Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ясауи мұрасына қатысты халықаралық ғылыми конференция өткізу мәселесі жөнінде

Автор:   •  Сентябрь 15, 2024  •  Доклад  •  419 Слов (2 Страниц)  •  31 Просмотры

Страница 1 из 2

Ясауи мұрасына қатысты халықаралық ғылыми конференция өткізу мәселесі жөнінде

Бүгінгі тарихи танымымыз тұрғысынан өткен шаққа үңілетін болсақ, түрік халқының мұсылмандық мәдениетінің бастауы Қожа Ахмет Ясауи есімімен тығыз байланысты. Сол себепті Қожа Ахмет Ясауи мұрасын тану Исламның Орталық Азиядағы тарихи маңызы мен түрік мұсылмандығын тану дегенмен пара-пар ұғым. Ал түрік мұсылмандығын тану болса Исламның әлемдегі өзіндік бір мәдени-рухани орнын, оның айрықша өркениеттік бағдарын бағамдау болмақ. Ясауи мен Ислам аты қатар аталғанда ойымызға бірден сопылық ілімі оралады. Түрік мұсылмандығының қайнар көзі Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасынан нәр алып сусындайды. Сол себепті сопылық ілімі мен Исламды түрік халқының салт-дәстүрімен үйлестіре білген ұлы шайқы, түрік мұсылмандығын теориялық һәм практикалық тұрғыдан негіздеуші деуге толықтай негіз бар.

Ахмет Ясауи дегенде Түркістан қаласын айтпай өтуге болмас. Ясауидің тілімен айтар болсақ «Құл Қожа Ахмет есімім, Түркістан-дүр менің елім» дегендей, Түркістан қаласы бүгінде Ясауи мұрасының алтын бесігіне айналып, түрік халықтарының рухани астанасы мәртебесіне ие болды. Бүгінде Орталық Азия деп атайтын ұлан-ғайыр аймақтың рухани күре тамыры – Түркістан қаласы екендігіне ешкім дау айта алмайды. Түріктердің Исламмен танысқан, оны өз мәдениетің бір бөлшегі ретінде қабылдаған қасиетті мекен. Ясауи осы алып аймақтың ағартушысы, рухани  көсемі болған тұлға.

Қожа Ахмет Ясауи Қарахандықтар кезеңінен бастап қалыптасып, ХVI ғасырда шарықтау шегіне жеткен түрік-ислам өркениетінің өне бойында өшпес із қалдырды. Оның осы ерен еңбегін әрқашан есте сақтап, ұлықтауымыз, ғылыми тұрғыда зерделеп отыруымыз қажеттік. Ахмет Ясауидің хикметтері оқыған сайын тереңдей беретін түпсіз тұңғиық тәрізді терең дәрия. Ғұлама сопылық ілімін шариғат, тариқат, мағрифат және хақиқат шеңберінде негіздеп, Исламның Түрік топырағына жерсінуіне үлкен рухани еңбек сіңірді.

Ясауи ілімінде ғалым болу критерийі ақыл мен жүректі тең ұстаудан басталады. Бұл қазақтың бас ақыны, ойшыл Абай ұстанған жол екені белгілі. Абайдың «...Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден ерек...» деп келетін өлең жолдары Ясауи мұрасымен арадағы рухани сабақтастықты көрсетеді. Бұл біздің бүгінгі танымымыз, руханиятымыз тұрғысынан аса өзекті мәселе. Қорытындылайтын болсақ Қожа Ахмет Ясауи түрік халқының мәдениетімен Ислам дінін синтездеген ғұлама. Оның еңбектерінің нәтижесінде түрік айдентикасы қалыптасты деуге болады.

...

Скачать:   txt (6.1 Kb)   pdf (81.8 Kb)   docx (8.8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club