Адам ағзасындағы кальцийдың маңызы
Автор: nurila0121 • Апрель 26, 2018 • Реферат • 5,762 Слов (24 Страниц) • 3,711 Просмотры
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Жамбыл облысы
Талас ауданы
Қаратау қаласы
Ғылыми жоба
Тақырыбы: «Адам ағзасындағы кальцийдың маңызы»
Орындаушы: Мейрамбек Қарақат
Жетекшісі: Мейрбек Н.
Қаратау қаласы – 2018 ж.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе........................................................................................................................
Бірінші бөлім «Кальцийдің адам ағзасына әсер ету мөлшерін зерттеу».....................................................................................................................4
Екінші бөлім «Ұлттық тағамдардың құрамындағы кальцийдың маңызы»............................................................................................................7
«Ағзадағы кальций тапшылығы және оның салдарынан туындайтын аурулар»..................................................................................................................11
Үшінші бөлім «Органикалық кальцийдің организмде сіңірілуі».................................................................................................................10
Қорытынды...........................................................................................................20
Пайдаланылған әдебиеттер................................................................................21
Ұсыныстар..............................................................................................................22
Кіріспе.
«Қазақстан-2030» мемлекеттік даму бағдарламасына ұзақ мерзімді стратегиясының негізгі бағыттарының бірі «Адамзаттың денсаулығын, білімін және тұрмысын жақсарту»
Оның мақсаты : салауатты өмір салтына ынталандыру, ана мен баланы
қорғау, нашақорлықпен және есірткі саудасымен күресу,темекі мен ішімдік тұтынудың алдын алу, тағамның сапасын жақсарту, қоршаған ортаның және экологияның тазалығын сақтау.
Соңғы жылдары Қазақстандағы демографиялық көрсеткіштер төмендеді.
Бала туу мен халықтың табиғи өсімі азайды, өлім мен аурушаңдық артты. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының анықтауы бойынша денсаулықты нығайту-бұл тәндік, зерделік және әлуметтік жағдайды
жақсарту арқылы жаңғырту процестерін жүзеге асыру. Ол бірінші кезекте
өмір салтына , қоректенуге , генетикалдық тұқымқуалауға , экологиялық
жағдайға , сондай-ақ денсаулықты нығайту сақшыларының қызыметіне тікелей тәуелді.
Бұл жұмыс адам денсаулығын сақтауда кальцийдің маңызын зерттеп анықтауға , сараптауға арналған.
Зерттеп-саралаудың маңыздылығы кальцийдің адам денсаулығын сақтаудағы рөлін ашып көрсету болып табылады.
Зерттеп-сарапталатын заттар адам ағзасындағы калцийдің тиісті мөлшерін анықтау.
Зерттеу материалы үшін кальцийдің биологиялық маңызы және оның тапшылығының организмге кері әсері , кальций нашар сіңірілуі себептері алынды.
Жұмыстың мақсаты – жас жеткіншектер мен оқушыларды салауатты өмір салтына ынталандыру , денсаулықты нығайтуда кальцийдің биологиялық рөлі және дұрыс тамақтанудың маңыздылығын көрсету.
Мақсатыма жетуде атқарылатын жұмыстар:
- кальцийдың адам ағзасының қышқылдық-сілтілік теңгерімін сақтаудағы рөлі ғылыми деректер жинақтау.
- кальцийдің ерекшеліктерін зерттеу.
- дұрыс тамақтану және кальцийдің теңгерімін сақтау жолдарын көрсету.
Бірінші бөлім «Калцийдің адам ағзасына әсер ету мөлшерін зерттеу»
Элементтерді тірі ағзалардағы орташа мөлшеріне қарай үш топқа бөледі.
1. Адам ағзасы химиялық элементтерді әртүрлі концентрлейді, яғни микро- және макроэлементтер мүшелер мен ұлпаларда әркелкі таралады. Макроэлементтер – көміртек , сутек, оттек, азот, фосфор – нәруыздың, нуклин қышқылдарының және ағзаның басқа да биологиялық белсенді қосылыстарының құрамына кіреді. Нәруыздардың құрамында көміртек 51 – 55%, оттек 22 – 24%, азот 15 – 20%, сутек 6,5 – 7%, күкірт 0,3 – 2,5%, фосфор шамамен 0,5%. Көміртек, сутек және оттек көмірсулардың және липидтердің (майлар), ал фосфор , фосфолипидтердің құрамында фосфатты топтар түрінде болады. Көп мөлшерде липидтер бас миында, бауырда, сүтте, және қан сұйықтығында концентрленеді.Сутек және оттек – макроэлементтері су молекуласын түзетіні белгілі , ал , ересек адам ағзасының шамамен 65%-ы су болып келеді. Су – маңызды еріткіш және ол адамның мүшелерінде , ұлпаларында және биологиялық сұйықтықтарда әркелкі таралған, асқазан сұйығының , сілекейдің, қан плазмасының , лимфаның 99,5% – дан 90% – ға дейінгі аралығын құрайды.
...