Жануар шикізатын өңдеу технологиялары
Автор: d_sagyndyk • Апрель 4, 2023 • Дипломная работа • 14,974 Слов (60 Страниц) • 324 Просмотры
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КЕАҚ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Айдосынова Нұрлыгүл Әлібекқызы
Жануар шикізатын өңдеу технологиялары
Мамандығы: жануарлар биотехнологиясы және биоинформатика
Астана,2023
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КЕАҚ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Айдосынова Нұрлыгүл Әлібекқызы
Тақырыбы: «Жануар шикізатын өңдеу технологиялары»
Мамандығы: жануарлар биотехнологиясы және биоинформатика
Орындаған: Айдосынова Н.Ә.
Ғылыми жетекшісі:
и.о. доцент
Қорғауға жіберілді:
Хаттама № , « » 2023 ж.
Кафедра меңгерушісі:
Норма бақылаушы:
РЕФЕРАТ
Дипломдық жұмыс 49 беттен, 1 суреттен, 1 кестеден, 49 пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Түйін сөздер: технология, өңдеу, консерв, принцип, комбинат, сұрыптау.
Зерттеу нысаны: жануар шикізатынан дайындалатын шұжық және консерві өңдеу технологиялары
Жұмыстың мақсаты: Консервілеу әдістері мен принциптерін айқындап, дайын тағамдық өнімдерді сақтау жолдарын зерделеу.
МАЗМҰНЫ |
КІРІСПЕ |
|
1.1. Ет туралы жалпылама ұғым. Еттің морфологиялық және химиялық құрамы 1.2. Дүниежүзіндегі және Қазақстандағы етті өндіру және тұтыну статистикасы |
1.3. Мал шаруашылығының қазіргі уақыттағы мәселелері |
1.4. Бұлшықет ақуыздарының құрылымы мен қасиеттері |
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ 2.1. Жануарды сою және бастапқы өңдеу. 2.2. Еттің балғындығын анықтаудағы органолептикалық және микроскопиялық әдістер |
2.3. Консервілеу әдістері мен принциптері. Тағамдық өнімдерді сақтау принциптері 2.4. Консервілеу әдістері 2.5. Консервілеудің біріктірілген әдістері. Ыстау 2.6. Ет шикізатын салқындату және жылыту арқылы өңдеу технологиялары 2.7. Ет өнеркәсібінің маңызды процестері 3. ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ 3.1. Етті өңдеудегі технологиялық үдерістер 3.2. Шұжық және консерві өндірісі |
ҚОРЫТЫНДЫ |
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР |
КІРІСПЕ
Адамның тіршілік етуінің міндетті шарты - адам ағзасы мен сыртқы орта арасында энергия мен зат алмасуы үдерістерінің жүруі. Ағзадағы клеткада, тканьдерде және органдарда күрделі заттардың түзілуі және олардың ыдырап, энергия бөлінуі үздіксіз жүріп отырады. Өзінің тіршілік ету және қызмет ету барысында адам ағзасы ішкі органдардың жұмыс істеуіне, қалыпты еңбек етуіне және дене температурасын ұстап тұру үшін энергия жұмсайды. Бұл энергия ағзадағы клетка, ткандердің құрамына кіретін күрделі органикалық заттың тотығып, қарапайым қосылыстарға ыдырауы нәтижесінде түзіледі.Осы заттардың ағзада түзілуі, яғни энергияның бөлінуі диссимиляция үдерісі деп аталады. Ол ағзадан тер, ауа және зәр арқылы шығады. Диссимиляция үдерісі адамның жылу алмасуына және еңбек етуіне жұмсалатын энергия шығынына байланысты. Диссимиляция үдерісімен бір мезгілде қорытылған тағам арқылы қарапайым заттар күрделі органикалық заттарға дейін қайта қалпына келеді.Осы қоректік заттардың жиналу үдерісі, яғни ағзада энергияның түзілуі ассимиляция үдерісі деп аталады. Бұл үдеріс ағзаны барлық қоректік заттармен қамтамасыз ететін тағамның құрамына байланысты болады. Диссмиляция және ассимиляция үдерістері өзара тығыз жүретін және зат алмасу үдерісі - метаболизм деген атқа ие үдерістер, яғни адам ағзасындағы қоректік заттар жүретін биохимиялық реакциялардың жиынтығы. Ассимиляция мен диссимиляцияның нәтижесінде ағза ескіріп тозған қажетсіз заттарды сыртқа шығарады және қызметіне қажетті қуат алады.Зат алмасу энергия шығынына және тағамның құрамына тікелей байланысты. Яғни, тағам – адамның өсуіне, денсаулығына, жұмысқа қабілеттілігіне, барлық тұрғын топтарының шығармашылық белсенділігіне, ерте қартаюдың алдын алу, ауруларды ескерту және емдеудің маңызды биологиялық факторы болып табылады. Ағзаға қажетті энергияны адам тағамдық заттарды тұтыну арқылы толықтырады. Оларға: ет, балық, сүт, жұмыртқа, жеміс-көкөністер жатады.
...