Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Нәруыз алмасуы.Жалпы мәліметтер

Автор:   •  Декабрь 6, 2018  •  Реферат  •  2,526 Слов (11 Страниц)  •  4,535 Просмотры

Страница 1 из 11

«Астана Медицина университеті» АҚ[pic 2]

«Молекулалық биология және медициналық генетика» кафедрасы

[pic 3]

Орындаған: Жанат Ж.М. 126-ЖМ

Тексерген: Тулепбергенова С.А.

Астана 2018

Жоспар:

  • Кіріспе  ...............................................................................................................2
  • Негізгі бөлім:  

     а)Нәруыз алмасуы.Жалпы мәліметтер .......................................................3

     b)Нәруыз алмасуының кезеңдері.................................................................4

     с)Азоттық баланс ..........................................................................................6

     d)Нәруыз алмасуының реттелуі ..................................................................7

     е)Нәруыз алмасуының бұзылуынан болатын патологиялық жағдайлар.9

  • Қорытынды ......................................................................................................11
  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..................................................................12

Нәруыз тірі организмнің негізін құрайды, онсыз өмір жоқ. Карл Маркстің пікірі бойынша: «Тіршілік — нәруыз заттарының өмір сүру формасы». Нәруыздар органикалық заттар дамуының ең жоғарғы сатысы және жер бетіндегі тіршіліктің негізі, организмнің тірек жүйесі, бұлшықет, жамылғы ұлпалары ақуыздардан құралған. Олар организмде әртүрлі маңызды қызмет атқарады: химиялық реакцияларды жүргізеді, дене мүшелерінің қызметтерін өзара үйлестіреді, аурулармен күреседі, т.б.

       Нәруыздардың құрамы мен құрылысы өте күрделі. Молекулалық массалары жүздеген мыңнан миллионға дейін жетеді. Олардың құрылымы бұзылса, денатурацияға ұшырап, организмдегі қызметін атқара алмайды.

       Нәруыздар гидролизденіп, аминқышқылдарын түзеді және өздеріне тән түсті реакциялары бар.

       Нәруыз – азықтың құрамына кіретін бүкіл тірі организмнің негізгі қорегі. Ол жасуша протоплазмасын құрумен қатар, организмдегі көптеген тіршілік құбылыстарына – тамақтану, өсу, көбею, тітіркену, қозғалу, тыныс алу процестеріне тікелей қатысады. Адам тәулігіне, шамамен, 80-100 г нәруыз қабылдауы керек. Азықпен түскен нәруыз әуелі асқазанда, сосын ішектегі ферменттердің әсерінен гидролизденіп, аминқышқылдарына дейін ыдырайды.

      Нәруыз тек тірі организмдер құрамында ғана болады. Оның құрамында 50,6 – 54,5% көміртек, 21,5 – 23,5% оттек, 6,5 – 7,3% сутек, 15 – 17,6% азот, 0,3 – 2,5% күкірт бар, кейде фосфор кездеседі. Осы элементтерден түзілетін амин қышқылдарының бір-бірімен байланысып қосылуы нәтижесінде нәруыз молекуласы түзіледі.

     Нәруыз туралы алғашқы мәліметтер XVIII ғасырдан белгілі. 1745 ж. италиялық ғалым Беккори бидай ұнынан лейковина деген нәруызды бөліп шығарған. 19 ғасырдың 30-жылдарында ет, жұмыртқа, сүт, өсімдік тұқымдарында нәруыздық заттар бар екені анықталды. Ғалымдардың содан бергі зерттеулері нәтижесінде барлық тірі организмдер жасушасында болатын тірі материя – протоплазма, негізінен, нәруыздан құралатыны анықталды.

        Ағзада үнемі нәруыз алмасуы жүріп тұрады.Ескі жасушалар жойылып, жаңалары түзіледі. Сондықтан, ағзаға нәруыз тағаммен үнемі түсіп отыруы керек. Нәруыз қажеттілігі, әсіресе, балаларда ағзаның өсуі кезінде, аяғы ауыр әйелдерде, ауыр аурудан айығу кезінде немесе спортпен шұғылданған кезде артады. Сау үлкен адамның ағзасында синтезделген нәруыз бен ыдыраған нәруыз мөлшері тең болады. Балаларда нәруыз ағзада тежеледі, ол ағзаның өсуіне әсер етеді.

        Басқа қоректік заттар сияқты, нәруыз алмасу процессі, метаболизмнің соңғы өнімі болып табылмайтындығымен күрделенеді. Яғни, ол ағза үшін қалыпты бола алатын біріншілік трансформациядан өтуі керек. Барлығы нәруыз молекуласының құрылымына байланысты. Біріншіден – ол көптеген ішкі байланыстары бар күрделі құрылым. Осыған қарамастан, органикалық қосылыстардың барлығы дерлік ақуыз тіндерінен тұрады, немесе аминқышқылдардың кейбір түрлерімен байланысты болады. Нәруыздар, ас қорыту жолында аминқышқылдар мен төменгі молекулалы полипептидтерге дейін ыдырайды.

...

Скачать:   txt (32.6 Kb)   pdf (261 Kb)   docx (163.6 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club