Микроэлементтер алмасуы бұзылуының диагностикасы
Автор: Lazzat Kanaeva • Октябрь 13, 2020 • Реферат • 3,331 Слов (14 Страниц) • 915 Просмотры
Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамы
[pic 1]
Реферат
«Клиникалық ветеринарлық медицина»
кафедрасы
Тақырыбы: Микроэлементтер алмасуы бұзылуының диагностикасы
Орындаған:
Тексерген:
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Кальций мен фосфордың жануар ағзасындағы биологиялық ролі
2.Азық құрамындағы микроэлементтердің организмге тигізетін әсері
3. Микроэлементтердің жетіспеуіненен туындайтын аурулар
III. Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Микроэлементтер – топырақта, тау жыныстарында, қазба көмірлерде, табиғи және минералды суларда, организмдерде (аз мөлшерде 0,01 – 0,1% не одан төмен) кездесетін химиялық элементтер. Микроэлементтерге Ал, Фе, Цұ, Мн, Зн, Мо, Цо, І, т.б. жатады. Олар бірқатар ферменттердің, витаминдердің, гормондардың, тыныс алу пигменттерінің құрамына кіреді. Академик В.Вернадский Микроэлементтердің биосферадағы таралуының бірнеше заңдылықтары бар екенін зерттеді. 30-дан астам Микроэлементтер адам, жануар және өсімдік тіршілігіне өте қажет. Микроэлементтердің артық не кем болуы организмдегі зат алмасу процесін бұзады. Микроэлементтер өсімдіктің организміне топырақпен, ал жануарлар мен адам организміне тамақпен ауысады. Микроэлементтер бойдың өсуіне (жануарларда – Мн, Зн, І), қанның түзілуіне (Фе, Цұ, Цо), т.б. әсер етеді. Егер өсімдік құрамында бор болған жағдайда ол азот, фосфор және калийді жақсы сіңіреді. Бор жетіспегенде өсімдік тұқымы нашарлайды, әр түрлі ауруларға шалдығады. Марганец пен мырыш тотығу - тотықсыздану процесін жылдамдатып, өсімдіктің өсуін тездетеді. Мыс тотығу ферменттерінің құрамына кіреді және В тобы витаминдерінің синтезін белсендендіреді. Йод адам және жануарлар организміндегі тироксин гормонының қызметін жақсартады. Микроэлементтер мұнай, газ және полиметалл кендерін іздеуге, ауыл шауашылығындағы дақылдарының өнімділігін арттыруға (микротыңайтқыштар), т.б. пайдаланылады.
[pic 2]
1-сурет. Микроэлементтер
Негізгі бөлім
1. Кальций мен фосфордың жануар ағзасындағы биологиялық ролі
Са ерімеген тұздар Са3(РО4)2, Са+-2, СаСО3, гидроксипатит Са10(РО4)6(ОН)3 түрінде сүйекті тканнің органикалық емес фракциясының түзілуіне қатысады.
Бұлшық ет жасушаларының саркоплазматикалық торында болатын Са бұлшық еттің жиырылуы мен жазылуына қатысады.
Ферменттердің активаторы ретінде қан ұюының көптеген сатыларына қатысады.
Жүйке импульсін өткізуге қатысады.
Мембраналардың өткізгіштігін азайтады.
Тканді коллоидтардың суды байланыстыру қабілеті төмендейді.
Бірқатар ферменттерді (актомиозин –АТФ-аза, амилаза) активтендіреді және ұйқы безінің трипсині мен амилазасын тұрақтандырады.
Организмнің жалпы ерекшелік емес резистенттілігін жоғарлатады.
Са биологиялық импульсті (гормондар), әр түрлі типтегі клеткаларға беруде сарапшы ретінде қатысады. Са-дың клеткалық процестерге қатысуы оның цАМФ-пен және бірқатар ферменттердіңактиваторы болып қызмет атқаратын ерекшелік кальцийбайланыстырушы белоктармен өзара әсерімен жанамаланған.
...