Философия пәнінің маңызы
Автор: akirachan • Сентябрь 27, 2022 • Эссе • 384 Слов (2 Страниц) • 383 Просмотры
Философия
Философия- пәні адамзаттық қасиеттер,рухани мәдениет,адамның жан дүниесіндегі көп адамға айта алмайтын ойлары,мәселелері. Философтар дүниеде болып жатқан,көп адам мән бермейтін, байқамайтын, адамның жан дүниесі күресетін мәселелер қаралып,жауабы ізделеді. Мұндай мәселерді байқай білу, ойлану, шешуге тырысу адамның өмірі үшін өте қажет. Философиялық мәселелермен көп адам кездеседі,басынан өткізеді. Әрбір адам өмірге әр қалай қарайды, көзіміз көріп жүрген, күн сайын болып жатқан жағдайларды басқаша қабылдайды, басқаша көреді. Яғни, мен ұшып жатқан құсты көрдім делік, менің ойыма бірінші бостандық, қанаттың жайылып, желдің қанатына сезіліп тұрған сезімі, сенің ешкімге бағынбайтының ды көрсетеді. Ал оны басқа адамдар басқаша көреді.
Философия пәнінің басты мақсаты өз ойыңды жеткізе білу,философиялық мәселелердің шешімін табу. Туылған кезден әрбір адамда өзіне тән ойлар қалыптасады. Ол ойлардың өзін шығару,біреуге айтудың өзі қиын. Кейбір адамдар үшін ойланудың өзі, не ойланып тұрғаныңды түсінудің өзі қиын. Адамдар өз жаның түсіну, дүниені түсіну,қабылдау осы мәселердің жауабын бірге философияда таба аламыз. Философия адамдардың ойынан құрылған. Философия пәні қаншама жылдардан бері дүниенің мәселелерін зерделеп келе жатыр. Әрбір адамның жан дүниесі, ішкі сезімі, оны ары қарай болашақ өміріне жеттелейді.
Философия сабағынан мен өмір мен адамның ішкі сезіміндегі тепе-теңдікті күтемін. Адамның өмірі адамды бір жолға адастырмай, ішкі әлемі басқа жерге апармауы үшін бірдей тепе-теңдік керек. Адам өзің таба білуі, не қалайтынын білуі үлкен ерлік. Адамның өмірден адасуы, қате таңдау жасауы, өкініш жанын қинауы адамның өзін жоғалтуына апарады. Егер тепе-теңдік сақталса, адамның ең үлкен жетістігі, нақ қадамын басып, оңайлықпен берілмейтін болады.
Философия кеңейтілген ғылымды, әлем мен қоғамның барлық заңдарын, түсіну, қабылдау туралы зерттейді. Бәрімізді мазалайтын «Мен не үшін өмір сүремін?» «Не зат жаман,ал жақсы?» деген сұрақтар философияның бастауы. Неше түрлі ойлар бізді мазалауы мүмкін, оны ойлап ойға батып кетеміз, осы әлемнен жылжып, басқа әлемге сапар шекендей боламыз. Өз сезімімізді түсінбей, не қалайтынызмызды білмей, таңдауда қиналатын кезімізде көбісінің айтатыны кітап оқы. Кейбіреулер айтқанға құлақ салып кітапты оқиды, ал кейбіреулер оны тыңдамайды. Кітапты оқыған кезде байқалады, біз күнделікті өмірде ойламайтын нәрселерді байқап,әлемді басқалардың көзімен көре бастаймыз. Шығармашылық әлемге деген көзқарасынды мәдени түрде жеткізе білудің жолы.
...