Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бас сүйектің рентгенанатомиясы

Автор:   •  Ноябрь 21, 2021  •  Реферат  •  6,611 Слов (27 Страниц)  •  392 Просмотры

Страница 1 из 27

Қарағанды медицина университеті[pic 1]

Морфология және физиология кафедрасы

 

 

 

СӨЖ

Бас сүйектің рентгенанатомиясы

Орындаған: Еренғайып.Е.Б

                                               Топ: 1-009 Жалпы медицина

                      Қабылдаған: Қоржумбаева.А.Т

                                       

                       Қарағанды 2021

     [pic 2]                     


Бас сүйек cranium тақ және жұп сүйектерден тұрады. Бір сүйектер диплоеттық, кейбіреулері компактылы, үшіншілері пневмалық және төртіншілері аралас сүйектерге жатады. Бас сүйек дамуына және атқаратын қызметіне қарай 2 топқа бөледі. Ми сауыты neurocranium ми және сезім ағзаларымен байланысы. Күмбезі calvaria  және негізгі basis болады. Бет сүйектері viscerocranium сезім ағзалардың көп бөлігі мен тыныс алу және ас қорыту ағзалардың бастапқы бөлімдеріне қуыс түзеді. Ми сауыты 8 сүйектен тұрады: олардың екеуі жұп – төбе және самай , ал төртеуі тақ – маңдай , сына тәрізді , шүйде және торлы. Ал бет сүйектеріне 13 сүйек жатады , олардың үшеуі тақ – төменгі жақ сүйек, кеңсірік және тіл асты сүйегі , ал алтауы жұп – жоғарғы жақ сүйек , таңдай , мұрын , көз жасы, төменгі кеуілжір бет сүйектері жатады. Ми сауытының күмбезін құрайтын сүйектердің компакты затының сыртқы және ішкі табақшалары және олардың арасында орналасатын кеуекті заты – диплоэ diploe бар. Ол диплоелық тамырлыр өтетін диплоелық өзектермен тесілген. Күмбездің сыртқы табақшасы lamina externa тегіс, сүйек қаппен periosteum жабылған. Ішкі табақшаның lamina interna сүйек қабы болып, мидың қатты қабығы саналады. I және II желбезек доғаларында дорсалды және вентаралды бөліктерін ажыратады. I доғаның дорсалды бөлігінен жоғарғы жақсүйек дамиды, ал I доғаның вентралды бөлігі төменгі жақсүйектің дамуына қатысады. Сондықтан бірінші доғада trocessus maxillaris және processus mandibularisті ажыратады.

Шеке сүйегі, os parietale , жұп, бас сүйектің қақпағының ортаңғы бөлігін түзеді. Оның төрт жиегі көрші сүйектермен байланысуға қымет етеді, атап айтқанда: алдыңғы жиегі маңдай сүйегімен, margo frontalis, артқы жиегі – шүйде, margo occipitalis, медиалды жиегі – басқа жағының аттас сүйегімен, margo sagittalis және латералды жиегі самай сүйегінің қабыршағымен margo squamosus бекітілген. Алғашқы үш жиегі кетіктелген, ал соңғы жиегі қабыршақты жік түзуге бейімделген

Маңдай сүйегі, os frontale, тақ, бас сүйек қақпағын түзуге қатысады, дәнекер тіннен дамитын оның жабын сүйектеріне жатады. Ол сезім ағзаларымен байланысқан яғни иіс сезу және көру. Осы қос қызметіне қарай екі бөлімнен тұрады: вертикалды қабыршақтан, squama frontalis және горизонталды бөлімнен тұрады. Соңғы бөлім есту және иіс сезу ағзаларына қатысатын сәйкес жұп көз бөлігіне pars orbitalis, және тақ мұрын бөлігіне, pars nasalis, бөлінеді. Нәтижесінде маңдай сүйегін 4 бөлікке ажыратады:                                                             1. Маңдай қабыршағы, squama frontalis. Кез келген жабын сүйек сияқты табақша тәрізді, сырт жағынан дөңес те, ал іш жағынан ойыс. Тіпті ересек адамда да сыртқы бетінде, facies externa байқалатын екі сүйектену нүктесінен екі маңдай төмпешігі, tubera frontalia, түрінде сүйектенеді. Ал қабыршақтың төменгі жиегі көзұя үсті жиегі, margo supraorbitalis, деп аталады. Осы жиектің ішкі және ортаңғы үштен бір бөліктерінің шекарасында көзұя үсті ойығы incisura supraorbitalis, аттас артериялар мен жүйке өтетін жер орналасқан. Көз үсті жиегінен жоғары жалғаса үлкен – кішілі мен ұзындығы тым өзгермелі қыраттар қас үсті доғашықтары, arcus superciliares, байқалады, олар медиалды түрде орта сызық бойымен біршама күшейетін алаңқайға, glabella, айналады. Көзұя үсті жиегінің сыртқы ұшы бет сүйегімен байланысатын бет өсіндісіне, processus zegomaticus, айнала созылады. Осы өсіндіден жоғары қарай айқын байқалатын самай сызығы, linea temporalis шығады, ол қабыршықтың самай бетін, facies temporalis, шектейді. Ішкі бетінде, facies interna, орта сызық бойымен артқы жиектен жүлге, sulcus sinus saggittalis superioris, өтеді, ол төменгі жағында маңдай қырқасына, crista frontalis, айналады.                                                                     2,3. Көз бөліктері, partes orbitales, төменгі ойыс бетімен көз шарасына, жоғары бетімен бас сүйек  қуысына қараған, ал артқы жиегімен сына тәрізді сүйекпен байланысқан, горизанталды орналасқан екі табақша. Жоғарғы ми бетінде мидың іздері – impressions digitatae орналасады. Төменгі бет, facies orbitalis көз шарасының жоғарғы қабырғасын құрайды және көздің қосалқы тесіктерінің жанасқан іздері болады, бет өсіндісінде – көз жас безі шұқыршағы, foss glandulae lacrimalis, incisura supraorbitalis жанында – fovea trochlearis және кішкентай қылтанақ, spina trochlearis, бұл жерде көз бұлшықеттері сіңіру үшін шеміршекті блок бекиді. Көз бөліктерінің екеуі де бір – бірінен тұтас бас сүйекте тор сүйекпен толтырылатын ойықпен, incisura ethmoidalis, бөлінген.                 4. Мұрын бөлігі, pars nasalis, орта сызық бойымен тор ойықтың алдыңғы бөлігін алып жатады. Мұрын пердесінің түзілуіне қатысатын сүйір өсіндісімен – spina nasalis, аяқталатын қырқашық байқалады. Олардың алдынғы жағында қас үсті доғашықтарының арт жағында сүйек қабатында орналасқан және үлкен кішілігі тым өзгермелі қуысқан маңдай қуысына, sinus frontalis, келетін тесік. Ауасы бар маңдай қуысы әдетте пердемен, septum sinuum frontalium, бөлінген.

...

Скачать:   txt (65.6 Kb)   pdf (630.4 Kb)   docx (506.6 Kb)  
Продолжить читать еще 26 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club