Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бас сүйектің ішкі және сыртқы негізінің анатомиясы

Автор:   •  Сентябрь 8, 2024  •  Реферат  •  1,278 Слов (6 Страниц)  •  44 Просмотры

Страница 1 из 6

         <<ҚАРАҒАНДЫ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ>> КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС      

                                             АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

                                             Морфология кафедрасы

                                      [pic 1]

     

                        РЕФЕРАТ

                                  Тақырыбы: Бас сүйектің ішкі және сыртқы негізінің      

                                  анатомиясы

Орындаған:

Топ:

Факультет: 

Қабылдаған: 

                                       Қарағанды 2023-жыл

  Бас сүйектің сыртқы негізі (basis cranii externa) алдынан бет сүйектерімен жабылған. Сыртқы негізінің бос бөлігін сына тәрізді сүйек (денесінің бөлігі, үлкен қанаттары, қанаттық өсінділері), жұп самай сүйек (пирамида, емізіктік және дабылдық бөліктері, қабыршақтық бөліктің төменгі бөлімі) және шүйде сүйек (базилярлы, латералды бөліктері. сонымен қабыршақтық бөлігі) құрайды. Сыртқы негізі тесіктер, өсінділер және жүлгелердің болуына байланысты рельефі тегіс емес. Бассүйек негізіндегі кейбір тесіктер сүйектерге тесіледі, басқалары жеке сүйектерімен, олардың қосылыстары арасында түзіледі. Бас сүйектің сыртқы негізінің артқы бөлімінің ортасында үлкен тесік (foramen magnum) орналасады, оның бүйірінде шүйделік айдаршық (condyli occipitales) бар. Әрбір айдаршықтың астында айдаршықтық шұнқыр (fossa condylaris) және тұрақсыз айдаршықтық өзек (canalis condylaris) бар. Айдаршық негізінде тіл асты жүйке өзегі (canalis nervi hypoglossi) өтеді. Үлкен тесіктің артқы жиегінен жоғары қабыршақтық бөліктің бойымен шүйденіқ сыртқы қыркасы (crista occipitales externa) көтеріледі. Қырканың оң және сол жағына төменгі, жоғарғы желкелік сызықтар (lineae nuchales inferior et superior) кетеді. Үлкен тесіктің алдында шүйде сүйектің базилярлық бөлік жатады, оның ортасында жұтқыншақтық төмпешік (tuberculum pharyngeum) бар. Оның алдында сына тәрізді сүйек денесі мен қанаттық өсінділері орналасып, мұрын қуысының хоаналарын бүйірлерінен шектейді. Шүйде сүйектің базилярлы және латералды, оң және сол жағынан самай сүйектің пирамидасы орналасады. Пирамиданың төменгі бетінде ұйқы өзегінің сыртқы тесігі (apertura externa canalis carotici), мойындырық шұңқыр (fossa jugularis), біз тәрізді өсінді (processus styloideus) біз тәрізді және емізік тәрізді өсінділер арасында біз-емізік тәрізді тесік (foramen stylomastoideum) орналасқан. Самай сүйектің пирамидасына сыртқы есту тесігі мен өтісін шектейтін дабылдық бөлік жанасады. Артынан самай сүйектің дабылдық бөлігі мен және емізік тәрізді өсінділер арасында орналасатын дабыл-емізіктік саңылау (fissura tympanomastoidea) бар. Емізік тәрізді өсінді негізінде емізіктіктік тілік (incisura mastoidea), шүйде артериясының жүлгесі (sulcus arteriae occipitales) және тұрақсыз емізіктік тесік (foramen mastoideum) бар. Самай сүйектің дабылдық және қабыршактық бөліктерінің арасында тасты — қабыршақтық саңылау (fissura petrosqamosa) бар. Ол дабылдық бөліктің фрагментімен дабыл-қабыршақтық (fissura tympanosqamosa) және тасты-дабылдық саңылауларға (fissura petrotympanica) бөлінеді. Самай сүйектің қабыршақтық бөлігіндегі бет сүйектік өсінді негізінде төменгі жақ сүйектік шұңқыр (fossa mandibularis) және оның алдында буындық төмпешік (tuberculum articulare) орналасады. Самай сүйектің қабыршақтық бөлігі мен пирамиданың арасында сына тәрізді сүйектің үлкен қанаты жатады. Үлкен қанат арқылы қылканды тесік (foramen spinosum), одан медиалды және алдында сопақша тесік (foramen ovale) жатады. Қанаттық өсіндінің табақшалары арасында қанаттық шұңқыр (fossa pterygoidea) жатады. Қанатты өсінді негізінде қанаттық өзек (canalis pterygoideus) ашылады. Самай сүйектің пирамидасы ұшының сына тәрізді сүйек денесімен және шүйде сүйектің базилярлық бөлігімен байланысқан жерінде жиектері тісшеленген тесік жыртық тесік (foramen lacerum) түзіледі. Жыртық тесік аймағына ұйқы өзегінің ішкі апертурасы, бұлшықет- түтік және қанаттық өзектер ашылады. Самай сүйек пирамидасының мойындырық тілігі мен шүйде сүйектің мойындырық тілігі арасында мойындырық тесік (foramen jugulare) түзіледі, ол арқылы бас сүйектен ішкі мойындырық тамыры, тіл-жұтқыншақ (ІХ жұп), кезбе (Х жұп) және қосымша (ХІ жұп) жүйкелер шығады. Самай сүйек пирамидасы шүйде сүйектен тасты — шүйделік саңылау мен (fissura petrooccipitales), ал сына тәрізді сүйектің үлкен қанатынан сына-тастық саңылауымен (fissura sphenopetrosa) бөлінген.

...

Скачать:   txt (14 Kb)   pdf (190.7 Kb)   docx (90.1 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club