Көкөніс ауыспалы егістігінен алынған көкөністерді тапсыру жоспары
Автор: ayajazn123 • Май 16, 2018 • Курсовая работа • 2,927 Слов (12 Страниц) • 866 Просмотры
Кіріспе
Көкөністер адам қорегінде үлкен маңызды рөл атқарады. Оларда көмірсуы, белок, май бибкатализаторлар, дәрумендер органикалық қышқылдар, эфир майлары, фитонцидтер болады: өте құнды әсіресе жас көкөністер маңызды дәрумендердің мөлшері бойынша өсімдік өнімдерінің ішінде алдыңғы орындағылардың бірінде. Сондықтан емдік мақсатқа да қолданылады. Көкөніс диетасы склероздан, бауырды тұз қабаттағанда, бауыр тасынан, асқазан жарасынан, сәуле ауруынан және т.б. аурулардан емделгенде қолданылады.
Бұрынғы ССРО-ның МҒА қоректену институтының ұсынысы бойынша көкөністің бір адамға жылдық орташа мөлшері – 120-140 кг.
Көкөніс дақылдарының үлкен бөлігінің химиялық құрамында әр түрлі көмірсулар басым болады. Осы дақылдардың аз бөлігі белокті заттарды, айтарлықтай мол жинайды. Көмірсулардың құрамында құрғақ заттар жиынтығының 50% жуық мөлшерінде қарапайым қанттар басым келеді. Ассимиляциялық жапырақтар әдетте қанттарды аз жинақтайды. Ассимиляциялық міндетінен қалған және сұрыптаудың әсеріне қор жинау мүшесіне ауысқан жапырақтар,айталық ақ қауданды қырыққабат, қанттарды көптеп жинай алады. Көкөністерде көмірсуының жоғары молекулалы түрлері аз мөлшерде кездеседі, айтайық гемнцеллюлоза мен клетчатка дымқыл затқа шаққанда 1-2% қана.
Бұршақ тұқымдастарда, боташықта және ақжелкекте 2,5% крахмал болады, ол көкөністің басым бөлігінде оның мөлшері өте аз.
Көкөніс дақылдары біздің қорегіміздегі дәрумендердің негізгі көзі. Әр түрлі дәрумендерді өсімдіктің басқа мүшелерімен салыстырғанда ассимиляциялық мүшелері көбірек жинайды.Аскорбин қышқылына өте бай. 100 грамына 200 мг дейін жинайтындарға қызыл бұрыш, ақжелкек жапырақтары және брюссель капустасы жатады, ал қауданды капуста, тарна бұдан азырақ азырақ жинайды.
Көкөністер (калийдің, кальцийдің, фосфордың капуста, сәбіз), сондай – ақ темірдің (ақжелкеннің жапырақтары, жапырақты көкөністер) адам қорегіндегі негізгі көзі болып саналады. Микро және ультрамикроэлементтердің мөлшері өте өзгермелі капуста мол мөлшерде борды, мырышты, мысты; сәбіз – бор мен иодты; ақ сүттіген – кобальт пен стронцийді; шалғам – калиийді, стронцийді жинайды. Көкөніс және бақша дақылдарының химиялық құрамының өзгергіштігі сорттың биологиялық ерекшелігімен өсіру кезіндегі ауа райымен және өсіру тәсілімен анықталады.
Көкөністер адам ағзасында пайда болатын қышқылдарды бейтараптанбауға себепкер болады. Ең соңында көкөніс қомақты азық ретінде ас қорыту мүшелерінің дұрыс жұмыс істеуі үшін өте қажет, себебі ішектің жиырылуын реттейді және соның нәтижесінде ағзаның жалпы жағдайына қолайлы әсер етеді. Көкөністердің дәмдік сапаларына да көңіл бөлген дұрыс болады. Олардағы хош иісті заттар мен органикалық қышқылдар тәбетті шақырады, асқорыту бездерінің жұмысын күшейтеді тағамдық, дәмдік сапасын жақсартады және ағзаның оны жеңіл сіңіруіне мүмкіншілік жасайды. Көкөністердің осы ерекшелігін аспазшылықта, әсіресе емдік және балалар қорегінде кеңінен қолданылады.
Ежелден көптеген көкөніс дақылдарының емдік қасиеттері белгілі. Пияз бен сарымсақ ұсақ қан тамырларының кеңейуіне әсер етеді. Саумалдық пен брюссель капустасындағы фоли қышқылы антисклеротикалық қасиетке ие. Баклажанмен қоректену қан ағы холестериннің мөлшерін азайтады. Капустаның сөліндегі дәруменнің жара ауруларын емдегенде көмегі зор. Пияздағы, сарымсақтағы, ақжелкендегі фитонцидтердің бактериялар мен саңырауқұлақтары жоюшы әсері бар.
Көкөністердің жүйке – жүйесінің ішкі мүшелер секрециясының және асқорыту мүшелерінің қызметін реттеуші рөлі өте зор. «Егер адам күнде жас көкөніспен қоректенсе, өз өмірін ең аз дегенде 1/3-ге ұзартар едім», - деген ұлы физиолог И.П.Павлов.
I бөлім.
Көкөніс ауыспалы егістігінен алынған көкөністерді тапсыру жоспары
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, «Аяжан» ШҚ. 2018ж.
№ | Дақыл | Аудан, га | Өнімділік, ц/га | жалпы өнімділік | Өнімді пайдалану мақсаты | |
барлығы | оның ішінде ерте алынатыны | |||||
1 | Ерте қызанақ | 12 | 300 | 360 | 360 | сату |
2 | Тәтті бұрыш | 12 | 350 | 420 | сату | |
3 | Қияр | 12 | 300 | 360 | сату өңдеу | |
4 | Қауын | 12 | 200 | 240 | сату | |
5 | Қарбыз | 12 | 250 | 375 | сату | |
6 | Күздік бидай | 12 | 40 | 48 | сату |
II бөлім. Шаруашылықтың топырақ және климат жағдайы
Облыстың топырақ жамылғысы әр алуан түрлі. Облыс территориясы шөл және шөлейт зонасында жатқандықтан оның топырағы – өсімдік жамылғысы да шө зонасына тән. Көпшілік бөлігінде сұр және қоңыр құмды – құмайт топырақ түрлері басым. Сыр даласының топырағы құнарлы, органикалық заттар баршылық, кей бөлігі тұзды. Ол өңдеп тұруды қажет етеді. Топырақ бау-бақша,көкөніс, жеміс-жидек, астық және азықытқ дәндә дақылдар егуге қолайлы. Осы себепті көптеген жеке шаруашылықтар егіс алқаптарын өзенге, су жақын маңдарға және жыңғыл – шеңгел өскен тоғайлық жерлерді тазартып, өңдеп егуде. Құнарлы жерлер тоғайлық жерлерді жиі – жиі топырақ бетіндегі тұзды шайып отыру керек.
...