Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тұлға қаңқасы

Автор:   •  Октябрь 15, 2018  •  Реферат  •  1,601 Слов (7 Страниц)  •  1,517 Просмотры

Страница 1 из 7

                           

                           Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті

  РЕФЕРАТ

                     Тақырыбы: Тұлға қаңқасы

                                                                              Тексерген: Коржумбаева А.Т.

                                                                    Орындаған : Қожан Д.П.

                                                    2018-2019 ж.

Жоспары:

  • Тұлға қаңқасы
  • Омыртқа жотасы,омытқалар
  • Кеуде қаңқасы,қабырғалар,төс сүйегі

[pic 1]

Барлық омыртқалыларда тұлғаның тірек-қимыл аппаратының  элементтері және жүйке жанында орналасқан дорсалды мезодерманың бірінші сегменттерінен дамиды. Сомиттің мидиовентралды бөлігінен пайда болатын мезенхима хорда айналасында қаңқа түзілуіне қатысады, ал бірінші сегменттің ортаңғы бөлігіне келетін болсақ бұлшықеттер түзуге қатысады.Тұлға қаңқасы негізінен омыртқа жотасы, 12 жұп  қабырғалар және төс сүйегінен тұрады.Омыртқа жотасына келетін болсақ (columna vertebralis) құрылысы метамерлі болып келген, біріне-бірі жалғасып ,қысқы кеуекті сүйектерге жататын жеке-жеке сегменттерден 33-34  омыртқалардан ( vertebrae) тұратын білеміз.Омыртқа жотасы дененің тірегі болып табылады, яғни біліктік қаңқа рөлін атқарады және тағы айта кететін нәрсе ол өзінің өзегіндегі жұлынды қорғап, дене мен бас сүйектің қимыл-қозғалысына қатысады.Кез келген омыртқа денеден, доғадан және олардың аралығындағы омыртқа тесігінен құралады. Омыртқа тесіктері бір-бірімен байланысып, жалғасып ұңғыл түзеді. Осы ұңғылда жұлын орналасады.

Омыртқа жотасы атқаратын қызметіне байланысты және пішіні, орналасқан орнына қарай 5 бөлімнен тұрады.Ол бөлімдерді атап өтетін болсақ:

  • Мойын омыртқалары (vertebrae cervicales)
  • Кеуде омыртқалары (vertebrae thoracicae)
  • Бел омыртқалары (vertebrae lumbales)
  • Сегізкөз омыртқалары (vertebrae sacrales)
  • Құйымшақ омыртқалары (vertebrae coccygea)

[pic 2]

1.Мойын омыртқаларына түсетін аздау салмаққа, жүктемеге байланысты олардың денелері сәйкесінше кішілеу келеді.Көлденең өсінділері көлденең өсінді тесіктерінің (foramina processus transversalia) болуымен сипатталады, олар көлденең өсінділердің қабырға қалдығымен (processus costarius) бітісіп өсуінен пайда болады. Осы тесіктерден пайда болған өзек арқылы өтетін омыртқа артериясы мен венасын қорғайды.Көлденең өсінділердің ұштарында аталған екі төмпешік- tuberculum anterius et posterius түрінде білінеді. VI омыртқаның алдыңғы төмпешігі күшті дамыған және оны ұйқы төмпешігі деп атаймыз (tuberculum caroticum). Осы ұйқы артериясы қысып басу арқылы қан ағуды тоқтата аламыз.

VI және VII омыртқалардан басқа омыртқаларда сүйір өсінділері ұштары екіге бөлінген. VII омыртқада сүйір өсіндісі үлкен және айқындау келгендіктен оны vertebra prominens(шығыңқы) деп атаймыз, оны тірі адамнан оңай сипап білуге болады. Және осы ерекшелігі арқасында диагноз қою мақсатында омыртқаларды санау үшін пайдаланады.

I және II мойын омыртқаларының ерекше пішіні бар, бас сүйекпен қозғалмалы болып буындасуға байланысты.І омыртқада- атлантта (atlas) дененің үлкен бөлігі даму барысында ІІ омыртқаға ауысып, соған жабысып өсіп тіс – dens түзеді. Осының салдарынан атланттың тек алдыңғы доғасы қалған, бірақ алдыңғы жағынан тіспен толтырылатын омыртқа тесігі кеңейген. Атланттың алдыңғы(arcus anterior) және артқы  (arcus posterior) доғалары өзара бүйір массаларымен қосылған. Олардың  әрқайсысының жоғарғы және төменгі беттері көршілес сүйектермен буысдасу үшін керек:   жоғарғы,ойыс беті ( fovea articularis superior) қарақұстың сәйкесті буын бүртігімен буындасу үшін, төменгі жалпайған беті  (fovea articularis inferior) II мойын омыртқаларының буын бетімен буындасу үшін қажет.  ІІ мойын омыртқа-axsis (axsis латынша- білік, демек біліктік) басқа омыртқалардан атланттың денесіне ұқсас гомологиялы тіс тәрізді өсінді немесе тістің, dens болуымен аса ерешелініп тұрады.

...

Скачать:   txt (19.1 Kb)   pdf (1 Mb)   docx (704.7 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club