялар тудырып жатады. Сондықтан да кейбір аурулардың түрлерін осындай шөптермен де емдеуге болатынына көз жеткіздік.Зерттеу жұмысын қорыта келгенде,біз қойған гипотеза дәлелденді деп айтуға болады.Отандық дәрілерді жасауда Нарынқол аймағында өсетін өсімдіктерді де пайдаланса,өңірде өсетін емдік қасиетті өсімдіктерді жас ұрпақ білу мақсатында дүниетану бағларламасында енгізсе.
...