Краниометрия. Бас сүйектің ми және бет бөлігі индекстерін анықтау
Автор: Dilnazka • Сентябрь 27, 2023 • Реферат • 788 Слов (4 Страниц) • 289 Просмотры
Қарағанды медицина университеті
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
СӨЖ
Реферат
Тақырыбы: Краниометрия. Бас сүйектің ми және бет бөлігі индекстерін анықтау.
Дайындаған: Шмидт Даниил
Топ: 1-003
Факультет: Стоматология
Тексерген: Шапатова Г. Б.
Қарағанды 2023
Жоспар:
І Кіріспе
Бас сүйек
Краниометрия туралы түсінік
ІІ Негізгі бөлім
Бас сүйектің индексін анықтау
Бет бөлігінің индексі
Бас миының индексі
ІІІ Қорытынды
ІV Қолданылған әдебиет
Бас сүйек (cranium) тақ және жұп сүйектерден тұрады. Бұл сүйектер диплоелық, кейбіреулері - компактылы, үшіншілері - пневматикалық және төртіншілері - аралас сүйектерге жатады. дорасына проекцияланады.
Бас сүйек дамуына және атқаратын қызметіне қарай екі топ сүйектерден тұрады. Ми сауытының (neurocranium) сүйектері ми мен кейбір сезім ағзаларына қуыс түзеді. Оның күмбезі (calvaria) және негізі (basis) болады. Бет сүйектері (viscerocranium) сезім ағзалардың көп бөлігі мен тыныс алу және ас қорыту ағзалардың бастапқы бөлімдеріне қуыс түзеді. Ми сауыты 8 сүйектен тұрады: олардын екеуі жұп - төбе және самай, ал төртеуі тақ - мандай, сына тәрізді, шүйде және торлы. Бет сүйектеріне 13 сүйек жатады, олардың үшеуі тақ - төменгі жақ сүйек, кеңсірік және тіл асты сүйегі, ал алтауы жұп - жоғарғы жақ сүйек, таңдай, мұрын, көз жасы, төменгі кеуілжір бет сүйектері жатады.
Краниометрия (грекше craniometria,краниум - бас; метрия - өлшеймін ), яғни басты өлшеймін дегенді білдіреді, бастың милық және бетсүйек индекстерін анықтауға көмектеседі
Бұл көбінесе соттық медициналық экспертизада қолданылады.
Бассүйектің дамуы дененің барлық сүйектері сияқты дәнекер ұлпалы сатыдан басталады. Бастың негізіндегі сүйектер дамудың шеміршекті және сүйекті сатысынан өтеді, ал бет және бастың қақпақ сүйектері сатысынан өтпейді. Сондықтан нәресте туған кезде оның бас сүйектерінің аралығында дамудың дәнекер ұлпасы сатысының белгілері қалады. Олар баланың еңбегі (родничок, fonticulis) деп аталады.
Таксонометрия – нәсілдік типті/топшаны анықтау.
Бас сүйектерді өлшеу үшін, деп аталады краниометриялық нүктелер:
Glabella - қас жоталарының арасындағы нүкте;
Метопион – фронтальды түйнектер төбесін сагитальды тігіс сызығымен қосатын сызықтың қиылысында жатқан нүкте.
Брегма – сагитальді және корональды тігістердің түйісу нүктесі.
Ламбда – сагитталды тігістің лямбдоидты тігіспен қиылысындағы нүкте.
Инион – сыртқы желке өсіндісінің шыңы.
Базион – үлкен (желке) тесік жиегінің ортасындағы нүкте.
Gonial (Gonial\Gonion) - жақ бұрышы өзгеретін төменгі жақтың нүктесі;
Желке - желке сүйегі, көбінесе бастың артқы жағындағы ең шеткі нүктені білдіреді (Max Occipital Point);
Vertex - бас сүйектің ең биік нүктесі;
Насион - мұрын түбірінің жоғарғы нүктесі.
[pic 1]
Бойлық өлшем (ұзындығы) – маңдайдың шеткі нүктесінен (Глабелла аймағында) бастың артқы жағының шеткі нүктесіне дейін өлшенеді (Инион). (ерлер үшін 167-198 мм).
Көлденең өлшем (ені) - бас сүйегінің ең үлкен ені нүктелері арасында өлшенеді. (126-дан 153 мм-ге дейін).
Бассүйегі, жақсы сақталатындықтан, құрып кеткен нәсілдер туралы соған сүйеніп қорытынды жасауға болатын қазба материал болып табылады. Бассүйек пішіні жеке адамдарда едәуір өзгергіш келеді. Ұзындық пен ені параметрлері краниометрия мен таксонометриядағы ең маңызды көрсеткішті анықтау үшін қолданылады - цефалиялық индексті:
...