Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Зайсан көлінде кездесетін кейбір балық түрлерінің микробиологиялық көрсеткіштері

Автор:   •  Октябрь 20, 2021  •  Реферат  •  14,574 Слов (59 Страниц)  •  401 Просмотры

Страница 1 из 59

Зайсан көлінде кездесетін кейбір балық түрлерінің микробиологиялық көрсеткіштері

  Жоғары сапалы тағам өнімдерін шығару қазіргі дүниежүзілік   экономиканың  басты  бағыттарының   бірі   болып  саналады.  Тағам  өнімдерін шығару мен дамытудың негізгі бір саласы балық шаруашылығы болып  саналады. Бұл салада Қазақстанның балық  өсіру   мен тұтынуға   байланысты іс шаралары белгілі бір қарқынмен дамуда. Орта Азия мемлекеттерінің   арасында   балық  шаруашылығы  Қазақстанда   салыстырмалы   түрде  біршама    жоғары  деп  көрсетіледі.  Әсіресе,  адам  организміне   пайдалы әртүрлі балық  түрлерін  жасанды жолмен  өсіру жолдарымен   айналысатын   әртүрлі  көлемдегі  балық   шаруашылықтары жұмыс  жасауда.   Балықты  қолдан  өсірумен   айналысатын   шаруашылықтардың  көбі  сазан,  форель  ақ  амур, толтолобиктер, осетра,  тиляптар,  африкалық  клариялық  сомдар   және т. б. түрлерін  жоғары  сапалы  өнім алудың  көздері  ретінде  қолданады.

 Қазақстанның территориясында 40 мыңнан   астам  өзендер   мен  көлдер   бар,  осылардың  3 мыңға   жуығы  балық  шаруашылығымен  айналысады. Солардың арасынан,  Шығыс Қазақстанның ең ірі  су көздері   ретінде белгілі   Зайсан көлінде тіршілік ететін балықтар түрлері зерттеу  жұмысының   зерттеу  обьектісі ретінде алынды.  

Зайсан көлінің балықтарын аулау және өңдеумен айналысатын жеке меншіктік тұрғыда  жұмыс жасайтын  «Жайсанбалық» «Төре –Тоғам», «Рыбаки –Зайсана», «Ұлтарақ», «Дигам», «Байтоғас» балық  шаруашылық өнеркәсіптері ысталған,  мұздатылған, кептірілген балық өнімдерімен халықы қамтамасыз етеді.

Балық өндіріс   саласын белгілі  бір  бағытта   кеңейту  үшін  өте  көптеген    жағдайларды талап етеді. Олардың арасында балық өсіруге қажетті  протеиндер   мен витаминдер түрлерімен қамтамасыз ету, әлі  күнге дейін Европадан  сатылып   алынады. Сонымен  қатар, балық   шаруашылығындағы  ең басты проблемалардың қатарына балықта жиі кездесетін саңырауқұлақтар,  аэромоноз,   паразиттер мен  бактериялық  ауруларымен  күресу жолдары бұл  саладағы ең басты міндеттердің бірі ретінде қарастырылады.    

Ұсынылғaн әдiстi қoлдaну apқылы өсipуге apнaлғaн бaлық личинкaлapын бaктеpиoлoгиялық тексеpуге, сoндaй-aқ жұқпaлы aуpуды бoлдыpмaуғa бaғыттaлғaн  нақтылы шapaлap жүpгiзуге бoлaды.  Бaлық және бaлық өнiмдеpi микpoфлopaсындaғы кездесетiн сaнитapлық-көpсеткiш микpoopгaнизмдеp түpлеpiн зеpттей oтыpып, тaғaмдық өнiмде пaтoгендi немесе тoксиндi микpoopгaнизмдеp түpлеpiн aнықтayғa мүмкiндiк береді.

Зерттеу жұмысының міндеттеріне Шығыс Қазақстанның  Зайсан  көлінде   тіршілік ететін  балықтар  түрлерінің  классификациясы, түрлердің  судағы  кездесу жиіліктері,  шаруашылықта   қолдануы, қоректену   жолдарындағы   айырмашылықтар,  уылдырық   тастау   мерзімдерін  қарастыру, Зайсан көлінің   суының   сынамасын  анықтау, көлдегі  тіршілік  ететін   балықтар   арасында   кездесу жиілігі жоғары сүйекті балықтар  класына  топтастырылған   көксерке (Судак - Sander) және табан (лещ- Abramis Cuvier) балығының    микробиологиялық  көрсеткішін   лабораториялық   жағдайда  зерттеу әдістерін  әдебиеттерде берілген  әдістерді қолдану тұғысында  қарастыру.  

Балықтар (лат. Ріsсеs) -хордалылар типіне жататын омыртқалы су жануарлары. Жер бетінде балықтың 20 мыңнан астам түрі белгілі, Қазақстанда 180-дей түрі кездеседі. Бұлардың  97 - 98%-ы сүйекті балықтарға жатады, қалғандары шеміршекті балықтар топтарын түзеді. Балықтар су температурасының  -2°С-тан  +50°С аралығында тіршілік ете алады.  Кейбір   түрлері  70% тұзды суға төзімді келеді. Балықтар бір-бірінен денесінің   пішіні түсі, құрылысы, физиологиясы жағынан ерекшеленеді. Олардың дене тұрқы 1 см- ден 20 м-ге дейін болады, ал салмағы 1,5 граммнан 12 - 14 тоннаға дейін жетеді. Балықтың денесі үш бөліктен (бас, кеуде, кұйрық) тұрады.

...

Скачать:   txt (141.5 Kb)   pdf (415.1 Kb)   docx (824.4 Kb)  
Продолжить читать еще 58 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club