Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жасанды мүшелердің пайда болу тарихы

Автор:   •  Сентябрь 16, 2019  •  Реферат  •  2,921 Слов (12 Страниц)  •  900 Просмотры

Страница 1 из 12

Жоспар:

 I.   Кіріспе 

                   1. Жасанды мүшелердің пайда болу тарихы.

 

          II.  Негізгі бөлім:

2.1   Жасанды жүрек тарихы.

2.2   Бүкіл жүрек орнындағы сол жақ қарынша.

2.3   Иммундық сәйкессіздікті жою.

2.4   Тамаша тері.

  1. Қорытынды.

  1. Пайдаланылған әдебиеттер

                          Жасанды мүшелердің пайда болу тарихы.

           “Алмастырушы бөліктерді” – табиғи мүшелердің алмастырушыларын жасауды -  адамдар өте ертеден – ақ біліп, үйренуге тырысқан. 2000 жыл бұрын грек тарихшысы Геродот өзінің тұтқыннан қашу кезінде бекітілген табанын кесіп тастап, құтылғаннан кейін соғыс туралы және одан кейін көп жылдар бойы ағаш аяқпен жүргендігі жайлы әңгіме айтты. Ал Италия қаласы Капуида жүргізген қазбалар кезінде археологтар римдік легионердің 1500 жыл бұрынғы шайқастардың бірінде айрылған аяғын бронзадан жасалған аяққа алмастырылғанын көрді.

             Орта ғасырларда жасанды аяқ – қолдарды – протездерді қозғалатындай етіп жасай бастады. Протездің жеке бөліктері шаркирлермен біріктіріліп, дененің сау бөліктері бұлшықеттермен және рычагтармен, ленталық тартпалар жүйелерінің көмегімен қозғалысқа келетін.

             Жасанды қолды бүгу үшін иықтың және тұлғаның бұрылуларын жасау қажет болатын. Мұндай протездерде тек сүйек – буындық құрал – жабдық қана жұмыс істейді. Бұл протездерде өзіндік қозғалыс көзі – бұлшықеттер, басқарушы және сезімтал жүйкелері болмайды.

             Жасанды бұлшықеттер кейіннен пайда болды. Бшл салмағы 50 – 100 г аккумуляторлық батареялардан қоректенетін, аталып кеткен салмақты, кішігірім электр қозғауыштары. Бұл батареяларды бір тәуліктен соң зарядтап отырады. Бірақ, өзіндік энергия көзі жасанды аяқ – қолды “өзіндік” ете алмайды. Жасанды аяқ – қолды басқару - кез – келген машинаны басқару сияқты көзге көрінбейтін жерде, мысалы, табан астында орналастырылған пернелер немесе батырмалар көмегімен жүзеге асады. Яғни жұмысты аяқ атқарады.

              Жасанды органдармен алмастыру бойынша тәжірибелер екі – үш жыл бұрын екі медициналық мекемелерде – Гарвард медициналық мектебінің және Бостондық аурухананың ұлпалық инженерлігінің лабороториясының мамандарымен басталған еді. Бұл уақытқа дейін мамандар алты иттің несеп жолдарын сәтті алмастырған еді. Жасанды мүшелерді болашақта қолданатындай етіп өсіру технологиясы келесіге негізделеді: ең алдымен табиғи ұлпалардың жасушаларының “үлгілері” алынып, одан кейін олар арнайы қоректік орталарда өсіріледі. Қажетті қалыпқа келтіру үшін полимерлі шарлар қолданылады. Көп тәжірибелерге қатысқан дәрігер Энтони Аталдың (Anthony Atala) көзқарасы бойынша бұл әдістеме қазіргі уақытқа дейін жақсы игеріліп, енді бұл тәжірибе адамдарға қолдана бастау керек деген пікір айтты. Бұл пікірге күәлік ит ағзаларындағы жасанды мүшелердің дұрыс қызмет атқара бастауы еді. Басқарма саласында қазіргі зерттеулерде азық – түлік өкілдерін және дәрі – дәрмек алуға, (FDA) клиникалық тәжірибелер жүргізуге сәйкес рұқсаттама алу керек.Бұл рұқсаттама қағазын алғаннан кейін жасанды несеп жолдары бойынша операцияларға бет алуымызға болады. Егер осы жасалған операция сәтті өтсе, болашақта Энтони Атал жасанды бүйрек және жүрек бұлшықеттерін алмастыру жұмыстарын жоспарлаған.

                                       

                                       Жасанды жүрек тарихы.[pic 1]

            Пациенттің ауру жүрегін алмастыру мүмкіндігі туралы бірқатар дәрігерлер армандаған еді. Бір қарағанда өте жеңіл, жүрек орнына қан айналымы үшін сорғыш орнату идеясы (насос) 19 – ғасырдың басында – ақ айтылғанымен, өте көп уақытқа дейін қолға алынбайкелк берді. Қадамнан – қадам баса отырып, біздің атақты хирург Борис Петровскийді ңсөзімен айтқанда көптеген өліктер “таулары” арқылы медицина адам ағзасының “асылдарының асылдарына” жақындай бастады. Бұған тек ашық жүрекке операциялау техникасын меңгеріп, жүректің жасанды клапандарын жасап, кардиостимуляторларда импланттауды үйрену арқылы ғана жеттік. Жүректі алмастыру – бұл үлкен жаңалық болды, бірақ ол барлық жаңалықтарды шешкен жоқ. өйткені мәселе донорлық мүшелердің жетіспеушіліктері және иммуносупрессиялардың қажеттілігі және науқастардың төзе алмауы мұндай операциялардың санын шектеді.

...

Скачать:   txt (25.7 Kb)   pdf (164.5 Kb)   docx (23.5 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club