Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Биомедицина негіздері

Автор:   •  Декабрь 8, 2018  •  Контрольная работа  •  5,921 Слов (24 Страниц)  •  2,409 Просмотры

Страница 1 из 24

1.БИОМЕДИЦИНА НЕГІЗДЕРІ.АНЫҚТАМАСЫ.ПӘНІ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ.

Биомедицина – адам ағзасын оның құрылысы мен қызметін қалыпты және патологиялық жағдайда, олардың диагностикалық және емдеу әдістерін теориялық тұрғыда зерттейтін медицина ғылымының бір саласы .

Биомедицина пәні – адамның денсалығын сақтауға негізделген , биология ғылымдарынан бастау алатын медицинаның бір бағытын зерттейтін пән .

Міндеттері-денсаулық пен аурудың генетикалық және эксперименттік биомодельдерін құрастыру , жобалау . Геномды зерттеу саласында медицинаны дамытуға үлкен үлес қосатын , болашақта ұзақ ғұмырдың қыр – сырын үйрететін жетістіктерге қол жеткізу болып табылады.

Биомедицина негіздері-атомнан мультижүйелік деңгейге дейінгі математикалық және биологиялық модельдеу болып табылады.

Биомедицина нәтижелері-жаңа дәрілерді ,жасуша терапиясы үшін бағаналы жасушаларды қалыптастыруды , жекеленген аурулардың механизмдерін молекулалық деңдейде тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді.

2.ТІРШІЛІКТІҢ КРИТЕРИЙЛЕРІ .

1.Химиялық құрамының бірлігі. Барлық тірі организмдер негізінен органикалық молекулалардан тұрады:нуклеин қышқылы,ақуыздар,майлар және көмірсулар.

2.Дискреттік және біртұтастық. Кез келген биологиялық жүйе жекелеген бөліктерден тұрады, яғни дискретті болып табылады. Бұл бөліктердің өзара әрекеті біртұтас жүйені құрайды.

3.Құрылымдық ұйым.Тірі жүйелер молекулалардың хаотикалық қозғалысынан белгілі бір құрылымдарды қалыптастырады. Тіршілік иелеріне уақытында және бірізділікпен кеңістікте ұйымдастырылуы тән. Бұл өзін өзі реттейтін күрделі метеболикалық , қатаң белгіленген тәртіппен гомеостаздың яғни ішкіортаның үйлесімділігін сақтауға бағытталған.

4.Метаболизм және энергия.Тірі ағзалар қоршаған ортадан энергия және зат алмасатын ашық жүйелер.Қоршаған ортаның жағдайлары өзгерген кезде, өмірлік процесстердің өзін өзі реттеуі ішкі ортаны – гомеостаздың тұрақтылығын қалпына келтіруге бағытталған кері байланыс принципіне сәкес жүзеге асырылады.

5.Өзін өзі жаңғырту. Кез келген биологиялық жүйенің өмір сүру уақыты шектеулі. Өмірді сақтау үшін ДНК молекулаларында табылған генетикалық ақпаратты қамтитын жаңа молекулалар мен құрылымдардың пайда болуына байланысты өзін өзі жаңғырту үрдісі бар. Тіршілігін бір қалыпта ұстау үшін ДНК молекулаларындағы генетикалық ақпаратқа сай жаңа молекулалар мен құрылымдардың пайда болуына байланысты өзін өзі жаңғырту үрдісі болды.

6.Тұқымқуалаушылық . ДНКмолекуласы тұқымқуалаушылық туралы ақпаратты сқатап, оны ұрақтан ұрпаққа матрицалық репликациялану принципі бойынша береді.

7.Өсу және даму.Организмде генетикалық ақпараттың тұқымұуалауының нәтижесінде әртүрлі белгілер дамуы мүмкін.Генетикалық ақпарат жеке даму кезеңінде жүзеге асырылуы  Онтогенез деп аталады.

8.Өзгергіштік. Тұқымқуалайтын ақпараттың берілуі кезінде кейде әртүрлі ауытқулар кездеседі , олар ұрпақтың қасиеттері мен белгілерінің өзгеруіне алып келеді.

9.Тітіркену және қозғалыс. Барлық тірі заттар сыртқы әсерлерге тітіркену қасиеті арқылы жауап береді.

3.ЖАСУШАНЫҢ ҰЙЫМДАСУ ТҮРЛЕРІ .

1.Молекулалық деңгей бұл биологиялық полимердің макромолекулаларының: нуклеин қышқылдардың, полисахаридтердің, липидтердің , стероидтардың жұмыс істеу деңгейі.Маңызды процестері осы деңгейден басталады: метаболизм, энергияның трансформациясы, тұқымқуалайтын ақпараттың берілуі.Бұл деңгейді биохимия, молекулалық генетика , биофизика ғылымдары зерттейді.

2.Жасушалық деңгей бұл жасуша деңгейі . Жасуша бұл тірі құрылымдық бірлік,функционалдық бірлік,даму бірлігі.Бұл деңгейдеі цитология,цитогенетика , микробиология ғылымдары зерттейді.

3.Тіннің ұйымдасу деігейлері бұл деңгейде тірдердің құрылымы мен қызметін оқытады.Бұл деңгейді гистология және гистохимия ғылымдары зерттейді.

4.Мүшелердің ұйымдасу деңгейі көп жасушалы ағзалардың мұһүшелік деңгейі . Бұл деңгейді анатомия , физиология, эмбриология ғылымдары зерттейді.

5.Ағзалық ұйымдасу деңгейі бұл деңгей біржасушалы және көп жасушалы ағзалар деңгейі. Осы деңгейде жеке даралардың генетикалық ақпараттары көшіріледі және белгілері қалыптасады.Бұл деңгей морфология , физиология, генетика,палеонтологияғылымдарымен зерттеледі.

...

Скачать:   txt (98.9 Kb)   pdf (785.2 Kb)   docx (1 Mb)  
Продолжить читать еще 23 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club