Қан топтары. Резус-фактор. Қозғыш тіндердің физиологиясы
Автор: sako32678 • Сентябрь 16, 2020 • Лекция • 2,050 Слов (9 Страниц) • 1,523 Просмотры
Тақырып: Қан топтары. Резус-фактор. Қозғыш тіндердің физиологиясы.
Тақырып жоспары:
- Қан топтары.
- Резус фактор
- Қозғыш ұлпалар физиологиясы.
- Қозғыштықтың өлшемдері
.Қан топтары.
Бағзы заманнан бері дәрігерлер жануарлардан адамға, адамнан адамға қан құюға тырысқан. Өкінішке орай, көп жағдайларда қан құю үрдісі өліммен аяқталып отырған. Қан араласқан кездегі құбылыстарды зерттеу басқа адамның плазмасына құйылған бір адамның эритроциті қанды араластырған кезде де жойылмайтын түйіршіктенген жабысулардың (агглютинация) пайда болатындығын көрсетті.
Бір адамның қанын екінші адамға алдын ала тексерусіз құюға болмайды. Мұның себебін анықтауда гетерогемоагглютинация және изогемоагглютинация құбылыстарының алатын орны ерекше. 1836 жылы Губер жануарлардың бір түрінен қан алып, оны екінші түріне (қой қанын қоянға) құйған. Осының нәтижесінде қоян қанындағы эритроциттер бір-бірімен жабысып, желімделіп қалатындығы, яғни агглютинацияға ұшырайтындығы анықталды.
1901 жылы Ландштейнер бір адамның қанын екінші адамға кұйған кезде, эритроциттердің жабысып қалатындығын, олардың жарылып, олардан гемолизин — қанды ерітетін улы заттың бөлініп шығып, гемолиздік шок жағдайына апаратындығын анықтады. Бір түрге жататын екі жануардың қанын араластырғанда да, эритроциттер агглютинациясы — желімделуі пайда болады, мұны изогемоагглютинация деп атайды. Эритроциттердің желімделу себебін Прага университетінің профессоры Ян Янский ашты. Адам қанында ерекше ақуызды заттар: эритроциттерде агглютиногендер, ал плазмада агглютининдер болады. Эритроциттерде агглютиногеннің 2 түрі — А және В, ал плазмада агглютининнің 2 түрі — грек әрпімен белгіленген α (альфа) және β (бета) болады. Бір атаудағы агглютининдер мен агглютиногендер — α (альфа) және А, β (ветта) және В кездескен жағдайда ғана агглютинация мен гемолиз үрдістері өтеді.
Адам қанында агглютиногендер мен агглютиниңдердің белгілі бір түрлерінің болуына сәйкес адам қанын төмендегідей 4 топқа бөледі:
Қан тобы
Топтар | Агглютиногендер | Агглютининдер |
0/I/ | Жоқ | α және β |
А/ІІ/ | А | В |
В/ІІІ/ | В | А |
АВ/ІV/ | АВ | Жоқ |
1-топ қанының эритроциттерінде (оны 0-топ деп атайды) агглютиногендер болмайды, ал плазмасы а және ветта деп аталатын 2 агглютининнен тұрады.
2-топ қанының эритроциттерінде (немесе А тобы) агглютиноген А, ал плазмасында агглютинин ветта болады.
3-топ қанының эритроциттерінде (немесе В тобы) В агглютиногені, ал плазмасында агглютинин а (альфа) болады.
Ең соңы 4-топ қанының эритроциттерінде (немесе АВ тобы) А және В агглютиногені, ал плазмасында агглютининдер жоқ болады. Осы топтағы қан АВО жүйесіндегі топтар деп аталады ( ноль деп оқу керек). Қан топтары ішінде 1-топты — 46% 42 %-ы, 3-топты — 9%-а, 4-топты — 3%-ы құрайды.
Бір адамның қанын екінші адамға құяр кезде, оның топтық сәйкестілігі ескеріледі. Құяр алдында донор эритроцитінің агглютиногендеріне көңіл аудару керек. Өйткені олар реципиент қанында аттас (А және альфа: В мен ветта) агглютининдермен кездесіп, желімдесуі нәтижесінде гемагглютинациялық шок болуы мүмкін. Сондықтан бірінші топтағы қанды тек бірінші топқа, екінші топтағы қанды тек екінші топқа, үшінші топтағы қанды үшінші топқа, төртінші топтағы қанды тек төртінші топқа құюға болады.[pic 1]
Қан беруші адам донор деп, қан қабылдаушы адамды реципиент деп атайды.
Эритроциттерде негізгі А және В агглютиногендерімен басқа қосымша резус фактор (Rh-фактор) деп атататын агглютиноген кездеседі. Ол алғаш рет макаки резус маймылдарының қанында анықталған. 85 пайыз адамдардың қанында резус фактор болады да, ол Rh /+/ оң деп аталады. Резус-факторы жоқ қанды резуссыз, яғни Rh – теріс деп атайды. Ол адамдардын 15%-ын құрайды. Бұл адамдардың қанында антирезус-агглютининдер болмайды. Егер резус /- /теріс қанды адамга резус /+/ оң қаңды қайта құйғанда, құйылған резус агглютиногенге адам қанында арнайы антирезус-агглютининдер мен гемолизиндер түзіледі. Бұл жағдайда бұл адамға резус /+/ оң қанды құйғанда, эритроциттердің агглютинациясы мен гемолизі жүріп гемотрансфузиялық шок дамиды. Резус фактордың жүктілік өтуінде алатын орны ерекше. Мысалы анасының қанында резус фактор жоқ, ал әкесінде ол бар болса, баласы әкесінен резус факторды мұралыққа алып, тұқым қуалауы мүмкін. Сондықтан, резус оң болады. Бала қанында резус оң агглютиноген, анасының қанында антирезус агглютининдер пайда болады. Иммундану үрдісінің баяу жүруіне байланысты бірінші баланың дені сау туылуы мүмкін. Келесі жүктілігінде анасының резус агглютининдері плацента арқылы бала қаны айналымына түсіп, эритроциттерді желімдеп оны бұзылысқа ұшыратады. Баланың іште өлуі немесе гемолитикалық сары аурумен туылуы байқалады. Толық ауыстырып қан құю арқылы баланы аман алып қалуға болады. Соңғы кездері медицинада ана мен бала арасындағы иммунологиялық сәйкеспеушілікті 93-97 пайыз жағдайда төмендетуге мүмкіндік беретін емдік әдістер жасалып кеңінен қолданылуда.
...